Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ



бет58/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ

Ядрошық кариоплазма ядро қабықшасы.


1. Ядрошықтың, ядро қабықшасының құрылысы мен қызметі.
2.Ядродағы ядрошықтардың саны, олардың хромосомнан пайда болуы (ядрошық құру орталығы).
3.Ядрошықтың химиялық құрамы (ДНҚ. РНҚ белоктар). Ядрошық - рибосомалык РНҚ синтезделетін орын.
4.Рибосомдардың құрылысы. химиялық құрамы және қызметі.
5.Про және эукариоттардағы рибосомалардың құрылысы.
6. Ядрошықтың нәзік құрылысы, түйіршікті және жіпшелі компоненттері.
5.Ядрошық құрылысының қызметіне қарай өзгергіштігі.
6.Ядро порының құрылысы. Ядро қабықшасының цитоплазма құрылымдарымен және хромосомалармен байланысы.
7. Ядро поралары арқылы заттардың тасымалдануы.

Ядро өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының тұрақты құрылымдық бөлігі. Адам мен кейбір жануарлар организмдерінің эритроциттерінде ядроның болмауы олардың жеке дамуындағы белгілі кезеңінде жойылып кетуіне байланысты. Өткен ғасырдың аяқ кезінен бастап ядроның екі күйін ажыратады: митоздық және интерфазалық, интерфаза кезінде ядрода жалпы клеткадағыдай сияқты алмасу процестері жедел жүреді. Осыған байланысты интерфазалық ядроның, тыныштық күйіндегі ядро деп қарастыратын ескі түсініктің қазіргі кезде тарихи ғана маңызы бар. Түрлі клеткаларда ядроның пішіні әр түрлі болады. Ядролардың көпшілігі шар немесе эллипс пішінді келеді. Көбінесе клетканың пішініне тәуелді. Физиологиялық белсенділігі жоғары клеткаларда ядроның пішіні күрделі болады. Мысалы, омыркалылардың дәнді лейкоцидтері мен кейбір омыртқасыз жануарларды көптеген бездік клеткаларында ядроның пішіні ғажап келеді, сегменттелген нитрофильдік лейкоциттердің ядросы бірнеше сегменттерден тұрады. Кейбір насекомдардь өрмек бездерінің ядросы бұтақталып келеді. Ядроларды пішіні клеткасының тіршілік әрекеті процесі кезінде өзгеруі мүмкін. Әрбір клеткада көбінесе бір ядро болады. Бірақ 2-3 немесе бірнеше ондаған ядролары бар көп ядро клеткаларда кездеседі. Көп ядролы клеткалар бірнеше бір ядролы клеткалардың қосылуының, немесе цитоплазмасы бөлінбей ядросының бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Көп ядролы клеткалар жоғары дәрежеде мамандалған ұлпаларға тән. Бұған жүздеген ядролары бар көлденең салалы бұлшық ет талшықтары мысал бола алады. Көп ядролы құрылымдарды симпластлар деп атайды. Поляр жіктелген клеткалардың ядроларының орналасуы біршама тұрақты болады. Мысалы, цилиндр пішінде эпителиад клеткаларда ядро әдетте клеткалардың негізіне жақын орналасады; куб тәрізді эпителийде ядро клетканың ортасында жатады. Бірақта ядролардың орналасуы клетканың тіршілік әрекетінің өзгеруіне байланысты өзгеруі мүмкіи. Бұл насекомдардың ооциттерінде байқалады: ұсақ ооциттерінің ядролары ортасында орналасады, ал ооциттердің өсу кезінде қоректендіруші клеткаларға қарай жылжиды. Ядролардың үлкендігі клеткалардың түрлі типтерінде түрліше болады, бірақ та клеткалардың бір типінің өзінде бірдей болмауы мүмкін.
Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен шектелген ядро мен цитоплазмадан тұрады. Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан), органоидтардан және кірінділерден түзіледі. Кірінділер немесе параплазмалық құрылымдар дегеніміз клеткалық метаболизмге қатыспайтын, клеткалардың көпшілігінде байқалатын алмасу өнімдерінің жиынтығы. Бұған жататындар майдың тамшылары, гликогеннің түйіршіктері, белоктардың кристалдары және пегменттік кірінділер. Органоидтар клеткалардың барлығыда дерлігінде кездеседі және заттар алмасуында маңызды функция атқарады. Бұларға эңдоп-лазмалық тор, Гольджи аппараты, митохондриялар, тағы басқалары жатады.
Өсімдіктер мен жануарлар организмі клеткаларының атқаратын қызметтері әр түрлі болғаңдықтан, олардың пішіні түрліше болады. Клеткалардың пішіні оның организмдегі орнына да байланысты.
Жануарлар клеткалары жұлдыз тәрізді (нерв клеткасы), цилиндркуб тәрізді (эпителий клеткалары), сопақша (эритроциттер), тармақталған (мезенхиманның клеткалары), жұмыр (жұмыртқа клеткасы) т. т. болады.
Клеткалар пішіні жағынан ғана емес үлкеңдігі жағынан да ажырайды. Мысалы, адамның жұмыртқа клеткасы (диаметрі 0,1 мм) көлемі жағынан адамның сперматозоидынан 1 млн, есе үлкен.
Адамның нерв клеткасының аксонының ұзындығы 1 метрден артық, эпидермистің, бүйректің, бауырдың, ішектің клеткаларының үлкеңдігінің диаметрі 30 мкм. Адамның ең кішкене клеткасы кіші лейкоциттер, диаметрі 3-4 мкм. Бактериялық клеткалар өте ұсақ келеді. Кебіреулерінің үлкендігі 0,2-0,3 мкм. Белгілі клеткалардың ішіңдегі ұсағы микоплазманың клеткасы (0,10-0,25 мкм).
Прокариоттардың ядросында митоздық аппарат пен ядрошықта жоқ. Прокариондық клеткалар аминқышқылдары мен көмірсуларынан тұратын клеткалық қабырғамен қоршалған. Олардың плазмалық мембранасы мезосомалар деп аталатын цитоплазмаға қарап ойындылар құрайды. Прокариоттардың клеткаларына цитоплазмалық ағыс пен амеба тәрізді қозғалыс тән емес, жабайы талшықтардың көмегімен қозғалады. Прокариондық клеткалардың цитоплазмасы біртекті емес, онда фибриллалар ұсақ мембраналық көпіршіктер мен жалпақ қапшықтар, рибосомалар, майдың тамшылары, полисахаридтер мен полифосфаттар жиынтықтарын байқауға болады. Бұлардың бәрі цитоплазманың негізгі затында, матриксінде, гиалоплазмада орналасқан. Цитоплазманың матриксінде ерігіш белоктардың белоктар — гистондар жоқ, тұйық сақина пішінді ДНК-ның қос тізбегінен тұратын бір хромосомада орналасқан.
Прокариоттардың ядросында митоздық аппарат пен ядрошықта жоқ. Прокариондық клеткалар аминқышқылдары мен көмірсуларынан тұратын клеткалық қабырғамен қоршалған. Олардың плазмалық мембранасы мезосомалар деп аталатын цитоплазмаға қарап ойындылар құрайды. Прокариоттардың клеткаларына цитоплазмалық ағыс пен амеба тәрізді қозғалыс тән емес, жабайы талшықтардың көмегімен қозғалады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет