1.4. Семинар, СӨОЖ сабақтары бойынша және СӨЖ тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
Кредиттік технология бойынша интерактивті оқыту жүйесіне басты назар аударады. Аудиториялық сағаттарда, дәріс немесе семинар, СӨОЖ сабақтарында дәстүрлі әдісті және интерактивті сабақ үлгісін жүргізуге болады. Интерактивті оқыту жүйесі студенттердің қабілеттілігін дамытады:
Өз пікірін қалыптастырып айта білу;
Өзгенің пікірін құрметтеу;
Оқу материалын мұқият меңгеру;
Материалды орындауда шығармашылық қабілетті таныту;
Үлкен аудитория алдында өз көзқарасын дәлелдеу;
Алынған мәліметтерге анализ жасау;
Табысты жұмысы мен өзіндік ізденушілігін дамыту; Жеке даралығын көрсете білу;
Әртүрлі ситуациялардан өту арқылы өмірлік тәжірибие жинау.
Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
Дебат – студенттердің дұрыс жауап және мағыналы қорытындыны іздестіру мақсатында ауызша пікір алмасу.
Дискуссия (талқылау) –оқытылып отырған тақырыпбойыншастуденттер арасында ой пікірлерді талқылау. Студенттердің ой пікірлерді талқылауға қатысуы – білімді естерінде сақтау мен сіңірудің кілті болып табылады. Дискуссия – бұл студенттерді оқыту үрдісіне тартудың серпінді әдісі болып табылады.
Рөлдік ойындар –студенттерді сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын тудыратынкөпжақты оқыту әдісі.
«Аквариум» - топты командаға бөлу арқылы оқыту әдісі. Команданың бір тобы тапсырманы талқылаумен немесе шешумен айналысса, осы уақытта келесі топ жүріп жатқан процессті зерттеп жазып алады. Қорытындысы белгіленген ереже шешіміне дейін талқыланады.
Топтық нұсқау -оқытушы кілтті деректерді немесе «тақырыптың негізгі кезеңдерін» береді, осының негізінде бұдан әрі сабаққа қатысты сұрақтармен жауаптар қалыптастыру.