Гаврилов Л.А. Биология продолжительности жизни (Өмір ұзақтық биологиясы). - М., 1997;
Давыдов Б.И. Радиация, человек и ОС. - М., 1993;
Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1991;
Одум Ю. Основы экологии. - М., 1975;
Почва, город, экология (под ред. Г.В.Доброваолького). - М., 1997;
Предмет экологии человека (под ред. А.П.Яшина). - М., 1991;
Тихомиров И.И. Очерки по физиологии человека в экстремальных условиях. - М., 1965;
Он үшінші апта
№13 дəрістің тақырыбы: ҚО антропогенді əсер.
Терминдер мен анықтамалар:атмосфера, азот, көмірқышқыл газы, көміртегі оксиді, күкіртт газ
Дəріс мазмұны:
Ауаны ластаушы көздер, олардың топтары
Ауаның ластануының адам денсаулығына əсері
Ерте кезден –ақ ауаның ластануына қарсы шаралар қолға алына бастаған. 19 ғасырда Англияда ірі қалаларда,Лондонда көмірді отын ретінде пайдалануға шектеу қойды. Адам ауаның құрамына кіретін негізгі химиялық элементтер – азот пен оттегінің концентрациясына елеулі əсер етпейді. Бұл газдардың концентрациясының өзгермеуі олардың концентрациясының жоғары болуына байланысты. Адамның атмосфераға əсерінің байқалуы, оның биосфералық процестерге белсенді түрде араласа бастауынан, ормандарды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару, қалалар мен өндіріс орындарын жəне т.б салу нəтижесінде басталды.
Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінде бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді жəне атмосферада жиналуға қабілетті.
Көміртегі оксидінің көп мөлшері өте қауіпті бірақ ол тұрақсыз.
Химиялық белсенділігінің жоғары жəне тұрақты көп мөлшерде 150-200 млн т шығарылуына байланысты күкірт диоксиді немесе күкіртті ангидридтің қауіптілігі зор. Оның сумен қосылыстары адам мен жануардың тыныс алу жолдарын тітіркендіріп ,зақымдайды. Ұзақ уақытқа созылған улану қан айналымының бұзылуы мен өлімге əкеліп соқтыруы мүмкін.
Күкіртті газ əсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Олар адам мен жануарларға қарағанда бұл газға өте сезімтал.
Күкіртті ангидридтен басқа атмосфераға күкірттің басқа да зиянды қосылыстары келіп түседі. Оларға күкіртсутек жатады. Бұл газдың жоғары концентрацияларымен улану өкпенің ісуіне, тыныс алу параличне жəне өлімге əкеліп соқтырады. Табиғатта ол көбінесе су қоймаларда, шайынды суларда, ақуыздардың бактериалды ластану өнімі ретінде минералдық бұлақтарда кездкседі.
Күкірт пен оның қосылыстары атмосфераға табиғи жəне антропогенді əсер нəтижесінде шығарылады.
Күкірт пен оның қосылыстарының атмосфераға табиғи жолмен шығарылуының 3 негізгі көзі бар. Атмосфераға антропогенді күкірттің келіп түсуі отынды жағумен байланысты.
Атмосфераның басқа ластаушыларының ішінен азот тотықтарының, көмірсулардың, бинзо пирен, хлор, фтор жəне басқа қосылыстардың маңызы зор. Бұлардың көпшілігі жылу балансының өзгеруі немесе озонның бұзылуы арқылы əсер етеді.
2.Парниктік газдардың əсерінен жылулық баланстың өзгеруі нəтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын – парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі əр түрлі мəліметтер бойынша 50%-дан 65%- ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, фреон, азот оксидтері, озон жəне т.б. газдар жатады.
Жер бетіне негізінен жылулық жылулық емес, көрінетін сəулелер ағыны түседі .
Бұл сəулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді.
Мəліметтер бойынша парниктік газдардың əсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа жылдық температурасы 0-0,3 С ға артқан. Атмосфердағы парниктік газдардың мөлшерінің екі еселенуі ХХ1 ғасырдаың екінші жартысында болуы мүмкін. Бұл ғасырда планетаеың орташа жылдық температурасы 1-3,5 С ға артуына əкеледі.
Көмірқышқыл газының атмосфераға түсуінің негізгі техногенді көзі – органикалық отынды жандыру болып табылады. Қазір тек жылу энергетикасынан атмосфераға шамамен жылына бір адамға 1 т көміртегі немесе Жер шарына жылына 6 млрд т бөлініп шығады.
Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттң сіңіруі болып табылады.
Мұхит адам қызметінің нəтижесінде түзілген көмірқышқыл газының 50%-ын сіңіреді. Соңғы кездегі зерттеулер бойынша техногенді процестермен қатар, парниктік газдарды шығару көзі экожүйелердің өзі болып табылатынын көрсетті. Осыған юайланысты парниктік эффекті мəселесін шешу көбінесе табиғи-экожүйелік деңгейде қойылып отыр.
Атмосфераның озон мəселесіеің адам қызметіне қатысты өзара байланысты 2аспектісі бар : жоғары қабаттағы бұзылу, жəне жер маңы кеңістігіндегі конйентрациясының артуы .
Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда - 18-32 км. биіктікте орналасқан
.Ондағы озонның концентрациясы 0,01-0,06 мг/м. Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 5-3 мм құрайды . Озонның мөлшері сантиметрмен немесе Дипсон бірлігімен есептеледі.
Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының ультракүлгін сəулелер əсерінен ыдырауы нəтижесінде түзіледі . Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі .Бір уақытта озон молекулаларының ыдырап , оттегіне айналу процесі жүреді . Реакция жүруінің шарты ультракүлгін сəулелерінің болуы жəне олардың инфрақызыл жылулық сəулелерге айналуы болып табылады.
Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабаттарындағы озон мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық жəне жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған .Мəліметтер бойынша озонның 1% ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін.
Озонның ең көп мөлшері Антарктидаүстінде жойылған . Мұнда соңғы 30 жылда озон мөлшері 40-50% кеміген . Озонның концентрациясының кемуі нəтижесінде түзілген кеңістікті « озон тесіктері» деп атайды. « Тесіктің » көлемі жылына 4% артып отыр. Сонымен қатар «көшіп жүрнтін тесіктер» пайда болуда . олар алғаш рет осы ғасырдың 80 жылдары байқалған .
Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып есептеледі.Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды. Себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына əкеледі. Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады.
Сонымен қатар ,Антарктиданың үстінде озонның тарылуына əкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер бар .
Атмосфераның төменгі қабаттарында озон күшті антитоксикант жəне бактерисцид болып табылады. Ол жағымсыз иістерді ,кейбір концерогенді заттарды бұзуға қабілетті.Бірақ жоғары концентрацияда озон күшті у болып табылады. Адамда ол тыныс алуды қиындатады , көзді тітіркендіреді, өсімдіктердің ассимиляйиялық аппаратын зақымдап ,хлорофилді бұзады.
Қышқылдық жауын-шашындардың пайда болуының негізгі себебі күкірттің қос оксидімен ластану болып табылады .Қышқыл жауынның түзілуіндегі күкірт қос оксидінің үлесі 70%. Алғашқы қышқыл жауын 1907-1908 жылдары Англияда байқалған.Қышқыл жауын-шашын топыраққа ,су экожүйелеріне , өсімдіктерге , архитектур ескерткіштеріне ,ғимараттарға жəне т.б. зиянды əсер етеді.Топыраққа келіп түскен қышқыл жауын катиондардың қозғалғыштығы мен шайылып кетуін арттырады , редуценттердің , азотфиксаторлардың жəне басқа да топырақ ортасының ағзаларының белсенділігін төмендетеді.
Су қоймаларына түскен қышқыл жауын судың қышқылдығы мен кермектігін арттырады . Көптеген гидробионттар аталған көрсеткіштердің өзгеруіне өте сезімтал.
Қышқыл жауын –шашын мен оның компонеттері əсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді . Қышқыл жауын –шашын өсімдіктерден биогендерді, қанттар ,ақуыздар
, аминқышқылдарын ығыстырып , зақымдайды.
Олар қорғаныш ұлпаларды зақымдап , ағзаға потогенді бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену мүмкіндігін арттырады. Мұның нəтижесінде фитоценоздардың өнімділігі төмендеп ,кейде толық жойылып кетуі мүмкін.
Қышқыл жауындардың өсімдіктер үшін зиянды əсері топырақ арқылы да байқалады.Бұл əсер алюмений мен ауыр металдардың қозғалғыштығының артуы нəтижесінде болады. Бос алюмений жас тамырларды зақымдайды. Оларда инфекциялардың ену ошақтарын түзеді, ағаштардың уақытынан бұрын қартайуына əкеледі.Əсіресе қылқан жапырақты ормандар күшті зақымданады.
Атмосфераның ластануына жоғары дəрежеде сезімталдығымен қыналар сипатталады. Олар əдетте ең бірінші болып ,экожүйеден жойылады жəне қоршаған ортаның қолайсыз əсерінің индикаторы болып табылады.
1.Барлық əуе ортаның ластанулары 3 топқа бөлінеді: қаттылар(шаң)
сұйықтар(булар) газ тəрізділер
Ауа ластану дəрежесі мыналарға тəуелді болады: а) жыл уақыттарына
б) тəуліктердің уақыттарына
в) жел күштері мен бағыттарына г) температуралық инверсияға д) ауа дымқылдық дəрежелеріне
е) атмосфералық жауындардың жиіліктері мен сандарына з) қалдықтардың қайнарларының ара қашықтығына Атмосфераның ластанулары қалдықтардан да болады:
а) экономикалық зиян
б) қоныстанған орындардың микроклиматқа ықпалы
в) халықтың санитарлық - гигиеналық жағдайына ықпалы д) халық денсаулығы жағдайына ықпалы.
Достарыңызбен бөлісу: |