Курстың негізгі міндеттері – студенттер клетка биологиясы саласындағы алған теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын келешекте ауыл шаруашылық, медицина, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша қызмет ету барысында қолдана білу керек.
Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі керек :
Клетка теориясының негізгі қағидаларын әдістемелік тұрғыдан талдауды, клеткалардың және клетка органоидтарының құрылыстары мен қызметтерін қалыпты және патологиялық жағдайда қарастыруды;
Клетка құрылыстары мен қызметтерін корреляциясын;
Клеткалардың әр түрлі жолмен бөлінулерінің механизмдерін;
Қалыпты және патологиялық жағдайларындағы цитодифференцировканың молекулалы – генетикалық негіздерін;