ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
«Педагогика» факультеті
«Химия, биология және ауылшаруашылық» кафедрасы
Клеткалық биологиясы»
пәнінен зертханалық сабаққа арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5В060700 – «Биология» мамандығы үшін
Шымкент 2015ж.
№ 1 Зертханалық жұмыс.
Микроскоп құрылысы мен танысу.
Сабақтың мақсаты. Микроскоп құрылысы мен танысу.
Қажетті материалдар, құрал-жабдықтар.Цитологиялық препараттар, жарық микроскопы, заттық және жабын шынылар, өткір препараттық инелер, пипеткалар, сорғыш қағаз.
Жасушаның ашылуы оптикалық кұрал - микроскоптың кұрастырылуымен тығыз байланысты. Оптикалық әйнектер туралы де-ректер өте ерте кезден-ақ қалыптаса бастаған. 15-ші ғасырдың басында оптикалық әйнектерді адамдар көзәйнек ретінде пайдаланган. Екі линзадан тұратын және ұсақ денелерді ұлғайтып көрсететін ең қарапайым оптикалық құралды. 16ғ. аяғында ағайынды Янсендер қүрастырған, бірақ олар арқылы жасушаны көруге мүмкіндік болмаған.
Жасушаны көруге мүмкіндік беретін алғашқы микроскопты 1665ж. физик Р.Гук кұрастырып, сол микроскоп арқылы жасушаны ашқан. 1671ж. М.Мальпиги, Н.Грю жасушаларды зерттеп, олардың ең негізгі құрамдық бөлігі қабықшасы деп болжамдаған.
XVIII-XIX гасырларда микроскоптың кұрделенуі, микроскопиялық зерттеулер әдісінің жетілуі нәтижесінде бірте-бірте жасушаның тірі заттары ашылған.
Казіргі кездегі тұжырым бойынша тіршіліктің 2 формасы белгілі:
1) Тіршіліктің жасушасыз формасы - оған вирустар жатады. - кішкентай, тіпті жай микроскоп арқылы көрінбейтін,
денелер. .О.лар нуклеин қышқылдарынан және белоктан тұрады. Олардың тіршілігі тек жасушаға енгеннен кейін ғана байқалды, ал өз бетгерінше оларда тіршілік кұбылыстары байқалмайды. Вирустарды 1892 ж. орыс ғалымы Д.И.Ивановский ашқан.
2) Тіршіліктің жасушалы формасы. Оның 2 түрі белгілі, а)прокариотты жасушалар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар) -түйіршіктелген, цитоплазмадан қос кабат мембрана арқылы шектелген, ядросы болмайды; тұқым қуалаушылық материялы ретінде сақиналанған ДНҚ кездеседі; рибосомадан баскд органоидтары болмайды; мөлшері жағынан өте ұсақболып келеді 0,1-0,5 мкм; митоз кездеспейді.
Электронды микроскоп көмегімен сперматозоид ядросының құрылысының кристалды болатыны анықталды, мұнда дезокси-Ррибонуклеопротеидтің молекулалары параллельді орналасуын щамтамасыз етеді. Сперматозоидтың мұндай күйі тұкым қуалаушылық информацияны сақтап жеткізу үшін бейімделгендік болуы рмүмкін, өйткені сперматозоид еркек организмінен басқа жерде әртүрлі сыртқы әсерлерге үшырайды. Бастама клеткалар бірнеше қайтара бөліну арқылы гониальды клеткаларды — гонийлерді түзеді. Алғашқыда екі жыныс особьтарында да гонийлер ұқсас болады, одан ары олар жіктеліп, еркек организмде сперматогонийге, ұрғашы организмде оогонийге айналады. Олар бірнеше рет митоздық жолмен белінеді, бүл кезде хромосомалар жиынтығының диплоидты қалпы сақталады, бірақ шамалы кішірейіп бөлінуі тоқталады. Енді клеткалар есу кезеңіне өтіп, көлемі үлғая бастайды. Хромосомалар жиынтығы диплоидты дамудың бүл стадиясында әлі пісіп жетіле қоймаған аталык жыныс клеткаларын бірінші қатардағы сперматоциттер (I сперматоцит) деп, ал аналық жыныс клеткаларын бірінші қатардағы ооциттер (I ооцит) деп атайды. Аналық және аталық жыныс клеткаларынын, пісіп жетілу процесінде айырмашылык болады.
Сперматогенез. I сперматоцитте мейоз басталады. Жануарларда мейоздық бөлінуді пісіп жетілу бөлінуі деп те атайды. Өсу кезеңінің езінде-ак I с.перматоцитте мейоздын, профазасына тән өзгерістер басталады. Пісіп жетілу кезеңіндегі бірінші бөлінудің (редукциялық) нәтижесінде екінші қатардағы спермато-циттер (II сперматоцит) түзіледі. Олар гаплоидты болады. Пісіп жетілу кезіндегі екінші белінуден (эквациялық) кейін әр II спер-матоциттен екіден клетка түзіледі. Ол клеткалар сперматидтер деп аталады. Сонымен, диплоидты бір клетка — I сперматоциттен мейоздық жолмен екі рет бөліну нәтижесінде гаплоидты төрт сперматид түзіледі.
Жетіліп, қалыптасу кезінде сперматидтердің сперматозоидтарға айналу процесін спермиогенез деп атайды. Ядро мен цитоплазманың барлық элементтері осы процеске қатысады. Пісіп ркетілген сперматозоидтың басы, орта бөлігі (мойны) және құйрығы болады. Сперматид ядросы сперматозоидтың басына айналады. Цитоплазмалық органоидтар структуралык жағынан езгеріске үшырап, әр түрлі органдарға айналады, ол органдар сперматозоидың қозғалысын және оның жұмыртқа клеткасына енуін қамтамасыз етеді.
Жарықтык микроскоптан көрінетін жіпшелердің саны диплоидты болады. Лептонема стадиясы кезінде хромосома жіпшелері ең кемі екі еселеніп жұптанған болатыны электрондык микроскоп көмегімен анықталды, бүл жағдай хромосомалардың екі еселенуі интерфаза кезінде болып кеткенін көрсетеді. Бұл фаза кезінде хромосомалардын. спиральдануы әлі жеткіліксіз болғандықтан және олардың жартылары біріне-бірі тығыз жанаса орналасқандықтан, хромосомалардың жүптанған табиғаты жарықтық микроскоптан көрін-бейді.
№2 Зертханалық жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |