1865 ж. Г. Мендель тұқымқуалаушылық заңдарын ашты
1900ж. голландық Г. де Фриз, неміс К. Корренс және австриялық ғалым Э. Чермак тұқым қуалау заңдарын екінші рет ашты
1901 ж. адам қанының тобы анықталды
1905 ж. Э. Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін анықтады
1906 ж. У. Бэтсон генетика терминін ұсынды.
1908 ж. цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің негізін неміс ғалымдары К. Корренс пен Э. Бауэр салған
1908 ж. ағылшын математигі Харди мен неміс дәрігері Вайнберг популяциядағы генотиппен фенотиптің таралу жиілігін анықтайтын формула ұсынды
1909 ж. ген, генотип, фенотип, терминдерін дат биологы В. Иогансен енгізді.
1911 ж. Т. Морган хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговерді ашты.
1920 ж. Н. И. Вавилов тұқым қуалау өзгергіштігінде сәйкес қатарлар заңын ашты.
1927 ж. орыс ғалымдары Г. Надсон мен С. Филиппов радиоактивті сәулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға мутация тудыратынын дәлелдеді.
1930 ж. цитоплазмалық аталық ұрықсыздық құбылысын америкалық ғалым М. Родс ашты.
1933 ж. жыныспен тіркесіп тұқым қуалау заңын Т. Морган ашып, Нобель сыйлығына ие болды.
1944 ж. ДНҚ - тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі екендігін американ ғалымы О. Эври дәлелдеді.
VI сайыс. Генетика және халықтық педагогика. Мақалдың жалғасын табыңыз.
● Тектіден текті туар... (сараланып)
● Теріңді өзгерте алсаң да... (тегіңді өзгерте алмассың)
● Аяғын көріп асын іш...(анасын көріп, қызын ал)
● Жеті атасын білген ер... (жеті жұрттың қамын жер)
● Жеті атасын білмеген... (құлағы мен жағын жер)
● Жұртыңды ауыстыра алсаң да... (ұлтыңды ауыстыра алмайсың)
● Салтыңды ауыстыра алсаң да... (халқыңды ауыстыра алмайсың).