15- Лекция
Клеткалардың бөлінуі Клетка циклі. Клетканың тіршілік циклі: пресинтетикалық, синтетикалык, постсинтетикалық фазалар және митоз.
1.Клетканың бөлінуі — организм көбеюінің орталық кезеңі.
2.Митоз және оның фазалары.
3.Митоздық цикл.
4.Интерфаза және ондағы процестер.
5.Хромосомалардың редупликациясы.
Жасушаның тіршілік циклі деп оның пайда болуы, құрлысы-ның күрделенуі, атқаратын қызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жоюы (өліп қалу) кезеңдері аралығындағы әрқилы құбы-лыстар жиынтығын айтамыз. Яғни жасуша циклі дегеніміз оның митоздық жолмен екі рет бөлінуі арасындагы байкалатын кұбылыстар, жиынтығы. Ол 4 кезеңге бөлінеді: 1) пресинтетикалық (G,); 2) синтетикалық (S); 3) постсинтетикалық (G2); 4) митоз (М). Пре-синтетикалық (G,) кезенде жаңадан пайда болған жас жасуша өсіп аналық жасушаның мөлшеріне дейін жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс материалдары-көмірсулар, майлар, белоктар көптеп синтезделуі кажет. Түқым куалаушылық материалы бұл кезеңде 2п 2с куйінде болады.Синтетикалық (S) кезеңце ДНК молекуласы синтезделінеді де тұқым куалаушьшық материалы 2п 4с күйінде кездеседі. Постсинтетикалық (G,) кезснде жасуша бөлінуге дайындалады. Ол ұшін жасушада көмірсулар, ж ' лар, белоктар синтезделініп олар-дың коры көбее түседі, Органеллалар саны да көбееді, себебі келесі кезенде-митозда. олардың бәрі де екіге белінуі қажет.
Митоз - жасушаның бүрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларын-да байқалады. Митоз процесінде ядро күрделі өзгерістерге ұшы-райды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым куалаушылық материалы тепе - тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың био-логиялық маңызы болып саналады.
Митоздың негізгі себептері: 1) ядро-цитоплазмалықара қаты-насының өзгеруі (1/6-1/8 ден 1/69-1/89 ге дейін); 2)"митогенети-калықсәулелер"-бөлінуші жасушалар көршілес жаткан жасушалар-дың митоз жолымен бөлінуіне түрткі болады; 3)"жаракат гормоно-дарының" әсері - жарақаттанған жасушалар жарақаттанбаған жасу-шалардың бөлінуіне ықпал ететін ерекше заттар бөліп шығарады.Біртүгас митоз кұбылысы 4 фазаға бөлінеді: профаза, метафаза, анафаза, телофаза. Профазада ядро көлемі ұлғайып, хроматин жіпшелері тығыз ширатылып, жуандап, қысқарып митоздықхро-мосомаларға айналады. Профазаның аяғында бөлінуші жасушаның екі полюсінде жасуша орталығы пайда болып, ахроматин жіпшелерімен жалғанып тұрады.
Метафазада хромосомалар өздерінің центромералары арқылы ахроматин жіпшелеріне бекініп бөлінуші жасушаның ортан беліне-экваторына шоғырланады. Бұл кезеңде әрбір хромосома екі хрома-тидаға ажырап, тек центромера арқылы байланысып тұрады. Биологиялықтүрлерде тек кдна хромосома саны түрақгы болып қоймай, сол сияқгы, олардың пішіні, мөлшері де тұрақгы болады. Биологиялық түрлердің хромосома жиынтығының, пішінінің, мөлшерінің кешенді сипаттамасын кариотип деп атаймыз. Адам кариотипі 46 хромосомадан түрады, олар 23 гомологтық жұп құрай ды. Оның 22 жүбы бір-бірімен бірдей болады, сондықтан оларды іаутосомалар деп атайды, ал 23 жүп хромосомалар бір-бірінен өзгеше болып келеді, оларды У және X хромосома немесе жыныс хромосомалары деп атайды.. Кариотипті, әдёттё метафазалық препа-раттар дайындап зерттёйді. Анафазада хромасомалардың хроматвдалары бір-бірінен толык ажырасздыда әртүрлі полюстерге қарай тартыла бастайды.Телофазада бөлінуші жасушаның полюстерінде топтасқан хро-мосомалар жіңішкеріп, үзарып хроматин жіпшелеріне айналады, ядро шырыны, ядрошық, ядро қабықшасы пайда болып 2 жаңа ядро түзіледі. Ядро 2-ге бөлінгеннен кейін (кариокинез), цитоп-лазма да 2-ге бөлінеді (цитокинез). Сөйтіп, митоз негізінде бір жас>тшадан жаңа 2 жасуша пайда болады.Жасушалар митоздан басқа жолдар арқылы да бөлінуі мүмкін, мысалы: амитоз - жасушаның тура бөлінуі және мейоз - жыныс жасушаларының бөлінуі. Амитоз арқылы негізінен прокариоттар және регенерациялану-шы эукариотты жасушалар бөлінеді. Бүл кезде көзге көрінетін хро-мосомалар және бөліну үршығы түзілмейді. Амитоз ядроның және цитоплазманың созылып бүршіктеніп екіге бөлінуі арқылы жүреді.Митоздың ерекше түрлеріне эндомитоз және политенияларды да жатқызамыз. Эндомитозда ядро бөлінбей, тек хромосомалар екі еселеніп, полиплойдты жасушалар түзіледі.
Политенияда хроматидалар бірнеше рет екі еселеніп, бірақ бір-бірінен ажыраспай, политенді (көп жіпшелі) хромосомалардың пайда болуы байкалады (мысалы: жеміс шыбынында).
Жасуша хромосомаларының төмендегідей ережелері белгілі:
1.Хромосома санының түракгы болу ережесі;
2. Хромосомалардың ж\тітасып орналасу ережесі;
3. Хромосомалардың жеке ерекшелігі ережесі;
4. Хромосомалардың үзіліссіз болу ережесі.
Хромосомалар жасушалардағы түқым қуалаушылық материалы болғандықтан, кез-келген биологиялық түрлерде, олардың саны түрақты болады. Хромосома жиынтығының 2 күйі белгілі: дип-лойдтық (2п)-дене жасушаларында, гаплоидтық күйі (п)-жыныс жасушаларында.
Митоздық (бөлінуші) ядроның негізгі бөлігі - митоздық хромо-сомалар болып есептелінеді. Митоздық хромосомалар хроматин жіпшелерінің ширатылып, жуандап қыскаруы нәтижесівде түзіледі. Хромосома профазада таяқша, ал метофазада X пішіндес болып келеді. Хромосома орталықтүйін (центромера) арқылы жалғанған екі иіннен түрады. Хромосома иінінің үшын теломера деп атайды. Хромосомалар үзына бойына 2 теп-тең бөлікке бөлінген, оларды хроматидалар деп атайды. Әрбір хроматидада 2 тығыз ширатылған жіпшелер-хромонемалар кездеседі. Ол ДНҚмолекуласы болып са-налады. Хромосомалардың пішіні, мөлшері түрліше болып келеді. Хромосомалардың тең иінді-метацентрлі, әртүрлі иінді-субметацентрлі, бір иіні нашар дамыған-акроцентрлі және бір иіні мүлдем дамымаған-телоцентрлі деген 4 түрі белгілі
Хромосома бойында ДНҚ молекуласының ширатылу дәрежесі түрліше болып келеді. Осыған орай хромосоманың эухроматин, гетерохроматин учаскелерін ажыратады. Эухроматин-хромосоманың митоз кезінде ширатылып, ал митоздан кейін ширатылуы ашыла-тын бөлігі. Бұл хромосоманың ең актив, транскрипцияланатын, структуралық гендер кездесетін бөлігі; гетерохроматин-хромосома-ның митоз кезінде де, митоздан кейін де ширатылуы ашылмайтын учаскесі. Онда структуралық гендер болмайды.
Ядро өте маңызды роль атқарады. Ол жасуша тіршілігінің бар-лық күбылыстарын басқарып, бағдарлап отырады. Онда тұқым куалаушылықматериалы - ДНҚ шоғырланған, ол жасушаның өсуін, бөлінуін (кебеюін) басқарьщ отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |