Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет1/66
Дата20.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#154139
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет







  1. Пән сипаттамасы

«Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқыту арқылы тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігі жетілдіріледі, лексикалық сөздік қоры артады, грамматикалық білік-дағдылары қалыптасады, қазақ тілі грамматикасын меңгереді.


«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты: «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешенін орыс аудиториясында оқыту кезеңінде функциональды-жүйелік әдісті қолдану мақсат етілген.
Бұл – белсенді коммуникативтік (қатысымдық), тәжірибелік бағыт, сөйлеу әрекетінің барлық түрін өзара сабақтастыра оқыту, тілдік материалдарды функционалды (қолданымдық) жүйемен іріктеп, ыңғайлап меңгерту, жеңілден күрделіге қарай принциптерін жүзеге асыру, ең бастысы, заман талабына сай оқыту.
«Қазақ тілі» пәнінің коммуникативтік мақсаты: студент қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет-дағдыларын қалыптастырулары тиіс.
Танымдық мақсаты: жан-жақты білімді игеріп, дүниетанымдық ой-өрісін дамытуды қазақ тілінде меңгеру.
Тәрбиелік мақсаты: студенттің жалпы тұлғалық әдебін, мәдени деңгейін көтеру, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшелігіне мән беріп, құрметтеуге бағыттау.
Міндеттері:

  • тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту;

  • лингво-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру;

  • әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру;

  • когнитивтік құзыреттілікті қалыптастыру;

  • қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыру;

  • кәсіби бағдарлы құзіреттілікті қалыптастыру.

Оқу нәтижелері (құзіреттері):
А. Тіл үйренуші жеке дара, топтық және ұжымдық бірлестікте жұмыс істей отырып, мемлекеттік тілді қарым-қатынас құралы ретінде еркін қолдана алады.
В. Қазақ тілінде жарияланған БАҚ, интернет сайт материалдарымен түпнұсқада танысып, түрлі мәселелерге қатысты өзіндік ой-пікірлерін, ұстанымдарын қазақ тілінде толық жеткізеді.
С. Тіл үйрену процесін тежейтін психологиялық кедергілерді жеңе отырып, сәйкестендіруге, талқылауға, қайта қарауға, түсіндіруге, әңгімелеуге берілген тапсырмаларды түсініп орындайды. Қазақ тілінде сөзжұмбақтар құрайды, эссе жазады, өзі, отбасы, достары туралы еркін әңгімелейді.
D. Мемлекеттік тілде ауызша және жазбаша нысанда грамматикалық білімдер мен сөйлеу құралдарын пайдалана отырып, тұлғааралық, мәдениетаралық коммуникацияларды жүзеге асырады. Қарым-қатынас жағдайына сәйкес тиісті ақпараттарды талдайды. Ұсынылған ғылыми еңбектерден қажетті дәйексөздерді алып, тақырыпқа қатысты сәйкестендіреді, ақпараттар мен мәліметтерді жүйелейді. Интернет-ресурстардан тақырыпқа сай тиісті ақпараттарды іздеп, сақтап, өңдеп қолданады.
E. АКТ, Бұлтты және мобильді сервистер түрлерін пайдалану арқылы интернет-ресурстардан алынған оқу материалдарын (фактілерді, тарихи материалдарды, мәліметтерді, ақпараттарды т.б.) талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, тиісті ақпараттарды дәйектер мен себептерге сәйкес жіктейді, саралайды. Пән негізінде қамтылатын жаңа материал бойынша сұрақтарды студенттің өзі құрастырады және оны белгілі фактілермен, ережелермен сәйкестендіріп, тиісті материалдарды жинақтап, өз ойын ұсынады.
F. Тақырыпқа қатысты берілген мәтіндердегі негізгі ойды тұжырымдап, жоспар, жоба әзірлейді. Тиісті тақырып бойынша материалдарды жинақтап, сұрақтарға жауап береді. Өзіндік дәлелдемелер мен салыстырулар негізінде қорытындылар жасайды. Сабақ барысында «Рефлекция» әдісін қолдану арқылы сабақты және өздерін бағалайды.
G. Тақырыпқа қатысты берілген мәтіндердегі аударып, тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап бере алады.
H. Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің мағынасын ұғыну.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет