Грек классикасы мәдениеті. Грек парсы соғыстары (500-449) ежелгі Грекияның тарихында бетбұрыс болды. Парсылардың талқандалуы Грекия мемлекетінің азаматтық санасының артуынан, классикалық құлдық қоғамының орнап, экономика мен саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты.
Грек театры - комедия, трагедиялық шығармалар. Трагедия жанрында: Эсхил, Еврипид, Софокл шығармалары.
Мүсіншілер, суретшілер - міне осылардың бәрі классикалық дәуірдің басты жеңісі еді. Қоғамда орын алған әртүрлі қоғамдық қақтығыстар , философиялык мектептер мәдениеттің, табиғат аясына кетуін уағыздады, екіншілері адамдарды алаңсыздыққа шақырды, енді тарихи жағдайда - тоқырау кезеңі басталды.
Платон (429-348) Сократтың шәкірті болды. Негізгі идеясы: қоғам мен адамның қарым - қатынасы туралы теориялары ерекше орын алды, яғни әдiлетті қоғамның құрылуын талап етуі. Платонның шәкірті Аристотель (384-320) - энциклопедист – жаңа жүйелерді өмірге әкелген, яғни адамның іс-әрекетінің түкпілікті мақсаты – бақыт екендігін уағыздаған.
2. Бұл дәуірде (IV ғ) сәулет өнері дамыды. Әлемнің 7 кереметі Артемида храмы қайта салынды.
3. Театр өте жоғары сатыда дамыды.
Эллинизм дәуірі. Эллинизм дәуірі ертедегі грек құл иеленушілік қоғамының соңғы аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы тарихи кезең Александр Македонскийдің (356-323) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды, яғни осы кезеңде Грек мәдениениетінің таралу дәуірі болды.
Қорыта келгенде, Ежелгі Грек мәдениті Антика өркениетінен анағұрлым кеш пайда болды. Эллинистік мемлекет көп өмір сүрген жоқ. Б.з.д. ІІ-І ғ. Римдер жаулап алған Италия мемлекетінің жері көне мәдениеттің орталығына айналды. Сөйтіп, антика өнерінің жаңа тарауы болып есептелінетін Ежелгі Рим мәдениеті басталды.
Ежелгі Римнің мәдениеті. Этрустар мәдениеті ең көне мәдениеттің бірі. Италия өңірінде этрустар мемлекеті құрылады. Олардың мәдениеті Италия топырағында гүлдену шегіне жеткен. Этрустар салған жолдар, каналдар - құрылыс техниканың жоғары дамығандығын көруге болады. Эллиндік мәдениеттің ықпалы бұл елге театр, мүсін өнері арқылы ерекше әсер етті. Этрустар гректер сияқты он екі құдайға сиынды, олардың мифологиялық ұғымдарын қабылдай білді. Мысалы діни жолдарымен құрбандыққа шалу, бал ашу кеңінен тараған. Этрустар мәдениеті Римнің дініне, сәулет, мүсін өнеріне әсерін тигізіп, Римнің көркемдік шығармашылығын қалыптастыруда елеулі орын алды. Бұл елде тас қорғандар қоршалып су құбырлары жүргізіліп гладиаторлар ойындарына арналған тұңғыш цирк салынды. Б.з.д. I- ғасырда Рим ежелгі дүниенің аса ірі құлиеленуші мемлекетіне айналды. Римнің қоғамдық ғимараттары, храмдары мен алаңдары Мирон, Фидии, Скопас, Поликлет сынды ұлы шеберлердің мүсіндерімен толды. Орта ғасыр мәдениеті толығымен дінмен байланысты. Дін мен мідениет арақатынасын айта кетсек болады. Орта ғасырда Батыста үздіксіз жүргізілген крест жорықтары адамдарды титықтатты. Алайда орта ғасыда әлемдік мәдениетке готикалық стиль сыйлады. Сонымен қатар көптеген оқу орындары ашылды.
Осынау «тарих тәлкегіне» қарамастан, дүниежүзілік таным үрдісінде мәдени-рухани жаңғырулардың бәрін «Ренессанс» деп атайтын дәстүр орныққан. гуманистік философия ығыстыра бастаған. Дәл осы кезеңде араб Ренессансына мұрындық болған классикалық әдебиеті де бұл тартпас айғақ ретінде көлденең тартылды. Ал ІХ-ХІІІ ғ-ғы Иран мен Орта Азиядағы поэзия, философия мен ғылымның жетістіктері Ренессанстың әлемдік аядағы кезеңдік өрлеуі ретінде мойындалады. Батыс және Европа мәдениеті тарихындағы ортағасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі үлкен мәдени қозғалыспен
XVIII ғасырда өнер саласында біртектес стильдер (романдық және готиқалық стильдер) қалыптасқан өткен тарихи кезеңдерге қарағанда бұл дәуір өнері өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік ерекшеліктерімен сипатталынды.
Достарыңызбен бөлісу: |