1.1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
«Әлеуметтану» және «Саясаттану» курстарының қазіргі қоғамдағы адамдардың өмірі туралы ұйымдастырылған, тексерілген білімдерді білдіруімен, қоғамдағы экономикалық өзгерістердің негізінде туындайтын әлеуметтік теңсіздікті, қақтығыстарды, әлеуметтік және саяси топтар арасындағы қайшылықтарды зерттеп, түсіндіруімен өзекті. Әлеуметтану/Саясаттану пәндерін оқытудың мақсаты студенттер бойында әлеуметтанулық, саясаттанулық теориялардың дамуы, әлеуметтанулық зерттеулерді практикалық тұрғыдан қолдану және оның әдістері, негізгі саясаттанулық теориялар және олардың қолданылуы сияқты алғашқы жүйелендірілген түсініктерді қалыптастыру.