5. Оқыту және үйрету тәсілдері: алғашқы білімді ауызша немесе тест арқылы тексеру, кіші топтармен тақырыптық ауруларды курациялау, қорытынды бақылауды жағдай есептермен тексеру
6.Әдебиет:
Негізгі:
1.Хабижанов Б.Х. – Балалар аурулары. Алматы: Ана тілі, 1997
2.Хабижанов Б.Х. – Педиатрия, Алматы: Казыгурт, 2005
Қосымша:
Нәресте туралы ілім / ред. Е.Т.Дадамбаев, Алматы, 1995
Дадамбаев Е.Т. – Бала дәрігерінің серігі, Алматы, 1998
Тусупкалиев Б.Т. – Балалар ауруларын емдеу және рецептер жинағы: оқу құралы/ Б.Т.Тусупкалиев, Б.Жылкыбаева, Актобе, 2004
Куттыкожанова Г. – Балалардың жұқпалы аурулары/ -Алматы, 2003
7. Бақылау: Тесттік сұрақтарға жауап беріңіз:
12 елі ішектің ойық жара ауруын шақыратын инфекциялы фактор болып табылады:
A) энтеровирустар
В) клебсиеллалар
C) хеликобактерии
D) көк ірің таяқшасы
E) эшерихии
Ойық жара ауруының емінде мына кесте тиімдірек:
A) Ранитидин+сукраьфат+метронидазол
В) Омепразол+амоксициллин+кларитромицин
C) Омепразол+ампициллин+метронидазол+тетрациклин
D) Гастросидин+ампициллин+метронидазол
E) Омепразол+метронидазол+сукральфат
Ойық жара ауруын дәлелдейтін диагностикалық тест болып табылады:
A) іштің пальпациясы
В) асқазан сөлін тексеру
C) асқазан және 12-елі ішек рентгеноскопиясы
D) фиброгастродуоденоскопия
E) жасырын қанға нәжіс тексеру
Бала 13 жаста. 3 жыл бойы ішінің жоғарғы жартысындағы ауыру сезіміне шағымданады. Соңғы уақытта ауру сезімі күн сайын, көбінесе тамақтан кейін 30-40 минуттан соң, кейде таңертең ашқарынға және кешке байқалады. Сонымен қатар жүрек айну, жеңілдік беретін құсуға шағымданады. Әкесінде – созылмалы гастрит, анасында – 12 елі ішектің ойық жарасы, холецистит. Объективті: бала арық, бозғылт, тілінде сұр өңез, пилородуоденальды аймақта ауырсыну және белсенді бұлшықет қорғанысы байқалады. Үлкен дәрет 2-3 күн арасында болады, пішінделген.
ФЭГДС: бадананың, 12 елі ішектің артқы қабырғасында нәзік, жұлдызша тәрізді тыртық бар. Асқазан мен ұлтабардың шырышты қабаты қызарған, ісінген. Алдын-ала диагнозыңыз:
A) созылмалы панкреатит
В) функционалды диспепсия
C) жедел панкреатит
D) жедел гастрит
E) 12 елі ішектің ойық жарасы
Жаралы ауруы бар науқасқа тағайындалынады:
A) № 1
B) № 2
C) № 3
D) № 4
E) № 5
Балаларда жаралық кемістік көбінесе қай жерде орнығады:
A) асқазанның үлкен қисығында
B) асқазанның кіші қисығында
C) асқазанның антральды бөлімінде
D) он екі елі ішектің буылтығында
E) постбульборлы бөлімінде
Достарыңызбен бөлісу: |