1
|
Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы.
|
Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы.Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез тұжырымдамасы.
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).
|