Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс? Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек? Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек.