Пəн туралы мəліметтер



бет22/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Қосымша əдебиет:


  1. Гаврилов Л.А. Биология продолжительности жизни (Өмір ұзақтық биологиясы). - М., 1997;

  2. Давыдов Б.И. Радиация, человек и ОС. - М., 1993;

  3. Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1991;

  4. Одум Ю. Основы экологии. - М., 1975;

  5. Почва, город, экология (под ред. Г.В.Доброваолького). - М., 1997;

  6. Предмет экологии человека (под ред. А.П.Яшина). - М., 1991;

  7. Тихомиров И.И. Очерки по физиологии человека в экстремальных условиях. - М., 1965;



Тоғызыншы апта


9 дəрістің тақырыбы: Урбандалған территориялар
Терминдер мен анықтамалар: урбандалған территориялар, ауыл, тұрғындар денсаулығы

Дəріс мазмұны:


  1. Урбандалған территориялардың физикалық ластануы

  2. Урбандалған территориялар тұрғындарының биологиялық ерекшеліктері

  3. Урбандалған территориялар тұрғындарының денсаулығы

  1. Физикалық факторларға электромагниттік, радиациялық сəуле, акустикалық алаңдар жатады. Урбандалған территорияларға тəн мəселелердің бірі – электромагниттік ластану. Қазіргі адамзаттың қоршаған ортасы сансыз көп электромагниттік алаңдармен табиғи жəне жасанды сəулелерге толы. Табиғи алаңдармен сəулелерге атмосфералық электр, геомагниттік алаңдар, əртүрлі жиеліктегі радиотолқындар, нейтрондардың (жылу) баяу ағыны, жоғары жиеліктегі энергия (электронды протондар) жатады.

Қала үшін экологиялық мəселелерге əлі толық зерттелмеген акустикалық ластануда жатады. Адамға əсер ететін акустикалық алаңдарға естілетін, яғни шу жəне естілмейтін диапазондар, инфрадыбыс, ультрадыбыс жатады. Бұлар адамның есту талдағышына жəне басқа ағзаларына əсер етеді.

  1. Ауыл тұрғындарымен салыстырғанда қалалықтар жоғары маманданған дифференциясымен ерекшелінеді. Қалалықтар ауылдықтарға қарағанда ірі денелі, салмақты келеді. Қалалықтардың физикалық түрінің өзгеруі олардың əлеуметтік- экономикалық өмір деңгейімен, психоэмоциялық жағдайының көп болуымен байланысты. Қалалықтар спецификалық орта жағдайына бейімделген. Акселераттар ауылдықтарға қарағанда қалалықтар арасында көп. Қазіргі кездегі адамның экологилық ортасы - қала. Ол ең ірі жəне табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Қалалардағы адам экологиясына тəн нəрсе-бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы əсерінің нəтижелері арасындағы қайшылық, əсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі. Қазіргі кездегі қала-күрделі əлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сəулеттік факторлардың əсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара əсерлері нəтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ қала өркениеті-қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне əкелгенмен, коммуникация тығыздығы, əр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері-тек барлық жағынан қолайлы орта емес.

Қала ортасы адамның басты сапасы-оның денсаулығына қолайсыз əсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркəсіп пен транспорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды əрекеттердің кеңінен таралуы-осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бжөлігі демалысын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық қысым артады да, олар қаланың жалғасына айналады.
Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі кұшейіп келеді.
Қалалар ерте замана бері бар. Алғашқы қала мұна 5500 жыл бұрын пайда болды деге деректер кездеседі. 1800 жылы 100 мыңңа астам тұрғындары бар 50 қалада бүкіл халықтың 1,7 проценті тұрған. Бір ғасырда дүние жүзі халықтары 4 еседен астам өсті. Соның ішінде ауыл тұрғыдары 2,6 есе ғана көбейсе, қала тұрғыдары 11 есеге тұрғыдары 2,6 есе жуық қөбейді. Осының өзіне көлемі тар қала территориясы мен қоршаған ортаға түсеті ауыртпашылық қашама өскені көруге болады.
Қазақстан Республикасы да дүниежүзіліқ Урбанизация процесінен тысқары қалған жоқ. Əсіресе өнеркəсіп жəне қатынас кəсіпорындары көп салынған, тың жəне тыңайған жерлерді игеру кезінде қалаларр саны, оның ішінде үлкен жəне ірі қалалар тез өсті. Олардың тұрғындары 45 жылда 5 еседен артық өсіп, қазір халықтың басым көпшілігі қалаларда тұратын болды.
Мұны төмендегі мəліметтерден көруге болады


Жылдар

Қалалар саны

Олардың Ішіндегі
үлкенж/е ірі қала

Қалатұргыдары(м ың адам)

Жалпы халықтағыҮлесі

1939

31

3

1689

28.0

1956

45

7

4067

44.0

1970

80

15

6538

50.0

1984

82

19

8740

56.0

Қазақстан Республикасынаң талдау- есептеу жүйесі мамандарынын болжауы бойыншаа республикада қалалар саны жақын арада көп өзгере қоймайды, ал тұрғындар саны озгеруі ықтимал.


Келесі 15-20 жылда қалаларда 12 миллионға тарта адам тұрып бұл бүкіл халықтың 65 процеті болуы мүмкін.
Қала халқының тығыздығы, əсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километр территорияға 200 адама келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына, адамдардың өмір сүруіне қолайсыз болуына əкеліп соғуда.
ХХ ғасырдың ортасына дейін кіші жəне орташа қалалардың халқы тез өсетін болды. Дүние жүзінде 1850 жылы миллионнан астам халқы бар 4 қала болса, 1920 жылы олардың саны 25 – ке ості, 1950 жылы 90-ға, 1960 жылы 140-қа, 1970 жылы 160 –қаа жетті.
Жеке қалалар мен олардың тұрғындары өсіп қоймай, қазір қалалар бір зор аймақтар пайда болуда. Оларды меғаполис деп атайды.
Бірінші мегаполис ретінде АҚШ- тың Атлант мұхиты жағалауындағы Босваш мегаполисін айтуға болады. Оның ұзындығы 850 км, халық саны 35 млн, Тынық мұхит жағасында ұзындығы 120 км, ені 60км Лос* Анджелес- Са- Франциско мегаполисі бар. Ұлкен Токио мегаполисінде 25 млн, Мехикода 18 миллионан астам адам тұрады.
Мегаполистердің болашақта да пайда бола беретін турі бар.
Мегаполистер Ресей жəне Украина мемлекеттерінне де бар. Мəскеу, Владимир, төменгі Новгород қалалары бір- біріне қарай ,, жылжып,, , аралары жақындап келеді. Келешекте бұлар бір мегаполис құрайтыны анық.
Сөйтіп ірі жəне үлкен қалалар маңайындағы кіші қалаларды, поселкаларды өзінің құрамына қосып, қоршаған ортаны одан əрі нашарлатуда. Осыға байланысты көптеген жаңа проблемалар пайда болып, олардың шешімінн табуға көп қаражат жұмсауға тура келуде.
Қоршаған ортаға ауыртпалық көбейеді дегенде қаладағы көліктердің əсіресе автомəшинелер, тракторлар, құрылыста жəне жол- салуға қажет техникалар, ауаны түтін жəне газбен уландыратынын, сол уланған газбен адамдардың дем алатынын, олардың денсаулығына зиян келетінін айтамыз.
Сондықанда қала тұрғыдары ауыл адамдарымен салыстырғанда екі есе көп науқастанатыны айтссақ та жеткілікқті.
Қаладағы табиғи ортаның таза, адамдарға зиясыз болуы ертеде бері ғалымдарды, басшы орындарды алаңдатып жүрген мəселе. Сəулеттік- құрылыстық экологияның бұл жөіде əзірлеген ұсыныстары да бар. Оларды кешеуілдетпей іске асыру экологиялық жағдайды біршама жақсартуға көмектесетіні сөзсіз.
Қоршаған ортаға адамдардың зиянды ықпалын азайтудың жолдарының бірі əр мемлекет өз территориясында халықты орналастыру мəселесін дұрыс шешуіне байланысты. Ол үшін ғылыми жетістіктерге негізделге үлгі жасау қажет. Өнеркəсіптін, ауыл шаруашылығының, басқа да шаруашылық салаларының болашақта өсу қарқынын ескере отырып қалалар мен елді мекендердің орналасатын орыдарын алдын ала белгілеу қерек.
Жаңадан салынатын зауыт пен фабриктерді өзен ағысы бойынша қаладан төмен орналастырып, халықтың таза су ішуіне жағдай жасап, жердін тұрақты бағытын ескеріп түтін мен уытты газ қалаға қарай ұшпауын ойластырады.
Əрбір қалаңың келешекте өркендеуін ескерген бас жоспар жасалады. Жаңа құрылыстар, көшелер, аландар, тұрғын уйлер, кəсіпорыдар осы жобаға қорсетілген орындарда салынады. Жоба жасағанда гимараттардың, тұрғын ұйлердін, парктер мен бау- бақшалардын,, демалыс аландарын, бұл өнірдеге желдін бағытын, жауын- шашын мерзімдерін, кұн сəулесінің əсерəн т. б. табиғи құбылыстар мен өзгерістерін ескеріп салу көзделеді.

  1. Жоғарыда айтылып кеткендей урбандалған территориялар тұрғындарының денсаулығына көптеген факторлар соның ішінде ортаның физикалық жəне химиялық ерекшеліктері əсер етеді. Қалада халықтың тығыз шоғырлануы ірі эпидемияның таралуына сонымен қатар эмоциялық күйзеліс жағдайларының болуына əкеледі. Стресс жүрек-тамыр ауруларын көбейтіп, жүйке жүйесінің ауруларына жəне басқа патологиялық ауытқулардың болуына себеп болады. Жүйке-психикалық стресс гипертония, астма, асқазанның жара ауруларын қоздырады. Жүйкелік реттелудің бұзылуы қалалықтардың аз қимыл жасауымен байланысты. Гипокинез - адамның денсаулығымен жұмыскерлігі үшін қозғалыс қарқынының аз болуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет