Ғылымда қарым - қатынастың дең-гейлері де қарастырылады. Б.Ф. Ломов үш - макродеңгей, мезадеңгей және микродеңгейді сипаттайды. Макродеңгей индивид басқа адамдармен қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға, дәстүрге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.
Мезадеңгейтақырып мазмұнымен анықталады.
Микродеңгей - мазмұны және сыртқы көрсеткіштері (сұрақ-жауап, ымишара т.б.) арқылы көрінетін контактілік байланыс.
Қарым-қатынас үдерісін басқару құрылымын В.А. Кан-Калик теориялық және практикалық қызығушылыққа бөледі:
1) болашақ қарым-қатынастың нақты жоспарланған жүйесі;
2) болашақ қарым-қатынастың шарттары және құрылымының нақтылануы;
3) тікелей қарым-қатынастың бастапқы кезеңінің жүзеге асуы;
4) басталған қарым-қатынас жүйесін басқарудың бастамашылдығы.
Педагогикалық қарым-қатынастың басты компоненті гуманизм принципіне негізделген әрбір баланың жеке басын сыйлау, оның тұлғалық ерекшеліктерін және өзіндік бағасын бағалау, педагогикалық тактіні сақтауға бағытталған кәсіби адамгершілікке байланысты.
В.И. Писаренко және И.Я. Писаренко тұжырымдағандай, кәсіби этика нормативтері педагогтың мінез-құлқы мен қарым-қатынасын реттеуші ғана емес сонымен бірге педагогикалық еңбектің құралы болып табылатындығын тұжырымдайды.
2. Адам аралық қатынас дегенімізқарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық,тең-құқықты және тәуелді,қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен кү-діктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.