Әдістемелік нұсқау: Жаңа отбасылық түрлер және қоғамдық пікірталас, Қазақстанда гендерлік саясаттың дамуы тақырыбының аясында дебат өткізу. Тапсырманы орындау барысында отбасының нарық жағдайындағы проблемаларына мән беру керек. Студенттер осы мәселенің мән жайын ұтымды талдап, ғылыми тұрғыдан өз көзқарастарын қисынды қорғау үшін отбасы, отбасының түрлері, неке, некенің түрлері, гендер, гендерлік саясат ұғымдарына мән беруі керек. Тапсырма талқылау формасында өтеді.
Әдебиет 1. Бринкерхоф Д. Әлеуметтану негіздері : оқулық / Д. Бринкерхоф. - Д.Уейтс,С.Ортега. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 464 бет.
2. Ритцер Д. Әлеуметтану теориясы : оқулық / Д. Ритцер. - Д.Степницки. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 856 бет.
3. Социологические и аналитические исследования по вопросам языковой политики в республике Казахстан : социальное исследование. - под ред.Комитета по развитию языков Министерства культуры и спорта Республики Казахстан. - Астана : ТОО Сана, 2018. - 145 с.