Гаврилов Л.А. Биология продолжительности жизни (Өмір ұзақтық биологиясы). - М., 1997;
Давыдов Б.И. Радиация, человек и ОС. - М., 1993;
Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1991;
Одум Ю. Основы экологии. - М., 1975;
Почва, город, экология (под ред. Г.В.Доброваолького). - М., 1997;
Предмет экологии человека (под ред. А.П.Яшина). - М., 1991;
Тихомиров И.И. Очерки по физиологии человека в экстремальных условиях. - М., 1965;
Он төртінші апта
№14 дəрістің тақырыбы: ҚО антропогенді əсер.
Терминдер мен анықтамалар: су, ағынды су, кумулятивті əрекет, суды тазалау əдісі
Дəріс мазмұны:
Судың табиғатта жəне адам өміріндегі маңызы
Суды ластаушы көздер
Ағын сулардың ластануы жəне оларды тазарту жолдары
1.Су қажетті сапаларға ие болса ғана өзінің гигиеналық ролін орындай алады. Су жабдықтарының қайнарларын ластанудан қорғау:əртүрлі бактериялы жəне вирусты
патогендері, қарапайымдары жəне гельминттері болуы мүмкін адам тіршілік əрекеті мен малдың қалдықтарынан.
Сальмонеллалардың,шигелдің, патогендік ішек таяқшалардың, тырысқақ вибриондарының,вирустардың болуы ішек ауруларға əкелуі мүмкін.
Су арқылы тасымалданатын аурулар, адамдардың жеке контактісі кезінде,азық қабылдауында,аэрозольдар арқылы берілуі мумкін. Аурулардың көбеюі су арқылы халықтың көп бөлігіне жұғады.
Денсаулыққа екінші əсері улағыш химиялық заттардың суда болуымен байланысты. Су апаттар кезінде су жағымсыз иіс, дəм, түріне байланысты ішуге жарамсыз болады.
Кумулятивті əрекетке ие агенттерге ерекше назар бөлу керек (канцерогендік заттар,ауыр металдар,фтор,стронций,уран,молибден). Суаттар өзін-өзі тазарту факторлары:физикалық,биологиялық, химиялық.
Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, əртүрлі дəрежеде ұшырайды.
Судың, əсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн адам өледі де, əртүрлі дəрежеде уланған немесе ауырған адамдар саны
500 млн-нан 1 млрд–қа жетеді. Барлық еріген сулардың құрамында еріген заттар болады .Судағы көп кездесетін элементтерге :кальций, натрий,хлор, калий жатады. Судағы элементтердің жиынтығы жануар мен адамның құрамына жақын болады. Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дəлелі бола алады.
Судың тұздылығы əдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен г/л анықталады.
Судың сапасының маңызды көрсеткіші – ондағы оттегінің болуы.Оған гибробионтардың тіршілігі мен судың өздігінен тазаруға қабілеті тəуелді болады.
Сулардың ластануы ең бірінші рет суқоймаларында əртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың əртүрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар жəне т.б. заттар жатады. Ластаушы заттардың басым көпшілігін атмосфералық жауын-шашын əкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркəсіп қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де өте жоғары.
Су жүйелеріне жылулық ластану айтарлықтай зиян келтіреді. Ол ыстық су төгу немесе басқа да факторлардың əсерімен температураның өзгеруі нəтижесінде орын алады. Атақты француз мұхит зерттеушісі Жак Кусто егер суды уландыру тоқталмаса оның тіршілігі жойылуы мүмкін деген қауіп айтады. Қазір кең таралып отырған , қауіпті ластаушы заттарға мұнай мен мұнай өнімдері жатады .Белгілі мəліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн тоннаға дейін мұнай төгіледі. Ал оның əр тоннасы 12 км кв суды қабықшамен жаба алады. 0,05% мг/л су Құрамында болса, онда ол су ішуге жарамсыз, ал су концентрациясы 0,5 мг/л болса, көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Иістік құбылыстардың əсерінен балықтармен т.б. ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді. Мұнаймен жəне басқа ластануға, əсіресе планктон сезімтал . Оның жойылуы көптеген басқа ағзалардың тіршілік етуінің мүмкін болмауына əкеледі .
Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді.
Ол жылу балансының өзгеруіне жəне ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына əкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалауға атқаратын жағалаулық экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келтірілуі өте қиынға соғады, көп уақыт керек. Мұнайдың бір бөлігі грунтқа сіңе отырып , грунт суларына , одан су айналымы арқылы қайтадан қазба көзіне қайтып келеді. Қиын ыдырайтын мұнай өнімдері мұхит ағыстарына түседі де, үлкен ара қашықтыққа таралады.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушысы болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады .
Судың жылулық ластануын да атап өтпеуге болмайды. Жылынған сулардың негізгі көзі жылу жəне атомдық электростанциялар болып табылады. Осы жəне басқа жерлерде суды салқындатқыш ретінде қолданады .
Сулардың негізгі ластануы көбінесе олардың су обьектілерінен тыс су жинағыш бассейндерде ,айналымының бұзылуы нəтижесінде орын алады. Мұндай құбылыстар табиғи экожүйелердің қайта құрылуы немесе бұзылуына байланысты.
Орманды тасымалдауда пайдаланатын өзендер, əсіресе солтүстік ,ағызу кезінде бататын ағаштың ыдырау өнімдерімен ластанады.
Ендеше ,су қорының сандық сарқылуының алдын алуға бағытталған іс – шаралар:
Суды аз пайдаланатын технологияларды қолдану;
өндірістік жағдайда бірнеше рет пайдалануға өту ;
өндірістік процестерде ауыз суға арналып берілген суды пайдаланбау.Бұл ең алдымен сапасы жоғары жер асты суларына қатысты;
Судың ысырап болмауын жəне суды өлшеп беруді қамтамасыз ететін су таратушы қондырғыларды пайдалану;
Тұтынушыларға жеткізу кезінде жəне əкетуде судың ысырап болуына жол бермеу;
Қайтымсыз шығын болатын суды кеміту;
Суармалы егіншілікте суды тиімді пайдалануда жетілдірілген технологиялар мен жаңа суару суару əдістерін қолданудың мүмкіндіктері зор;
Судың аймақтық тапшылығын оны басқа жүйелерден канал, су жолдарымен жеткізу арқылы шешуге болады. Бұл шараларды экологиялық тұрғыдан жан–жақты ойластырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |