Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы (ҰМЖ) негізінде құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспардан алынады. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі міндет. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін. Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру. Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (40 минуттан кейін) үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта (40 минут барысында) не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды.