ПОӘК 042-14-5-08.01.20.05/01- 2008 | № 1 басылым 02.09.2008 | беттің -сі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
4деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14-5-08.01.20.05/01- 2008 |
ПОӘК
Оқытушыларға арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасы
“Саясаттану”
|
№1 басылым
|
ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Саясаттану» (барлық мамандықтарға арналған)
ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҰМЫС
БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей 2008
1. ӘЗІРЛЕГЕН
ҚҰРАСТЫРУШЫ__________ Екібаев.Р.Ж.«Философия»
кафедрасының оқытушысы 01.09.2008ж.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. «Философия» кафедрасы отырысында
02.09.2008жыл, № хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________________ /ф.ғ.к Мұқатаева.А.А./
2.2.Гуманитарлық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
05..09. 2008 ж. № хаттама
Төраға ______________ /Колмагорова.Г.Б./
3. БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсыныған.
8.09. 2008 ж. № хаттама
ОӘК төрағасы, бірінші проректор ______________/Молдажанова А.А./
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (немесе “ ” 2008ж. № басылым орынына енгізілді )
Мазмұны
1 .Қолданыс аймағы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Жалпы ережелер
4 Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
5 Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі
6 Пәнге арналған оқу-әдістемелік картасы
7 Әдебиетпен қамтамасыз ету оқу-әдістемелік картасы
8 Әдебиеттер
1.ҚОЛДАНУ САЛАСЫ:
«Саясаттану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені университеттің барлық мамандықтардың 1-2 курс оқу топтарына арналған. Оқу-әдістемелік кешенде қоғам өміріндегі саяси құбылыстар мен процестерді, оларды саяси-идеологиялық теориялар арқылы түсіндірудің бағдарламалары мен әдіс-тәсілдері, әлеуметтік маңызды мәселелерді түсіну мен шеше білудің жолдары т.б. маңызды мәселелер мәліметтері қамтылған. Пәннің оқу-әдістемелік кешені студенттердің пәнді танудағы басшылыққа алатын оқу көмекші құралы ретінде пайдалану мақсатынада құрастырылды.
2.НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР:
Құрастырылған «Саясаттану» оқу-әдістемелік кешені оқу үрдісін ұйымдастыру үшін «Политология» курсының типтік бағдарламасы (Алматы, 1997 жыл), Шәкәрім атындағы Семей мемелекеттік университетінің оқу-әдістемелік кешенін құрастырудағы Жалпы ереже (Семей, 2007) негізінде жасалды.
3.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ:
3.1. Курсқа жалпы сипаттама
Саясаттану Қазақстан Республикасы өз егемендігін алуына байланысты елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық – қоғамы туралы ілім, қоғамның саяси-әлеуметтік саяси билік мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Әлеуметтік топтар мен қауымдастықтың өкілі болып табылатын адамдардың саяси топтармен саяси институттардың өзара саяси-идеологиялық байланыстылығын қарастыра отырып, олардың іс-әрекет ету тәртібі, мінез-құлық туралы ілімдер саласы болып табылады.. Саясаттану курсы қоғамдық-гуманитарлық пәндермен «Философия», «Әлеуметтану», «Тарих», «Құқықтану», «Мәдениеттану», «Дінтану», «Эстетика», «Этика» т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
3.2. Курс мақсаты:
“Саясаттану курсының мақсаты суденттерге саяси институттардың, құбылыстардың, қазіргі қоғам дамуындағы саяси мәселелердің мәнін түсінуге, саяси сананы қалыптастыруға, адамзат дамуының баламалы даму жолдары бар екендігін түсіндіру және демократиялық саяси мәдениеттің құнділіқтары мен ережелерін бойларына сіңруді үйрету.
3.3. Курстың негізгі міндеттері:
- суденттер санасында қазіргі заманғы қоғамтанудың негізін қалыптастыру,
-болашақ мамандардың саяси-идеологиялық, азаматтық ой-өрісін дамыту,
-қоғамның саяси- әлеуметтік мәселелер мәнін дұрыс түсінуге және дұрыс шешудің жолдарын таба білуді қалыптастыру.
3.4. Курсты меңгергеннен кейінгі білім мен қабілеттілік:
-Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарын білу
- Боашақ мамандық жайлы, оның ертеңгі өзі үшін пайдалануын, оның ғылымилық және практикалық мәнін айқындау барысында эмпирикалық саяси талғамммен зерттеулер жүргізе білу.
-.Тестілеу, анкета жүргізу, статистикалық талдау әдістерін қолдану арқылы әлеуметтік өмірдің барлық салаларындағы әлеуметтік құбылыстарды талдай білу.
3.5 Курстың перереквизиттері:
- саясат әлеуметтануы, тарих, құқықтану, мәдениеттану, дінтану, философия, экономика, психология, этика
3.6. Курстың постреквизиттері:
- қоғамның саяси жүйесіне баға беру, мемлекеттің саяси шараларына қатынасу, қоғамның саяси-әлеуметтік мәселелерін шешуге ат салысу.
Достарыңызбен бөлісу: |