Пәні: Балалардың дамуындағы физиологиялық жас ерекшеліктері. Орындаған: Бейсекеева э тексерген: Секерова т алматы 2023 жыл


Акселерация мен ретардация, организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі



бет2/2
Дата11.10.2023
өлшемі59,12 Kb.
#184729
1   2
Байланысты:
Бейсекеева Эльнара БОӨЖ 1 курс 3 жылдық физиология

2. Акселерация мен ретардация, организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі.
Акселерация” – жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді. “Акселерация” терминінің өзіне жетпіс жылдан астам уақыт болды – оны 1935 жылы неміс дәрігері Е.М.Кох ұсынған болатын. Аксерлерация құбылысы АҚШ – та, Европада, Азияда, Россияда байқалды, қалаларда ауылдық жерлермен салыстырғанда күштірек көрініс берді.
Акселерацияның басты мысалдары ретінде:
- жаңадан туған балалардың салмағы мен бойының өсуін;
- тістерінің уақытынан бұрын шығуын және олардың тұрақты тіске ауысуын
-скелеттің мерзімінен бұрын сүйекке айналуын;
-өткен ұрпақтармен салыстырғанда жалпы бойының 8-10 см-ге өсуін;
- мектеп жасындағы балалардың бойының өсуі, ерте жыныстық жетілуін мысалға келтіруге болады.
Ретардация – баяулау деген мағынаны білдіреді. Қарама-қарсы үдеу процесі болып табылады және балалар мен жасөспірімдердің өсу қарқынында, бір-екі жастағы құрдастарынан физиологиялық жүйелердің дамуы мен қалыптасуындағы артта қалушылықты білдіреді.
Реактивтілік – қарсы әсер деген сөзден шыққан. Реактивтілік организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті.
Реактивтіліктің түрлері:
-түрлік;
-топтық;
-даралық болып ажыратылады.
Резистентілік (төзімділік) – ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығын айтады. Төзімділік пен реактивтілік өзара бір-бірімен тығыз байланысты және екеуі де тірі организмнің негізгі қасиеттерінің бірі болып есептеледі.
3.Мидың функциялық жетілуі және когнитивтік іс-әрекеттерінің жүйелік құрылымы.
Ми - сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.
Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:

  1. сопақша ми;

  2. мишық (артқы ми);

  3. ортаңғы ми;

  4. аралық ми;

  5. алдыңғы ми сыңарлары.

  1. Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы - сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тынысалу, қан тамырларын, аскорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас болу, көзді жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу; 4) өз-өзінен жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын басқарады. Жұлын сияқты сопақша ми қозуды жұлыннан мидың басқа бөлімдеріне өткізеді. Егер сопақша ми зақымданса, тынысалу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.

  1. Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінің өткізгіш доғасы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.

  2. Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).

  3. Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.[


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет