Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет53/66
Дата20.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#154139
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
Байланысты:
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Қазақстан Қарулы күштері» тақырыбында презентация жасау
2. «Ел қауіпсіздігі – ең басты мәселе» тақырыбында пікіралмасу
3. Тақырыпқа қатысты глоссарий құрастыру
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Қазақстан Қарулы күштері» тақырыбында презентацияны қорғау
2. «Ел қауіпсіздігі – ең басты мәселе» тақырыбында пікіралмасу
3. Тақырыпқа қатысты глоссарий құрастыру, жаттау


1-тапсырма. Мәтінді оқып, сөздікпен аударыңыз.


Қазақстанның Қарулы Күштері


Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:

  • әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;

  • әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;

  • маңызды әскери нысандарды күзету;

  • елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;

  • халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.

Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет