Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет13/66
Дата20.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#154139
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
Байланысты:
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

3.5 Апелляция рәсімі
Емтихан нәтижелерінің апелляциясына студенттердің өтініштерін деканаттар емтихан күні қабылдайды. Деканаттар студенттердің өтінішін, жауап картасын (компьютерлік тестілеу жағдайында) және немесе жауап парағының көшірмесін (жазбаша немесе ауызша емтихан жағдайында) және/немесе емтиханның бейнежазбасын (онлайн емтихан өткізілген жағдайда) тиісті кафедраның апелляциялық комиссиясына тапсырады және қарайды. Апелляцияның нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда апелляциялық комиссияның шешімі көрсетіледі, содан кейін барлық құжаттар апелляцияның нәтижелерін бағалаудың электрондық базасына енгізу үшін тіркеуші кеңсесіне беріледі.
Компьютерлік тестілеу нысанында өткізілетін емтихан нәтижелерінің апелляциясын «Платонус» АЖ-да ресімдеуге болады. Ол үшін студент «Платонус» АЖ-ге «Апелляция» модулі арқылы жүгінгісі келетін сұрақтар шеңберін анықтайды және деканатқа тиісті өтініш жасамай-ақ жүйе арқылы жібереді. Деканаттар емтихан сессиясы ішінде «Платонус» АЖ-ға берілетін апелляцияларды қадағалайды және олар болған жағдайда басып шығарады және оларды тиісті кафедраның апелляциялық комиссиясына береді. Апелляция нәтижелері тікелей «Платонус» АЖ-дан басып шығарылған апелляциялық параққа енгізіледі және оған апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Қол қойылған апелляциялық парақтар апелляция нәтижелерін бағалаудың электрондық базасына енгізу үшін тіркеуші кеңсесіне беріледі.
4. Курс саясаты
4.1 Күндізгі нысанда оқу кезінде

  1. Аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу және дәрістерде, семинар сабақтарда, ОСӨЖ сұрақтарды талқылау.

  2. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестелерін сақтау.

3. Бақылаудың барлық түрлеріне міндетті түрде қатысу (дәрістерге және семинар сабақтарға бақылау, СӨЖ тапсырмаларын орындауға бақылау, шептік бақылау, қорытынды бақылау).
4. Прокторинг жүйесін қолданып, онлайн форматта өткізілетін, пән бойынша межелік және қорытынды бақылаудан өту.

  1. Орынды себеп бойынша (медициналық анықтама, деканаттың босатуы) жіберген сабақтарды, силлабусқа сәйкес толық көлемде жұмыспен өтеу.

  2. Студент студенттің ар-намыс кодексін, оқу тәртібін сақтауы, сабақ уақытында ұялы телефонын өшіруі, сабақтан кешікпеуі және сабаққа іскерлік киімде қатысуы тиіс.

  3. Бақылау (ағымдағы, межелік, аралық) уақытында көшіру және/немесе ұялы телефон байланыс құралдарын пайдалану деректері анықталса баға жойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет