Өсімдік жасушасы.
Сабақтың мақсаты. Клеткадағы органоидтармен танысу.
Қажетті материалдар, құрал-жабдықтар. Цитологиялық препараттар, жарық микроскопы, заттық және жабын шынылар, өткір препараттық инелер, пипеткалар, сорғыш қағаз.
Өсімдіктер жасушасының жануарлар жасушасынан ерекшелігі мынадай:
1)Жасуша сыртын калың целлюлоза кабығы каптап тұрады;
2)Цитоплазмада пластидтер (хлоропластгар, хромопласттар, лейкопласттар) кездеседі;
3)вакуолялары болады.
Казіргі деректер бойынша жасушаның негізгі заты болып оның тірі заты -протопласт саналады. Протопласт цитоплазмаға және ядроға жіктеледі. Ол сырткы ортадан шеткі мембрана - плазмолемма арқылы шектелген. Цитоплазма өз кезегінде гаалоплазмаға (ци-топлазманың негізгі заты - матриксы) және органеллаларға жікгелген. Гиалоплазма 2 мембранамен (плазмолемма, тонопласт) шектел-ген қоймалжың сұйықгық. Ол органикалық және бейорганикалық заттардан түрады. Оның 80-90 пайызын су құрайды. Органикалык заттардың ішінен негізгілері-белок, нуклеин кушқылдары, майлар, көмірсулар, АТФ т.б.Гиалоплазмада органеллалар бытыраңқы орналасады. Органеллалар дегеніміз-жасушада белгілі-бір қызмет атқарып, цитоплазмада тұрақгы түрде кездесетін кұрылымдар. Оларға-митохондриялар, Гольджи комплексі, эндоплазмалықтор, пластидтер, рибосомалар, лизосомалар, жасуша орталығы, микроденешіктер, микротүтікшелер т.б.с. жатады (сурет 2).
Рибосомаларды 1955ж. Палладе ашқан. Ол екі бөлшектен (кіші бөлшегі, үлкен бөлшегі) тұрады. Олар өте ұсақ, тек электрондық микроскоп арқылы көруге болатын органеллалар. Оның мөлшері небәрі 15-35 нм болады.Фибосомалар р-РНК-дан және белоктан тұрады, оның негізгі қызметі белок синтездеуі болып саналады.
Пластидтер бөліну арқылы көбейеді, сірә олар клеткада жаңадан пайда болмаса керек. Митохондриялар бөліну арқылы көбейеді деген болжам бар. Жалпы алғанда клетка органоидтары репродукциясының механизмі жөнінде мәліметтер өте аз. Бұл процесс асинхронды жүреді, ал ол бөліктердід бөліну жылдамдығы ядро бөлінуінің жылдамдығымен дәл келмейді деген мәлімет бар. Цитокинез кезінде органоидтардың жа-на пайда болған жас клеткаларға бөлінуінде қатал заңдылық жок, сірә бұл процесті бак,ылайтын арнайы механизм болмаса керек. Осыған байланысты жас клеткалардағы бір аттас органоидтардың саны бірдей болмайды. Органоидтардың жас клеткалар арасында теңдей бөлінбеуі, олардың кездейсоқ таралуы клеткалардыц тіршілігін бүза алмайды. Сірә, клеткада бірін-бірі алмастыратын аттас бөлшектер өте көп болады.
Клетка денесінің бөлінуі — цитокинез — ядро бөлінуінен кейін іле-шала басталады. Жануарлар клеткасынын, белінуі аналық клетканың экваторы бойынша цитоплазманың шетінен ортасына қарай бунақталу жолымен жүреді. Өсімдік клеткасында клеткалық аралықтың қалыптасуына ортасынан шетіне бунақталатын фрагмопласт деп аталатын ұршықтың қатысымен жүреді. Осымен митоз аяқталады.
Митоздық циклдің ұзақтығы организм түріне, ткань типіне, организмнің физиологиялық күйіне, сыртқы факторларға (температураға, жарық режиміне т. с. с.) байланысты бірнеше минуттан бірнеше тәулік шамасында ауытқиды. Митоздың жеке фазаларының өту жылдамдығы езгергіш болады.Клетканың бөлінуге дайындығын анықтайтын себептер, оны жүргізуші механизм осы уақытқа дейін анықталған жоқ.. Клетка бөлінуінің митоздан басқа типтері де белгілі.
Амитоз. Ахроматин үршығын түзбей, ядроныц тікелей бөлі-нуі амитоз деп аталады. Беліну ядроның бунақталып екі бөлікке бөлінуімен жүреді, кейде бір ядродан бірден бірнеше ядро түзіледі (фрагментация). Клетканың амитоз жолымен бөлінуі бірқатар арнайы клеткаларда және патологиялық тканьдерде үнемі кездеседі. Мысалы, картоптыц крахмал түзуші клеткаларында, регенерация кезіндегі бүлшық ет клеткаларында, рак клеткаларында, қарапайым организмдерде болады.
Эндомитоз. Эндомитоз деп клеткадағы хромосоманың репродукциялануы кезінде ядроның бөлінбей жүру процесін айтады. Осының нәтижесінде клеткада хромосома саны көбейеді, кейде ол бастапқы санымен салыстырғанда ондаған есе артады. Эндомитоз өсімдіктердегі сияқты жануарлардың да әр түрлі тканьдердегі белсенді жұмыс істейтін клеткаларында кездеседі. Кейде хромосомалардың пайда болуы клеткадағы олардың саныныц өсуінсіз өтеді. Бұл кезде әр хромосома еселеп өседі, бірақ жас хромосома өзара байланысқан күйінде қалады. Бұл құбылыс политения деп аталады. Ол эндомитоздын, жеке жағдайынан тұрады. Политенді хромосомада жіпшелер саны 1000—2000 шама-сына жетеді. Бұл кезде аса зор алып хромосомалар түзіледі. Политения қүбылысы бірқатар дифференцияланған ткань клеткаларда байқалады және ол клетка ядросының ерекше қызметімен байланысты болады. Клетканың бөлінуі процесіндегі болатын ерекше жағдайларды бағалау үшін, хромосоманың құрылысын және ұдайы дамыи отыруын яғни оның репродукциясын жан-жақты қарастыру кажет.
№4 Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |