Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Неке және отбасы ұғымдарының анықтамасы.
2.Некелік-отбасылық қатынастардың тарихи типтері және түрлері.
3. «Жыныс» және «гендер» ұғымдары.
Әдістемелік нұсқау:Студент ең алдымен сабағына дайындалғанда берiлген әдебиеттердi саралауы тиiс және практикалық сабақтың жоспары бойынша әрбiр сұрағына жеке тоқталып, дайындалуы қажет.
Отбасының пайда болуы мен эволюциясы туралы білім беру, қазіргі заманғы отбасының ерекшеліктерін сипаттау, алынған білімдер бойынша білім мен дағдыларын бекіту.Студенттерді қазіргі даму кезеңіндегі әлеуметтік-отбасылық процестерді сипатай білуге және қазіргі мен дәстүрлі қазақ қоғамындағы отбасының ерекшеліктерін ажыратуға бағыттау.
Әдебиет: 1. Бринкерхоф Д. Әлеуметтану негіздері : оқулық / Д. Бринкерхоф. - Д.Уейтс,С.Ортега. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 464 бет.
2. Ритцер Д. Әлеуметтану теориясы : оқулық / Д. Ритцер. - Д.Степницки. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 856 бет.
3. Социологические и аналитические исследования по вопросам языковой политики в республике Казахстан : социальное исследование. - под ред.Комитета по развитию языков Министерства культуры и спорта Республики Казахстан. - Астана : ТОО Сана, 2018. - 145 с.