Пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу үдерісінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Академиялық тәртіп ережелері:
студент әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуы керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс;
орындайынтын тапсырмалар пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі;
тапсырмалар әдістемелік кеңестер негізінде, белгіленген формаға сәйкес, мерзімінде орындалуы керек; барлық тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады;
сабаққа кешігуге, себепсіз сабақтан қалған жағдайда оны өтеу қажет болады.