Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ



бет85/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ

Қосымша әдебиеттер.
7. Мэзия Д. Митоз и физология клеточного деления. М:Ил, 1971.
8. СвенсонК, Уэбстер П. Клетка . М: Мир, 1989.
9. Уиклин Б. Электронная микроскопия для начинающих . Мир, 1975.
10. Фрей-Висслинг А. Сравнительная цитоплазмы. М.Мир 1976.
11.Хэм, Кормак. Гистология, Т. М: Мир, 1989.
12..Ченцов Ю. С. Общая цитология. М: Изд-во М . Унв. 1984.
13. Ченцов Ю. Поляков В. Ультраструктура клеточного ядра. М: наука, 1994.
14. Ролан Ж, Селошн А, Атлас по биологии клетки. М: мир 1978.
15.Ролан Ж, Селошн А, Атлас по биологии клетки. М: мир 1978.
.

12 Лекция


Пракариот клеткаларының бөлінуі. Клетканың бөліну процесі кезіндегі клетка органоидтарының тағдыры.

1.Клетка циклін рет ттеу. Митоздың түрлері (плевромитоз және ортомитоз ).


2.Жыныс клеткаларының бөлінуі (мейоз).
3.Мейоздың сатылары, олардың ұзақтығы және оларға сипа тама.
4.Хромосом конъюгациясы, кроссинговер, хромосом санының редукциясы.
5.Мейоздың биологиялық маңызы. Митозбен мейоздың айырмашылықтары.

Мейоз. Мейоз (грекше meiosis – азаю) митоздың ерекше формасы. Бөлінудің бұл ерекше түрі жыныстық жолмен көбейетін эукариоттарға тән. Ұрықтану кезінде гаметалардың ядролары міндетті түрде қосылады, соның нәтижесінде зиготада ДНК мен хромосомалардың саны екі есе көбейеді. Сондықтан жыныс клеткалары түзілген кезде хромосомалардың санын кемітетін механизм болуы керек. Бұл мейоз процесі кезінде пісіп-жетілуші жыныс клеткаларының арнаулы бөлінуі кезінде редукциялық бөлінуде, қамтамасыз етіледі. Осының нәтижесінде клеткадағы хромосомалардың саны екі есе кемиді. Мейоз І және ІІ деп белгіленетін екі клеткалық бөлінулермен қамтамасыз етіледі. Бұлардың нәтижесінде әрқайсысында хромосомалардың гаплоидтық жинағы бар төрт клетка пайда болады. Жыныстардың екеуінде де ақырғы өнімдерін есептемегенде мейоз негізінде ұқсас жүреді. Мейоз митоз сияқты бірнеше кезеңдерден тұрады. Профаза, мейозда баяу жүреді, сондықтан көп уақытқа созылады. Бірінші (І) мейоздық бөлінудің профазасы бес кезеңнен тұрады. Лептонема – жіңішке жіптер кезеңі, зигонема – бірігуші жіптер кезеңі, пахинема – жуан жіптер кезеңі, диплонема – қос жіптер кезеңі, диакинез – оқшауланған қос жіптер кезеңі.
Хромосомалардың конъюгациясы аяқталғаннан кейін зигонема тоқталып пахинема басталады. Бұл кезеңдегі мейозға тән маңызды оқиға кроссинговер, гомологты хромосомалардың ұқсас участіктерінің өзара алмасуы. Кроссинговердің гендік салдары байланысқан гендердің рекомбинациясы. Бивалентті құраушы гомологты хромосомалар жартылай тұратыны байқалады. Хромосомалар өзара бірнеше нүктелерде байланысып тұрады. Бұл нүктелерді хиазмалар (гректің hiasma - қиылысу) деп атайды. Әрбір хиазмада үзілудің және қалпына келудің нәтижесінде хроматидалар участіктерінің алмасуы жүреді. Пахинемада ДНК-ның аздаған мөлшерінің синтезделетіні байқалған. Пахинемалық кезеңде хромосомалардың траскрипциялық қабілеті күшейе бастайды. Осы кезеңде кейбір хромомералардың белсенділігі арта бастайды және хромосомалардың құрылысы өзгереді, «шам щеткалары» түріне ие болады.
Мейоздың профазасының кезектегі кезеңін диакинез деп атайды. Диакинезде ядроның өзінің бекіген бивалентінен бөлінеді және жойылады. Ядролық мембраналардың бұзылуымен және ұршықтың пайда болуымен І мейоздың метафазасы аяқталады.
Анафаза І хромосомалардың полюстерге жылжуынан басталады. Әрбір биваленттің бөлінбеген екі центромерлері қарама-қарсы полюстерге қарап ажырай бастайды. Осының нәтижесінде хиазмалар жарылады және гомологтар бір-бірінен босайды. Хромосомалардың қозғалысы тоқталғаннан кейін әрбір полюсқа редукцияланған немесе гаплоидтық хромосомалардың саны жиналады. Осыдан кейін ядро пайда болады, хромосомалар кері ширатылып жазылады және клетка екіге бөліне алады.
Телофаза І ұзаққа созылмайтын интерфазадан кейін кәдімгі митоз сияқты жүретін мейоздың екінші бөлінуі (мейоз ІІ) басталады. Хромосомалардың бөлініп таралуының нәтижесінде әрбір полюсте олардың гаплоидтық саны пайда болады. Телофаза ІІ мен мейоздың екінші бөлінуі аяқталады. Осы кезде бір клеткадан төрт клетка пайда болады. Бұларда хромосомалардың гаплоидтық саны бірдей болғанмен, олар бір-бірінен өдерінің гендік құрамы бойынша ажырайды.
Мейоздың үш типін ажыратады: зиготалық, гаметалық және аралық. Мейоздың зиготалық типі ұрықтанғаннан кейін, зиготада басталады. Аскомициттерге, диомицеттерге, кейбір балдырларға, базидиомициттерге және басқа организмдерге тән жыныстық процесте алдымен бастапқы клетканың есебінен гаметалар пайда болады. Содан кейін екі гамета қосылып хромосмалардың қос жинағы бар зигота түзіледі. Осы күйінде диплоидтық зигота мейозға кіріседі. Оның нәтижесінде төрт вегетативтік гаплоидтық клеткалар пайда болады, цикл қайтадан қайталайды.
Мейоздың екінші типі гаметалық, гаметалардың пісіп – жетілуі жүреді. Ол көпклеткалық жануарларда, қарапайымдарда және кейбір төменгі сатыдағы өсімдіктерде кездеседі. Мейоздың мұндай типімен көбейетін организмдердің тіршілік циклінде диплоидтық фаза басым болады. Мысал ретінде жыныстық процеспен ғана көбейетін жасыл балдыр кодиумды атауға болады. Бұл жағдайда гаплоидтық ірі аналық және ұсақ аталық гаметалар қосылып жаңа диплоидтық өсімдік болып өсетін зигота пайда болады. Кейін жыныс органдары дамыған кезде редукциялық бөліну жүреді және гаплоидтық гаметала
Мейоздың профазасының кезектегі кезеңін диакинез деп атайды. Диакинезде ядроның өзінің бекіген бивалентінен бөлінеді және жойылады. Ядролық мембраналардың бұзылуымен және ұршықтың пайда болуымен I мейоздың метафазасы аяқталады.
Анафаза I хромосомалардың полюстерге жылжуынан басталады. Әрбір биваленттің бөлінбеген екі центромерлері қарама-қарсы полюстерге қарап ажырай бастайды. Хромосомалардың қозғалысы тоқталғаннан кейін әрбір полюске редукцияланған немесе гаплоидтық хромосомалардың саны жиналады. Осыдан кейін ядро пайда болады, хромосомалар кері ширатылып жазылады және жасуша екіге бөлінеді.
Телофаза I ұзаққа созылмайтын интерфазадан кейін кәдімгі митоз сияқты жүретін мейоздың екінші бөлінуі (мейоз II) басталады. Хромосомалардың бөлініп таралуының нәтижесінде әрбір полюста олардың гаплоидтық саны пайда болады. Телофаза II мен мейоздың екінші бөлінуі аяқталады. Осы кезде бір жасушадан төрт жасуша пайда болады.
Мейоздың үш типін ажыратады: зиготалық, гаметалық және аралық. Мейоздың зиготалық типі ұрықтанғаннан кейін, зиготадан басталады. Аксомициттерге, диомициттерге, кейбір балдырларға, базидиомициттерге және басқа организмдерге тән жыныстық процесте алдымен бастапқы жасушаның есебінен гаметалар пайда болады. Содан кейін екі гамета қосылып, хромосомалардың қос жинағы бар зигота түзіледі. Осы күйінде диплоидтық зигота мейозға кіріседі. Оның нәтижесінде төрт вегетативтік гаплоидтық жасушалар пайда болады, цикл қайтадан қайталанады.
Мейоздың екінші типі гаметалық гаметалардың пісіп жетілу кезінде жүреді. Ол көпжасушалық жануарларда, қарапайымдарда және кейбір төменгі сатыдағы өсімдіктерде кездеседі. Мейоздың мұндай типімен көбейетін организмдердің тіршілік циклінде диплоидтық фаза басым болады. Мейоздың гаметалық типі сүтқоректілерде де байқалады. Мұнда да гаплоидтық гаметалар қосылғаннан кейін диплоидтық зиготалар пайда болады. Жануарларда алғашқы жыныс жасушалары мен жыныс бездері ұрықтарының құрылуы эмбриондық дамудың ертелеу кезеңінде жүреді.
Алғашқы жыныс жасушаларында редукциялық бөліну жүреді, оның нәтижесінде гаплоидтық гаметалар пайда болады. Мейоздың аралық типі жоғары сатыдағы өсімдіктерде кездеседі. Ол спора түзілуі кезінде жүреді.
Бұл жағдайда диплоидтық организмдердің көбею органдарында гаплоидтық аталық (микроспаралар) және аналық (мегаспоралар) жыныс жасушалары түзіледі. Алдыңғы типтен айырмасы мейоздан кейін гаплоидтық жасушалар редукцияланған гаплофаза кезінде тағы да бірнеше рет бөлінеді.
Амитоз – ядро интерфаза күйінде болатын клетканың бөлінуі. Митозға қарағанда сирек кездеседі. Мұнда хромосомалар ширатылмайды және бөліну ұршығы түзілмейді. Амитоз екі клетканың пайда болуымен аяқталуға тиісті, бірақ та көбінесе ядро бөлінеді де екі немесе көп ядролы клеткалар пайда болады. Ядро бөлінгеннен кейін кейде цитоплазма да бөлінеді. Басқа жағдайларда цитотомия жүрмейді, амитоз көп ядролы клетканың пайда болуымен аяқталады.
Клетка бөлінуінің бұл түрі эукариоттардың бәрінде дерлік кездеседі: жануарларда, өсімдіктерде, қарапайымдарда. Әдетте клетканың амитоздық бөлінуі ядрошықтың пішіні мен санының өзгеруімен басталады. Ядрошық бөлінісімен немесе бір мезгілде ядроның бөлінуі жүреді.
Амитоз азғындаған және өлуге тиісті немесе дамудың соңғы кезеңіндегі клеткаларда байқалады. Мысалы, жануарлардың ұрық қабықшаларында, аналық жыныс бездерінің фолликулалық клеткаларында т.б. кездеседі. Өсімдіктерде амитоз жіктелген, уақытша немесе өлуші ұлпаларда байқалады (түйіндердің парехимасында, эндоспермада, перисперманың клеткасында және басқаларда). Ядролардың амитоздық бөлінуінің түрлі формалары патологиялық процестер кезінде жиі кездеседі (қабыну, регенерация, қатерлі ісіктің өсуінде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет