Тақырып 11.Саяси элиталар және саяси көшбасшылық
Сағат саны: 1
Тақырыптың жоспары: 1.Элиталардың негізгі теориялары.
2. Саяси элита түсінігі.
3. Саяси көшбасшылықтың қазіргі теориялары.
Дәріс тезисі: Элиталардың негізгі теориялары: Г.Моска мен В.Паретоның элитаның классикалық теориялары, демократиялық элитизм (М.Вебер) мен элита плюрализмі (Г.Лейпхарт, Р.Даль) концепциялары.
Саяси элита түсінігі. Қоғамға әсер ету көздері бойынша саяси элиталардың жіктелуі: (мұрагерлік, құндылықтық, биліктік, функционалдық), қалыптасу тәртібі бойынша (ашық және жабық). Элиталардың айналымы заңы. Саяси элитаның құрылымы (жоғарғы және орта). Саяси элиталарды таңдау жүйелері. Қазақстан Республикасындағы саяси элиталардың қалыптасу ерекшеліктері.
Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары. Саяси көшбасшылықтың қазіргі теориялары. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі. Саяси көшбасшылықтың сипатын айқындайтын факторлар. Саяси көшбасшылықтың дамуындағы жаңа үрдістер.