Ал, Мотивацияның жасайтын әрекеттері: жігерлік; тырысу; өзінде тұру; адамгершілік; бағыттылық. Мотивация ұғымы-адамның нақты бiр мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесiмен түсiндiрiледi. Мотивациялық жүрiс-тұрыс “Адам ненi қалайды? Ол неге ұмтылады?” сұрақтарына жауап бередi.
Адам қажеттiлiктерi әртүрлi болады.
Қазiргi кездеқажеттiлiктiң материалдық (тамақ, киiм, тұрғын үй, жылылық т.б.) және рухани (қоғамдық өмiрге, еңбекке, қарым-қатынасқа,бiлiм алуға, творчество т.б.) түрлерiн бөлiп шығарады. Мұндағы қажеттiлiктердiң кез-келген жiктелуi де шартты болады. Қажеттiлiктер-адамның барлық психологиялық iс-әрекетi, оның ақыл-ойы, сезiмi еркi құрылатын ең басты негiз болып табылады.
Мотивация механизмiнiң дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшелiктерiн алдын-ала анықтау мәселесiнiң маңызы зор. Адам мотивациясының төмендегiдей бiрнеше ерекшелiктерi бар:
адам мотивациясының шығу тегi әлеуметтiк сипатта болады. Оның қажеттiлiктерiнiң заттылығы қоғамдық өндiрiстiң нәтижесi болып табылады. (А.Н.Леонтьев,Мильман);
адам мотивациясының биологиялық мотивациядан айырмашылығы-қоғам қажетiне жауап бередi.
адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негiзгi мазмұнын тәрбие процесi белгiлейтiн қалыптастырушы ықпалдың әсерi зор.(Иванчук, Симонов);
адам мотивациясы-интеллект, сөйлеу, санамен тiкелей байланысты. (Ковалев, Хекхаузен);
адам мотивациясы ерiк процестерi көмегiмен жүзеге асырылады.
адам мотивациясының тұрақтылығы, ситуациялылығы, функционалдық дербестiгi организм қалпына байланысты болады.
адам мотивациясының өмiрлiк алыс мақсаттарға бағытталынуы. (Баранидзе, Обуховский);
iс-әрекеттiң полимотивациялық сипаты мотивтердiң қажеттiлiктерге поливеленттi қатынасы (Додонов, Имедадзе );
икемдiлiгi, өзара ауыспалылығы (Дилитекский)
Осы айтылған негiзгi белгiлердiң арасында маңызды сипатқа ие жеке адамның мотивациялық сферасында маңызды орын алатын, оның жүрiс-тұрысының полимотивациялық феномендiлiгi болып есептеледi.