Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің



бет78/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит

Кісілік, даралық (орыс., индивидуальность) – адамның әлеуметтік маңызға ие қасиеттерді және осы сапа-қасиеттердің белгілі бір көріністерін бойына сініруі. Кісілік тек қана әртүрлі қабілетке ие емес, сонымен бірге олардың бейне бір тұтастығы болып табылады. Сонда оның бір қасиеті, бір қабілеті, дарындығы басқаларынан үстем болып тұрады; өзіндік, соны, талантты ерекшеліктері басым болады. Әр адамның таланттығы, сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан, біреу белгілі қоғам қайраткері, біреу білікті маман және т.б. Бірақ табиғатынан ерекше болып жаратылған кісінің сөзі мен істеген ісі бір-біріне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Ол қатыгез, кінәмшіл, адамгершіліктен ада, «бұл өмірден бәрін алу керек деген психология», пара алатын, жеме-жемге келгенде ұлт мүддесімен де санаспайтын, кісімсінген кісі болуы мүмкін.

  • Тұлға (персона, орыс., личность, "личина" - жүз, бет, қабақ) – алғашқы мағынада антикалық театрда актерлердің киетін бетперде, маскасын білдірді. Қазірге кезде «тұлға» термині өзінің мағынасын өзгертті.

    Тұлға енді өзінің таңдаған рөлін ойнамайды.
    Кісілікте біз оның өзіндік ерекшелігін, ал тұлғада біз бәрінен бұрын оның жауапкершілігін, өздігіншелігін, тәуелсіздігін бағалаймыз.
    Біз кісілік жөнінде "әйгілі", "көрнекті", "дарынды" - дейміз, ал тұлға жөнінде – "мәрт", "күшті" , "тәуелсіз", "сегіз қырлы бір сырлы" - дейміз.
    Индивид, кісі өзінің іс-әрекеті, жүріс-тұрысының себептерін, жауапкершілігін сезіне бастаса – ол тұлғаға шексіз жақындай береді. Тұлғада бізді оның іс-әрекеті, қылығы, өзіне қандай жауапкершілік жүктегені қызықтырады. Оның адамгершілігі, адал ниеттігі, ізгіліктігі, инабаттылығы, мақсаттылығы, сөзде тұратындығы, жауапкершілігі, ұлттық мүддені көзінің қарашығындай сақтауы, зиялылығы, мәрттігі – бірінші орынға қойылады.
    Тұлғаның қалыптасуына әсер етуші факторлар:

    • генетикалық тұқым қуалау;

    • мәдени орта;

    • өмір жағдайлары.

    К.Маркс: «... жағдайлар адамдарды қалай жаратса, адамдар да жағдайларды солай жасайды» («Неміс идеологиясы»).




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет