Ақылды егінші Бір күні патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 теңге үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтыннан көп еді. Егінші, патшаның таң қалғанына қарап:
–Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін, – дейді.
– Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын, – дейді.
Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңіл диқан күлімсіреп былай дейді:
– Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенім, бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, – дейді.
Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алады.
Балалары да ер жеткен соң білімді, ақылды азаматтар болып, халқына қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіп, егіншінің үмітін ақтапты.
Сұрақтар: Егінші ақшасын қалай жұмсайды?
Егіншінің бойынан қандай адамгершілік қасиеттер бар?
Патша не үшін риза болды?
Егіншінің балалары үмітін ақтады ма?
Ата-аналар алдындағы парыздарыңды орындап жүрсіздер ме?