ОҚО, Сарыағаш ауданы
№30 С.Торайғыров орта мектебі,
бастауыш сынып мұғалімі
Уткелбаева Гүлзар Сапаралықызы
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері.
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға сөйлем және сөйлем түрлері
жайлы білімдерін еске түсіре отырып, толықтыру.
Дамытушылық: Сөйлем түрлерінен алған теориялық білімдерін шығармашылық тұрғыда баяндауға баулу, оқушыларды еркін силауға, ойын ашық айта білуге бағыттау, тіл байлығын жетілдіру.
Тәрбиелік мәні: Талдауға алынған мысалдар арқылы, отанын сүюге, адалдыққа ізеттілікке, сыпайы сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ойын ашық айту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекілік:жұмбақ, машина айдау ойыны, ертегі.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,
Қолданылатын технология:Ойын элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық,
І. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Міне, балалар,қазір кемеңгер ғұлама ақындарымыздың туған тілі, біздің тіліміз- қазақ тілі сабағы.
Мына жұмбақтың жауабын тауып көрейік.
Өзім сөзден тұрамын
Аяқталған ойды құрамын. ( Сөйлем )
Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
Сөйлем.
ІІ. Үй жұмысын сурау, бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Ертеде бір апа болыпты, оның аты сөйлем екен. Сөйлемнің екі қызы бар екен. Олардың аты қандай еді ? Жай сөйлем және құрмалас сөйлем. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем дегеніміз, бір ойды білдіретін сөздісөйлем дейміз. Сөйлемде сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады. Аяқталған ойды білдіреді.Бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.Сөйлем соңына үтір немесе сұрақ белгі, немесе нүкте қойылады.
Сөйлемнің біреуі көп сөйлейді, ал біреуі аз сөйлеп нақты ойды білдіреді, олардың аты жай сөйлем және құрмалас сөйлем.
Бірғана ойды білдіретін, бірғана интонациямен айтылатын сөйлемді жай сөйлем дейміз
Мысалы: Мен бүгін студент болдым.
Екі я оданда көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Мысалы:Тар қапастан шыққанымен, бірақ сағы сынбаған.
Сөйлем деген апаның төрт немересі бар.
Олар, хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.
4. Сергіту сәті: Бір мезгіл машина айдау ойыны арқылы оқушылардың ойын сергітіп әрі қол жаттығуын жасаймыз. Ол үшін қолдарымызды біріктіріп, әр саусағымызды айландырып дауыс ырғағымен ойын ойнаймыз. Қайтып келіп, қайта сабаққа көңіл бөлеміз.
5. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Өлеңді дауыс ырғағымен оқу. Өлеңде неше сөйлем бар? Дауыс кідірісі дегенді қалай түсінесің?
2-жаттығу.
Шалғын ертегісі арқылы тапсырмаларды орындау. Ертеде бір кемпір мен шал болыпты, олар шалғын егіпті. Күз келіп, егіні пісіп жинауға келіпті. Енді жинайын десе шамалары келмей, олар бізден көмек сұрап келіпті. Қане балалар көмек беремізбе?-Ия олай болса біз мына тапсырмаларды түгел орындап шықсақ, онда біз көмек берген боламыз.
Алдымен сұраулы, екінші хабарлы, үшінші лепті сөйлем көшіріп жазу керек.
-Бұл кім?
-Мен сізге жедел хат әкеліп тұрмын.
-Үлкен рахмет !
3-жаттығу.
Берілген сөздерден төрт сөйлем құрап жазу.
Арыстанның төлі не?
Ауа қандай таза!
Балалар қардан аққала жасады.
Әлия кітапханама барды.
4-жаттығу.
1)Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
2)Қыстап қалатын құстар, олар қарға, шымшық, сауысқан, торғай, қаражалақ, т, б.
3)Қысқы ұйқыға аю, борсық, жәндіктер кетеді.
5-жаттығу.
Сөздер жазылған моншақтарды жіпке сөйлем етіп тізу керек.
Көкем кеше қаладан келді?
Кімкелді?
Қашан келді?
Не қылды?
Рефлексия. Не білдік, не үйрендік.
Олай болса біз бүгінгі өткен сабақты қорыта отырып, мына әріптерден сұраулы, хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдер құраймыз.
С. А. К-?
А. Б. А. Ә.
А. А. К. Ш!
М. Д. С. Ә-,!.
Қорыту: Оқушылардың білімін бағалау.Мақтау, мадақтау
6)Үйге тапсырма: 6-жаттығу, ереже жаттау.
Сабактын тақырыбы:И и дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру.
И и дыбысының оқытылу мен жазылуын түсіндіру.
Көркем,әдемі жазуға үйрету.
2.Дамытушылық: Есте сақтау,ойлау қабілетін арттыру. Сөздік қорын,тілін дамыту.
3.Тәрбиелік мәні:Ұқыптылыққа,тазалыққа,өз пікірін еркін айтуға,әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Түсіндіру,таныстыру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі:Суреттер,әріптер,буклеттер,кеспелер,ойын түрлері.
Пәнаралық байланыс:Еңбек,музыка.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындау.
2.Үй тапсырмасы
Өткен сабақты еске түсіру.Оқулықтан оқытып,үлгі дәптерлерін тексеріп, бағалау.
3.Жаңа сабақ
Қонаққа бару.
Оқушыларды топқа бөлу.
Қыздар тобы-дауысты дыбыстар
Ұлдар тобы-дауыссыз дыбыстар
Ой қозғау.
Қазақ алфавитінде неше әріп бар? 42 әріп бар.
Дыбыстар екіге бөлінеді.
Дауысты-15
Дауыссыз-25
Бүгінгі сабағымыз И дыбысы-дауысты дыбыс.
Дауыстап айтамыз-И И И
Дауысты дыбыстар-ауа, ауыз ішінде еркін жүреді, бұл дыбысты айтқанымызда тілімізбен тістеріміз жәрдемдеспейді. Дауыстың аузымыздан шығуына олар ешқандай кедергі келтірмейді. Дауысты дыбыстарды созып әндетіп айтуға болады.
Мысалы: Нотамен А, О, И
И И И К И ЖИ КИ
Дүкен ойыны- Ине, киім, тиін, тиын
Оқушыларды бағалап отыру.
Оқулықпен жұмыс.
Әжесі мен немересі.
Инештің әжесі бар. Әжесі нашар көре бастады. Ол инені сабақтауға қиналады. Инеш әжесіне ине сабақтауға көмектеседі.
Далаға шығарда киімін киіндіреді. Инеш әжесін жақсы көреді.
Дәптермен жұмыс: И-инеш
И- ине
Ойлан тап:
н т к м ш к
И е і и е е
Сергіту сәті: Жаттығулар жасау.
Суретпен жұмыс.
Бауыржанның киімдері: Ұлттық киімдер.
Сабақты бекіту.
Ойлан тап
И Биік Жиек Тиін
І Мәсі Ішік Тәулік
Қорытынды.
Топтарды бағалау. Мадақтау.
Үйге тапсырма: И дыбысын оқу, дәптерге жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |