Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің


литосфера (грек., «тас қабығы») – Жер шарының жоғарғы қатты қабығы; атмосфера



бет82/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит

литосфера (грек., «тас қабығы») – Жер шарының жоғарғы қатты қабығы;

  • атмосфера – Жердің газ-булық қабығы; Жерді ашық ғарыштан қорғайды; Жердің қызуы мен сууын бір қалыпты ұстайды; 80% - азот және 20% оттегі;

  • гидросфера – литосфера мен атмосфера аралығындағы жердің су қабаты, ол Жер бетінің 70% алып жатыр.

  • биосфера (грек., биос – «өмір») – «өмірмен толған Жер қабаты», организмдер мен тірі мәнділіктерден тұратын планеталық қабат, қабық. Ол барлық тіршілік иелері қызметінің нәтижесі. Терминді 1875 жылы австриялық ғалым Э.Зюсс қолданды. Биосфера атмосфера, литосфера, гидросфераның жоғарғы бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы Жер бетінен 30 км, ал төменгі шекарасы – Жер бетінен 10 м төменде. Кейбір организмдер 11 км тереңдікте табылған. Жалпы өмір мына температуралық интервалда - 252°С → + 180 °С – болады.

    Қазіргі таңда 500 мың өсімдік түрі, 1,5 млн жануарлар түрі белгілі.
    Ноосфера (грек., нус – ақыл, парасат) – табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу сферасы, яғни адамның ақыл-ой қызметінің ортасы, сферасы.
    Бұл терминді ғылымға 1927 жылы француз ғалымы Э.Леруа енгізді.
    Пьер Тейяр де Шарден – ноосфера – «мақсатталған сана»-адам ақылы мен жігері, бүкіл планетаны қамтитын трансформация – деді.
    В.И. Вернадский, А.Л. Чижевский – ноосфера деп тек Жер бетіндегі емес, сонымен бірге ғарыштық құбылысты айтты. Адам – ноосфера бөлшегі ретінде – ғарыштық пенде. Ноосфера – тірінің, парасаттың және ғарыштықтың бірлігі.
    §4. Экология (грек., ойкос – тұрақ, мекен, үй, логос – ілім) – адамның қоршаған ортамен байланысы және оның барлық тіршілік иелерінің алдындағы моральдік парызы туралы ілім. Бұл терминді 1886 жылы неміс биологы Э.Геккель пайдаланды.
    К.Маркс: «... егер мәдениет саналы түрде дамымай, стихиялы дамыса, онда ол соңында шөл даланы қалдырады» (Шығ., т.32, 45-б.).
    Ф.Энгельс: «... біз табиғаттағы жеңістерімізге қуана бермеуіміз керек. Біздің әрбір жеңісімізден табиғат кегін алып отырады» (Шығ., т.20, 495-б.).
    Экологиялық мәселер:

    • ауа бассейіні мен мұхиттарды ластау;

    • орманды кесу нәтижесінде топырақ эрозиясы;

    • хайуанат дүниесін қырып-жою;

    • ауыз су, көптеген шикі зат қорының тапшылығы;

    • адамның физикалық және психикалық денсаулығы мен тұқым қуалауына әсер ету;

    • «адам - табиғат» экожүйесін сақтау;

    • озонды сақтау, ол стратосферада – 10-50 км теңіз деңгейінен жоғары-табиғи фильтр функциясын орындайды.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет