Пән:қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



Дата09.10.2023
өлшемі482,69 Kb.
#184283
Байланысты:
Сәлем! Сенің атың кім




Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
1-бөлім. «Өзім туралы»
Тақырыбы: Сәлем! Сенің атың кім?



Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:
Сынып: 1

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тындау,түсіну және оған сәкес дұрыс әрекет ету(қимыл,ым мен ишараны қолдану,іс-әрекет жасау).
1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқаны түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.3.2.1.Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.5.1.2.Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауын ауызша тілде қолдану..

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Амандасу,танысу үлгілерінің қарапайым түрлерін қолдана алады.
Көбі: Оқушылардың басым бөлігі:Сабақта үйренген амандасу,танысу үлгілерін адамның жас ерекшелігіне байланысты орынды қолдана алады.
Кейбірі: Амандасу үлгілерінің басқа да түрлерін айта алады,амандасу,танысу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(2-5минут)

Ұйымдастыру кезеңі (МК) Оқушылардың сабаққа дайындығы Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы
(6-40 минут)

Сабақтың соңы



(МК, Ұ) Оқушыларға 1- тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын алғашқыда екі баланың,содан кейін бала мен үлкен адамның амандасу үлгісіне аударады.Оқушылар «Сәлем!» және «Сәлеметсіз бе!»деген амандасу үлгілерін тыңдайды,хормен, жеке – жеке қайталайды.Тапсырма сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады.
Суретпен жұмыс
(Ж)Оқушылар амандасу үлгілерін сыныптығы оқушылармен және мұғаліммен амандасу арқылы тәжірибеден өткізеді .Сондай – ақ осы тапсырмада берілген әртүрлі жастағы адамдармен (1 – тапсырмадағы суреттер бойынша)амандасу арқылы да амандасу үлгілерін есте сақтауға тырысады.





(МК,Ұ)2- тапсырма оқушылар танысу үлгісін тыңдау,қайталау арқылы «Сенің атың кім?»деген сұрақпен және «Менің атым - ...»деген жауап үлгісімен танысады.Оқушылар сурет бойынша Жұлдыз,Айгүл деген қыз аттары туралы да ақпарат алады.Қыздардың аты жұлдыз,ай,гүл сөздермен байланысты екенің түсінеді.(ОТ) Мұғалім балаларға өз аттарына байланысты сурет салуды ұсына алады.Бұл арқылы балалар өз атының қандай мағына беретіні туралы ойланады.Оқушылардың бойында өз есімдеріне деген сүйіспеншілік,мақтаныш сезімін ұялату өте маңызды.
(Ж)3- тапсырмада тілдесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар осы тапсырмада берілген диалог бойынша өзара сөйлеседі. Диалог арқылы амандасу,танысу үлгілерін қайталайды.
(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.Сондай – ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
(Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жұмыс істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой – пікірлерін білдіре алады


Жеке- жеке
Слайд парақшалары

дәптермен жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет