Пәндерінің барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға



бет18/34
Дата21.10.2022
өлшемі108,17 Kb.
#154379
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Қақтығыс мәселесі социологияда макродеңгейде (қоғамдағы социомәдени өзгерістер контексінде) де, микродеңгейде де (қарсы жақтар қызығушылықтарының қақтығысы байқалған жағдайда қақтығысты шешудің қолданбалы міндетінде) қарастырылады.
Қақтығыс – қоғамдақ өмірдің табиғи құбылысы. Социологияда қақтығыс теориясын жасаушылар: Г. Спенсер, Г.Зиммел, П.Сорокин, Л.Козер, Р:Дорендорф, Н.Смелсер болды. Г.Зиммел «конфликт социологиясы» терминін ғылымға алғаш ендірді. Р.Дарендорф «Қоғамның конфликтілі моделін» жасады. Л,Козер – позитивті-функционалды конфликт концепциясын жасап, қоғамдық өмірдің негізінде – құрылымдық қақтығыс болатындығын айтты.
Әлеуметтік қақтығыс – дегеніміз индивидтер, әлеуметтік топтар, кластар арасындағы қарама-қарсы мақсаттардың, көзқарастардың, иделогиялардың, қызығушылықтардың қарама-қайшылығы. Қақтығыс қарама-қарсы жақтардың арасындағы нақты қарама-қарсылықтан немесе мәнді айырмашылықтардан туындаған, бір-біріне қарама-қайшы және өзара пайданы теріске шығаратын әрекет.
Әлеуметтік конфликт – индивидтер, әлеуметтік топтар, кластар арасындағы қарама-қарсы (қайшы) мақсаттардың, көзқарастардың, идеологиялардың, қызығушылықтардың қақтығысуы.


Конфликт типологиясы:

  1. өмір ауқымы бойынша:

  • экономика саласында,

  • саяси конфликтілер,

  • ұлттық қатынастар аумағында,

  • әлеуметтік аумақта және т.б.

2) келіспеушілік аймағы мен субъектісі бойынша:
- тұлғаішілік (внутриличностный) – жеке сана деңгейіндегі конфликт, яғни адамның ішкі көңіл күйіндегі түрлі қысымдықтармен күресі;
-тұлғааралық – екі немесе одан да көп адамдар арасындағы көзқарастардың, құндылықтардың және т.б. келіспеушілігі;
- тұлға мен топ арасындағы конфликт – тұлғаның позициясы топ позициясынан өте жақсы болса;
- топаралық конфликт - әлеуметтік топ пен әлеуметтік қауымдастық адамдарының бір-біріне қайшы қызығушылықтары;
- конфликтілік жақ – егер индивид конфликт болған екі жаққа бірдей қатысты болса (мысалы, ірі топтың ішінде конфликтіде болғандар кіші топ құрады немесе индивид бір мақсатқа негізделген конфликтіде болған екі топқа да кіреді);
- сыртқы ортамен конфликт – топты құрайтын индивидтер әкімшілік тарапынан және экономикалық нормалардан қысым көрсе.
3) көлемі бойынша:
- локальды;
- глобальды (жаһандық).
4) көрініс беруіне байланысты:
- айқын - анық көрінеді;
- жасырын – ашық көрінбейді, конфликтінің барын конфликт болған жақтар толық сезбейді.
5) мақсаты бойынша:
- өзіндік (мнимый) – объективті қайшылықты шешпей, өзіндік мақсатпен кем дегенде конфликт болған бір жақтың ғана эмоционалды қысымдығын жою;
- реалды - өзіндік мақсатпен емес, арнайы белгілі-бір мақсатпен жетістікке жету.
6) өзара іс-әрекеттің бағыты бойынша:
- тік – түрлі иерархиялық құрылым сатысындағы субъектілер арасындағы конфликт;
- көлденең – бір иерархиялық құрылым сатысындағы субъектілер арасындағы конфликт.
7) қайшылық сипаты бойынша:
- антогонистік;
- антогонистік емес.
8) аяқталып шешілуі бойынша:
- толық аяқталған – конфликтінің тоқтауы, түбегейлі қайта құрулар;
-жартылай аяқталған – тек сыртқы формасы ғана өзгереді де, ал ішкі қайшылықтар жалғасын тауып, сақталып қалады.
9) ішкі мазмұны бойынша:
- рационалды – іскерлік бақталастық, ресурстарды бөлу және басқаруды күшейту мен әлеуметтік құрылым сфераларын қамтиды;
- эмоционалды – агрессиялық қақтығыстар жолында конфликтідегі адамдардың бір-біріне деген зауқы көтермеушіліктері (немесе бірін-бірі жек көрушілігі).

2.Әлеуметтік қақтығысты талдаудаоның негізгі типтерін ажыратудың маңызы зор.


Әлеуметтік қақтығыстардың түрлерін былай бөліп қарастыруға болады: Құрылымдық - әлеуметтік жүйенің дамуы мен қызымет етуімен байланысты әлеуметтік объектілеріндің қайта құрылуында пайда болатын қайшылықтар, олар мынандай жағдайларда пайда болады:

    1. Қоғам өзінің дамуында бір деңгейден екіншісіне өтекенде (аграрлы – индустриальды - посиндустриальды)

    2. Бір әлеуметтік жүйе екіншісін жоққа шығарғанда (феодализм – капитализм - социализм)

    3. Бір саяси жүйе екіншісін жоққа шығарған кезде (олигархия – тоталитарлық – демократия )



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет