ОӘК.042-16.1.09/03 – 2013
|
«__»____ 20__ ж.
№ ___ басылым
|
беттен -ші бет
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ОӘК.042-16.1.09/03 – 2013
|
ПOӘК
«Технологиялық машинаның монтажы
мен эксплуатациясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
«__»____ 20__ ж.
___ басылым
|
ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАРДЫ ЖӨҢДЕУ»
5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»
мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
Мазмұны
1
|
Дәріс оқулар
|
|
2
|
Лабораториялық сабақтар
|
|
3
|
Студенттің өздік жұмысы
|
|
ДӘРІС ОҚУЛАР
1 дәріс. Кіріспе.
Дәріс жоспары:
Курстың мақсаты мен тапсырмасы.
Жөндеу жұмыстарын дайындауды ұйымдастыру.
Құрылыс-жөндеу жұмыстарына техникалық құжаттама.
1) Монтаж және қалпына келтіру жұмыстарының техникалық даму бағытының негізі - жұмысты өнеркәсіптендіру және механикаландыру, өндірістің экономикалық және прогрессивтік әдістерін енгізу болып табылады.
Технологиялық жабдықтар, көтерме-тасымалдау құралдары мен технологиялық құбыр өткізгіштерді қалпына келтіру, жөндеу және монтаждау жұмыстары жабдықты эксплуатациялау сенімділігі мен жобалық қуатты жылдамырақ меңгеруіне, сонымен қатар өндірілетін өнім сапасы мен кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне байланысты.
Тамақ өндірісіндегі машиналар мен аппараттарды эксплуатациялау спецификасы қосымша қиындықтар тудырады және жабдықтың сенімділігіне жоғары талаптар қояды. Осы талаптарды монтаждау және қалпына келтіру жұмыстарын орындағанда ескеру қажет.
Ет өнеркәсіптерінде жабдықты монтаждау және қалпына келтіру жұмыстарын инженер-механиктер, техник-механиктер, слесарь-жөндеушілер, қалпына келтірушілер және басқа да мамандар орындайды. Әрбір жұмысшы құрылымды, жұмыс істеу принципін, монтаждаудың ережелері мен ерекшеліктерін, машиналар мен аппараттардың негізгі түрлерінің техникалық қызмет етуі мен эксплуатациясын жетік білуі тиіс.
«Технологиялық машинаны эксплуатациялау және монтаждау» пәнін оқыған студенттер монтаждау және қалпына келтіру жұмысын жүргізудің негізгі ережелері мен ерекшеліктерін білуі қажет; жабдықтың негізгі түрлерінің жұмыс ақауының себептерін тауып, оны жоя білуі тиіс; бөлшектерді эксплуатациялаудың дұрыс әдісін анықтап, жабдықты қалпына келтіру үшін тиімді әдіс таңдауы керек; жабдықты монтаждау және қалпына келтіруді жүргізгендігі туралы қажетті құжаттамаларды жасай білуі тиіс.
2) Монтаждау деп дайын бөлшектерден құралдар мен оның тораптарын, машиналар, агрегаттар, технологиялық жабдықтар, құрылымдар, қондырғыларды жинау процесін айтамыз.
Жаңадан құрылған кәсіпорында монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру штаттық график құрудан басталады. Қазіргі таңдағы жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар штаттық графиктің төмендегідей типтік сұлбасынан тұрады:
- директор,
- бас механик,
- құрылысты техникалық бақылау бойынша инженер,
- хатшы.
Олардың міндеттеріне монтаждау және құрылыс жұмыстарын орындау үшін мамандандырылған мекемелермен келісім жасасу, келісілген міндеттемелердің орындалуын, сонымен қатар құрылыс-монтаждау жұмысына қатысатын барлық мекемелер арасындағы өзара байланысты бақылау.
Тамақ өндірісі жаңа кәсіпорындарының жабдықтары мен құрылысына, сонымен қатар бұрыннан бар кәсіпорындарды қайта құру, кеңейту мен техникалық қайта жабдықтандыруға жұмсалатын шығындар күрделі салымдар деп аталады. Олар инструмент пен жиһаздар, жабдық алу, күрделі салымдардың жалпы сомасының 60-65% құрайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау және басқа да күрделі салымдардың шығындарынан құралады. Технологиялық жабдықтар, құбыр өткізгіштерді монтаждау және металлды құрылым құрылыс-монтаждау жұмыстарына кіреді. Ол күрделі салымдардың жалпы сомасының 7-17% құрайды.
Қыс кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу механикалық монтаждау жұмысының технологиялық процесін күрделендіреді және СНиП сәйкес шығындар тұрғызылатын объектінің орналасуының географиялық ерекшеліктеріне байланысты 30%-ке дейін өседі.
3) Құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін техникалық құжаттама келесілерден тұрады:
- жобалау-техникалық,
- монтаждау-технологиялық,
- аралас құжаттама.
Жобалау-техникалық құжаттама келесі құжаттардан тұрады:
- сызба тізімі көрсетілген бет;
- жобаланған ғимараттар мен алаңдардың бас жоспарының сызбасы;
- құрылыс кәсіпорынының жобасы;
- цехтар мен бөлімшелердің қималары, жобаларынан тұратын технологиялық, тоңазытқыш және жылу техникалық бөліктердің жобасы;
- технологиялық жабдықты таңдауға негізделген және есептері бар түсіндірме хат;
- технологиялық құбыр өткізгіш элементтері, типсіз металл құрылымдардың құрастырма бірліктері мен жалпы түрінің сызбалары, сонымен қатар стандартты емес жабдықтар, құбыр өткізгіштің секциялары мен блоктары, элементтері мен металл құрылымдар дайындау үшін бөлшекті сызбаларын жетілдіру;
- қолданылған стандарттар, нормалар мен типтік сызбалардың құрылымдары, құрастырма бірліктер мен бөлшектердің тізімі; технологиялық жабдықты жасаған зауыттың техникалық құжаттамасы.
Монтаждау-технологиялық құжаттама келесілерден:
- өндірістік жұмыс жобасы;
- жинақталмаған күйде түскен жабдықты монтаждау және стандартты емес жабдықты жасаудың технологиялық картасы.
Аралас құжаттма келесілерден:
- кәсіпорын құрылысының жалпы құнын анықтайтын смета;
- тұрғызылатын кәсіпорын кешеніне кіретін жеке объектілерге смета;
- әрбір объектіге жабдық алуға және оны монтаждау жұмысы құнының шығын мөлшерін анықтайтын смета;
- жобалық жұмыстарға смета.
2 дәріс. Монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру.
Дәріс жоспары:
Монтаждау жұмысының кезеңдері.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу әдістері.
Монтаждау жұмысының графигі.
Жабдықты монтаждауда қауіпсіздік ережесі.
1) Монтаждау жұмыстарын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады — ұйымдастыру және монтаждау.
Ұйымдастыру кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізіледі:
- жобалық құжаттаманы алу және оқу;
- монтаждау материалдарын, монтаждау персонасы мен монтаждау тәсілін жинақтау;
- жабдыққа сұраныс беруді тексеру;
- стандартты емес жабдықтарды мекелерге және монтаждау дайындамаларын монтаждау мекемелерінің шеберханаларына түсіру және дайындау.
Монтаждау жұмыстары үш кезеңде орындалады:
1 дайындау жұмыстары кезеңі – жабдықты сұрыптау мен жинақтау, монтаждау әдісін дайындау, монтаждау құрылыс объектілерін тексеру және қабылдап алу, белгілеу жұмыстары, монтаждау болттарына тесіктер дайындау;
2 негізгі жұмыстар кезеңі – негізгі жабдықты бекіту жұмыстары, көмекші қондырғыларды жинақтау, жабдықты жуу және нақты жинау, жетек пен қорғаныш орнату, жабдықты жеке іске қосу;
3 соңғы жұмыстар кезеңі – жабдықты бос күйінде кешенді іске қосу, жабдықты жүктемемен кешенді іске қосу және объектіні эсплуатацияға өткізу.
2) Құрылыс-монтаждау жұмыстары:
- құрылыс,
- арнайы құрылыс,
- монтаждау жұмыстары.
Құрылысқа ғимараттар мен алаңдарды тұрғызу жұмыстары жатады. Арнайы құрылысқа желдету, сантехника, изоляциялық жабын, кірпіш және темірбетонды құбырларды тұрғызу жұмыстары жатады. Монтаждау жұмыстарына жабдықты, металл құрылымды, құбыр өткізгішті, КИП, энергетикалық жабдықты, көтеру-тасымалдау жабдықтарын монтаждау кіреді.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының үш әдісі бар:
-мердігерлік
- шаруашылық
- аралас.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының мамандандырылған мекемелерде орындалуын қарастыратын әдіс мердігерлік деп аталады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын басқа мекемелердің қатысуынсыз, тек штаттағы ет комбинатының жұмысшылары орындауын қарастыратын әдіс шаруашылық деп аталады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын ет комбинатының штаттағы жұмысшылары мен мамандандырылған мекемелер бірлесіп жүргізуін қарастыратын әдіс аралас деп аталады.
Қазіргі таңдағы жаңадан тұрғызылған және қайтадан құрастырылған кәсіпорындар ретті әдісті қолданады. Бұл әдіс жұмысты келісім бойынша жоғары біліктілікті мамандармен және уақытында орындалуын қамтамасыз етеді.
Мердігерлік әдісте құрылыс-монтаждау жұмысы процесіне келесідей мекемелер қатысады:
- тапсырыс беруші,
- бас мердігер,
- субмердігер.
Тапсырыс беруші деп кәсіпорынды тұрғызатын әкімшілікті атайды, бас мердігер — құрылыс мекемесінің әкімшілігі (әдетте территориялық құрылыс трестінің әкімшілігі), субмердігер — мамандандырылған монтаждау мекемесінің әкімшілігі (бір немесе бірнеше).
Монтаждау жұмыстарын жүргізудің келесідей әдістері бар:
- тізбектей,
- аралас,
- ірі блокты,
- ағынды.
Бір машинаны жинау мен орнату бірінен кейін бірі кезектесіп жүретін монтаждау әдісі тізбектей деп аталады. Жабдықты құрылыс аяқталғаннан кейін жөндейді. Бұл әдісті цехты қайта жөндеу процесінде жұмыс көлемі кіші болған кезде қолданады.
Құрылыс және монтаждау жұмыстары қатаң түрде монтаждаушы және құрылыс мекемелерімен келісіліп бекітілген графикке сәйкес жүргізілген әдіс аралас деп аталады. Бұл әдіс кеңінен тараған прогрессивті және тиімді, бірақ тиянақты инженерлік даярлықты қажет етеді. Оны тұрғызылатын кәсіпорынның құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі үлкен болған кезде қолданады.
Жабдықты ірі кешенді блок түрінде жөндегендегі монтаждау әдісін ірі блокты деп атайды. Іріленген жинауды зауыт-дайындаушы немесе алдын-ала монтаждаушы алаңда жүргізеді. Бұл әдіс монтаждау процесін кенет қарқындатады.
Жабдық зауыт-дайындаушыдан төмен дәрежелі дайындықпен келсе, бұл әдіс ағынды деп аталады. Бұл әдіс тасымалдауға ыңғайлы, бірақ монтаждау орнында монтаждау жұмысының көлемі өседі.
3) Берілген жұмыс көлемін бірқалыпты, жоспарлы және белгіленген уақытында орындау үшін монтаждау графиксі жетілдіріледі. Олар монтаждаудың негізін ұйымдастыру және жалпы технологиясына қажет. Бұл графиктерде жабдық тобын немесе бірлігін монтаждау бойынша жеке процестердің ұзақтығы, сол сияқты цех және жұмыс түрі бойынша жалпы монтаждаудың уақыты бекітіледі (механомонтаж, сантехмонтаж, электромонтаж).
Графикті тұрғызудың негізі – жабдық пен жұмыстың әртүрлігіне байланысты біркелкілік нормалары мен бағамдарының техникалық негіздемесімен белгіленген нормативті еңбек сыйымдылығы мен жұмыстың берілген уақыты болып табылады.
Құрылыс-монтаждау жұмысын орындаудың екі типін қолданады — сызықтық және жүйелік.
Сызықтық график монтаждау жұмыстарының өзара байланысында көрінбейді және құрылыс монтаждау шартының өзгерісі бойынша (жабдықты жеткізу уақыты, монтаждауға құрылыс объектілерінің дайындығы, жұмысшылар саны және т.б.) сызықты графиктерді әр жолы толығымен қайта тұрғызыпиотыру қажет. Сонымен қатар, сызықты графиктерде құрылыс уақытын (монтаждау) анықтайтын негізгі жұмыстар көрсетілмеген, бұның нәтижесінде бұл жұмыстарға ерекше көңіл бөле алмаймыз.
Жүйелік графиктер мен сәйкесінше жүйелік жоспарлаудың мұндай кемшіліктері жоқ. Сонымен қатар оларды практикада қолдану құрылыс уақытын жеделдететінін дәлелдеді.
Құрылысты ұйымдастыру мен басқаруда туындайтын сұрақтарды дұрыс шешу үшін жүйелік жоспарлау әдісін қолданады. Осы мақсатта өндірістік процестің графикалық моделін беретін жүйелік графиктерді тұрғызады. Бұдан барлық құрылыс, монтаждау және арнайы жұмыстарды орындаудың технологиялық тізбегін көруге болады. Жүйелік графиктің элементтері жұмыс пен жаңалық болып табылады.
Жұмыс — белгілі мөлшердегі еңбек шығынын қажет ететін өндірістік процесс (мысалы, технологиялық жабдықтар мен аппараттарды монтаждау).
Жаңалық — келесі жұмысты бастауға мүмкіндік беретін бір немесе бірнеше жұмыстардың аяқталу фактісі (мысалы, жинау аяқталған, технологиялық жабдық жөнделген); жүйелік графикте дөңгелекпен белгіленген.
Жүйелік графиктегі жұмыстың үздіксіздігі жол деп аталады.
3 дәріс. Жабдықты монтаждауды ұйымдастыру.
Дәріс жоспары:
Монтаждаушы алаңды дайындау, өлшеу жұмыстары.
Жабдықты қабылдау, сақтау және консервациялау.
Монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған механизмдер, құралдар мен бейімдеу құралы.
Негіз және фундаменттер.
1) Жолдар мен коммуникациялары бар өндірістік және тұрмыстық ғимараттардың кешені монтаждау алаңы деп аталады. Монтаждау алаңын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік талаптарына ерекше көңіл бөлінеді — қауіпті аймақтарды қоршау, монтаждау алаңын жарықтандыру, өртке қарсы құралдар мен дәрі-дәрмек қобдишасының болуы.
Монтаждаушы жұмыстардың басында жұмыс нөлдік циклден орындалуы қажет: подъездік жолдар мен өту орындарын дайындау, фундаменттерді даярлау, монтаждау алаңын құрама темірбетонды тақталармен жабу, алаңдарды су өткізгіш, электр энергиясы, канализациямен қамтамасыз ету. Алаңды ұйымдастыру бригадалы және прорабтық үйлерді құру, құралдар қоятын қоймалар мен станоктары бар жөндеу шеберханаларынан, жабдықты құрастыру алаңы мен жабдықты сақтауға арналған алаңнан тұрады.
Пісіру жұмыстарын жүргізушілердің жұмыс орындарын қоршайды.
Құрылыс және монтаждау өлшемдері. Объектіні темір бетонды қаптамамен механомонтаждық жұмыстарды орындау кезінде жабдықты орнату үшін тізбектей екі өлшем жасайды — құрылыс және монтаждық.
Өлшеу алдында құрылысшылар колониялар, прогондар, бойлық балкалар, едендер, қабырғалар мен төбелердің жоспар бойынша орналасуын және олардың биіктің белгілерін (реперлар), сонымен қатар монтаждық тесіктердің орналасуын мұқият қарау керек.
2) Спецификация бойынша жобалық мекеме жетілдірген жабдыққа тапсырыс беру, оның тиеу мен жеткізіп беруді бақылау, тасымалдау құралынан түсіріп алу, объект жанындағы қоймаларға жеткізу және ол жерде сақтау тапсырыс берушінің міндетіне кіреді (кәсіпорынды тұрғызушы әкімшілік).
Зауыт-дайындаушы өздері жасаған жабдықтың дұрыстығы мен жинақтылығына және соңғы тапсырысқа сай келетіндігіне жауап береді.
Монтаждаушы мекеме жабдықты тапсырыс беруішіден қабылдап алғаннан кейін немесе бас мердігердің жөнделген жабдықты тапсырыс берушіге өткізгенге дейінгі сақталуына міндетті; басқа уақытта жабдыққа жауап беру тапсырыс берушінің құзырында.
Жабдық дайындалған кезден монтаждан кейін жұмысқа жіберу уақытында төмендегідей қарау, тексеру және қабылдау-өткізулерден тұрады:
1-ші саты — толық техникалық бақылау және бұл сынауды зауыттың ОТК жүргізеді. Сынау нәтижелерін паспортқа кіргізеді (сертификат).
2-ші саты — сыртын бақылау, пломбысын тексеру, буып-түю мен орын санын тапсырыс беруші (жүк алушы) тасымалдаушы мекеме өкілдерімен жабдықтың жеткізілу бекетінде келісіледі. Ақау немесе жетіспеушілік болған табылған жағдайда коммерциялық акт рәсімдеп, бұл сұранысын тасымалдаушы мекемеге қояды.
3-ші саты — жалпы ішкі бақылауды тапсырыс беруші монтаждаушылармен бірге жинақтың түгелдігін тексеру үшін алғаннан кейін 20 күн уақыт ішінде сақтау қоймасында жүргізеді, жабдықтың жалпы техникалық жағдайы мен жобалық және зауыттық құжаттамаға сәйкестігін тексереді. Нәтижелерін алдын-ала бақылау актісін рәсімдеп, жүкті зауыт-жіберушіге аталған актіні көрсетеді.
4-ші саты — жабдықтың ішкі бақылауын монтаждаушы мекеме тапсырыс берушімен бірге (бас мердігер) жабдықты монтаждау үшін қабылдау актісін рәсімдей отырып сақтау қоймасында жүргізіледі.
5-ші саты — жабдыққа толық техникалық бақылау жүргізуді монтаждаушы мекеме тапсырыс берушімен (бас мердігер) монтаждау процесі барысында жабдықты орнату орнында жүргізеді. Зауыт-жеткізушіден жабдықтың паспорты мен ТУ сәйкес толық тексеру жүргізіледі. Жетіспеушіліктер байқалған жағдайда ақау актісін құрастырып, оны жеткізушіге ұсынады.
6-шы саты — жөнделген жабдықты тексеруді объектіні қабылдау-өткізу процесі бойынша жұмысшы комиссиясы жүргізеді де, жабдықтың жұмысына сәйкесінше акт рәсімдейді. Оны зауыт-жеткізушіге және зауыт-дайындаушыға осы актінің сәйкесінше көшірмелерін береді.
Жабдықты сақтау әдісі бойынша төрт топқа бөледі: ашық алаңдарда сақталатын (жауын-шашыннан қорғауды талап етпейтін), қорған астында сақталатын (жауын-шашыннан қорғауды қажет ететін, бірақ температура тербелісінен қорғауды талап ететін), жылу берілмейтін жабық қоймаларда сақталатын (ұсақ бөлшектер, крепеж, арматура), жылу берілетін жабық қоймаларда сақталатын (электродтар, КИП, тербеліс үштіректері және т.б.).
3) Монтаждау бригадаларының еңбегін ұйымдастыру оларды қажетті құралдармен және жұмыс орнын арнайы қозғалмалы орындармен кешенді қамтамасыз ету әсерінен жақсарады. Бұл орын әртүрлі құралдарды, техникалық құжаттамалар, медициналық қобдишалар мен басқа да өндірістік процеске қажетті заттарды сақтауға металды құрылымнан тұрады, сонымен қатар бригада мүшелерінің аз уақыт демалуы мен ауа температурасы төмен болған кезде жылыту мүмкіндіктері де қарастырылған. Бұл орынның сыртында газ кескіш шлангтарды сақтауға арналған жәшік бар.
Шағын механизация құралдарының кешенінде қолмен істейтін машиналарға үлкен көңіл бөлінеді. Қозғалтқышқа берілетін энергия түріне байланысты қолмен істейтін машиналар технологиялық машиналарды монтаждауда үш топқа бөлінеді: электрифицирленген, пневматикалық және гидравликалық.
Негізгі жұмысшы органының қозғалыс сипатына қарай (шпинделдің) қолмен істейтін машиналарды тұтынатын энергия түріне тәуелсіз төрт топқа бөлуге болады: жұмысшы органның айналмалы және шеңберлей қозғалыстағы (тескіш және тегістеу машиналары, гайкабұрағыштар, дискілі тақталар, сонымен қатар шынжырлы аралар мен соққылар); соққылап-айналдыру (гайкабұрағыштардың кейбір түрлері); негізгі жұмысшы органның қайтымды қозғалысы, өз ішінде бұл машиналар соққы әсерлі құралдыр (балғалар), ілгерінді-кейінді қозғалыстағы құралдар (аралар, кескіштер) және қысым түсіретін құралдар (пресс-клещте, пресс-скобалар); негізгі жұмысшы органның күрделі қозғалысымен.
Монтаждау жұмысына қатысатын қолмен істейтін машиналарға төмендегідей талаптар қойылады: минималды масса және жеткілікті қуат, жұмыс кезіндегі сенімділігі, қауіпсіздігі, әмбебаптығы мен ыңғайлығы.
4) Негіз деп жабдық пен фундаменттің ауырлық күші әсерінен пайда болатын және жабдықтың жұмысы кезінде туындайтын қосымша күштер жүктемесі әсер ететін грунт қалыңдығын немесе саты аралық жабынның құрылым элементтерін атайды.
Негіз табиғи және жасанды болып бөлінеді.
Негіз табиғи деп танылады, егер грунттар ғимаратты құрылыс кезінде және фундаменттер ешбір алдын-ала жақсартумен беріктендіруді қажет етпесе.
Жасанды деп танылады, егер грунтты алмастыру немесе алдын-ала беріктендіру қажет болса.
Жеткілікті қалыңдықты тығыздалып жайылған құмдар жақсы негіз болып табылады. Құм неғұрлым ірі болса, ол соғұрлым жүктемені көтере алады.
Көптеген өсімдік заттарына бай және олардың қалдықтары перегноя немесе торф түріндегі грунттар негіз бола алмайды және ауыстыруға немесе жеңілдетуге келмейді. Грунттарды жеңілдетудің бірнеше әдістері бар.
1 - негіз; 2 - фундамент; 3 –машина; 4 - фундамент табаны
3.1. сурет. Фундамент құрылымының сұлбасы.
Фундамент деп жүктемені жабдықтан негізге беруге арналған тірек құрылымын айтады.
Фундаменттің негізгі геометриялық параметрлері — оның құйылу тереңдігі мен табанының ені.
Фундаменттің табаны деп негіз бетімен біріктірілген оның төменгі бетін айтады. Жердің жобалық бетімен табаны арасындағы ара қашықтықты фундаменттің құйылу тереңдігі деп атайды.
Негіз бен фундаментті арнайы мердігер мекемелер келісім бойынша тапсырыс берушімен алдын-ала бекітілген жоба бойынша салады. Бұл фундамент пен негізді есептеу жауапты кезең екендігін дәлелдейді. Олар құрылысшы механиктер, инженерлі геологтар, грунттың механиктері мен гидрологтарының білім негізіне сүйенеді. Сондықтан бұны сәйкес біліктіліктегі мамандар орындайды.
4 дәріс. Такелажды жұмыстарды ұйымдастыру.
Дәріс жоспары:
Такелажды жұмыстар.
Строптар, блоктар және полиспасттар, қолды және электрлік тальдар, лебедкалар, домкраттар.
Тіректі құрылымдар. Өздігінен жүретін көтергіш механизмдер.
Жабдықты фундаментте өлшеу. Жабдықты бекіту және виброизоляциялау.
1) Монтаждау, жөндеу және тиеу-түсіру жұмыстары процесінде жабдықты көтеру мен орын ауыстыруы бойынша жұмсытар, сонымен қатар жабдықтан тораптар мен бөлшектерді бекіту немесе шешіп алу жұмыстарын такелажды жұмыстар деп атайды.
Жабдықтарды қоймадан цехтарға темір жолдар мен автомобиль транспорттары арқылы жеткізеді.
Салмағына қарай жүктер жеңіл салмақты (250 кг көп емес), ауыр салмақты (250 кг-нан 50 т дейін), өте ауыр (50 т жоғары) және өлі. Өлі жүктер — бұл белгісіз салмақтағы, жерге кіріп кеткен, басқа да жүктермен қысылып қалған немесе т.б. жүктер. Мұндай жүктерді кранмен көтеруге тыйым салынады.
Пішіні мен өлшеміне байланысты жүктер ауқымды және ауқымды емес болып бөлінеді.
Ауқымды өлшемдері темір жолдың қозғалмалы құрамынан аспайтын, ал автомобиль транспорты үшін көше мен жол бойынша бекітілген қозғалыс ережелерінің нормасынан тыс емес жүктер ауқымды жүктер деп аталады.
Жүктерді жүк көтергіш механизмдерге строптың көмегімен бекітеді. Көтеруге немесе орын ауыстыруға арналған жүкті строповкалау алдында стропальщик оның салмағын білуі тиіс. Жабдықтың салмағын әдетте механизмнің қаңқасына бекітілген зауыттық кестеде көрсетеді. Егер жүк буып-түйілсе, онда оның салмағы жәшікте жазылған.
2) Сақиналы жалғанған немесе арнайы аспалы құралдармен жабдықталған, жүкті жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз бекітуді қамтамасыз ететін арқан кесіндісін стропа деп атайды. Құрылымы бойынша строптар жұмсақ және қатты болы келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |