Тақырып 1. Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
2. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы.
3. Макро , микро және теориялық пен қолданбалы әлеуметтану.
4.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары.
5.Әлеуметтанудың әдістемесі.Әлеуметтік факт ұғымы.
Әдістемелік нұсқау:Студент ең алдымен сабағына дайындалғанда берiлген әдебиеттердi саралауы тиiс және практикалық сабақтың жоспары бойынша әрбiр сұрағына жеке тоқталып, дайындалуы қажет. Терминдермен танысу керек. Әлеуметтану пәнінің түсiнiгi мен мақсаттарын, функциялары, әдiстерi және нысандары жүйесiнiң даму кезеңдерiн қарастыруы қажет.
Әдебиет: 1. Бринкерхоф Д. Әлеуметтану негіздері : оқулық / Д. Бринкерхоф. - Д.Уейтс,С.Ортега. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 464 бет.
2. Ритцер Д. Әлеуметтану теориясы : оқулық / Д. Ритцер. - Д.Степницки. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 856 бет.
3. Социологические и аналитические исследования по вопросам языковой политики в республике Казахстан : социальное исследование. - под ред.Комитета по развитию языков Министерства культуры и спорта Республики Казахстан. - Астана : ТОО Сана, 2018. - 145 с.