пәні бойынша 050103 «Педагогика және психология»



бет4/6
Дата11.01.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6673
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6



Нәтижесін бағалау.

Келесі кестеде көрсетілген жауаптарды факторлар бойынша жинақтап, ретке келтіріп, әр фактор көрсеткіштерін орындау ережесін талдауға арналған жауаптар кілті бойынша бағалап, шығу керек. Оқушылардың жауаптары кілтке сай келген оның берген жауабы бір балл деп бағаланады, жауабы кілтке сай келмесе – оны 0 балл деп бағалау керек. Жауаптар кілті төменде берілген кестеде көретілген.



Әр фактор бойынша жиналған баллдар саны сол фактордың көрсеткіші болып табылады.
Жауаптарды факторлар бойынша жинақтау кестесі.

Факторлар


Сұрақтар номері.

1. Мектепішілік жалпы мазасыздануы

2,4,7,12,15,21,23,26,28,46,49,50,51,52,53,54,55,56, 57, 58.

2. Әлеуметтік стресс жағдайында болуы.

5,10,15,20,24,30,33,36,39,42,44.

3. Табысты болу қажеттілік фрустрациясы

1,3,6,11,17,19,25,29,32,35,38,41,43.

4. Баланың білімін тексерумен бағалау жағдайынан қорқуы.

2,7,12,16,21,26.

5. Баланың өзін өзі байқауы және бағалауы.

27,31,34,37,40,45.

6. Айналасындағы адамдардың баладан үміт етуін ақтай алмаудан қорқуы.

3,8,13,17,22.

7. Стресске психофизиологиялық қарсы тұруының төмен болуы.

9,14,18,23,28.

8. Мұғаліммен қарым қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары.

2,6,11,32,35,41,44,47.


Жауаптар кілті.

1

Жоқ

13

Жоқ

25

Ия

37

Жоқ

49

Жоқ

2

Жоқ

14

Жоқ

26

Жоқ

38

Ия

50

Жоқ

3

Жоқ

15

Жоқ

27

Жоқ

39

Ия

51

Жоқ

4

Жоқ

16

Жоқ

28

Жоқ

40

Жоқ

52

Жоқ

5

Жоқ

17

Жоқ

29

Жоқ

41

Ия

53

Жоқ

6

Жоқ

18

Жоқ

30

Ия

42

Жоқ

54

Жоқ

7

Жоқ

19

Жоқ

31

Жоқ

43

Ия

55

Жоқ

8

Жоқ

20

Жоқ

32

Жоқ

44

Ия

56

Жоқ

9

Жоқ

21

Жоқ

33

Жоқ

45

Жоқ

57

Жоқ

10

Жоқ

22

Ия

34

Жоқ

46

Жоқ

58

Жоқ

11

Ия

23

Жоқ

35

Ия

47

Жоқ







12

Жоқ

24

Ия

36

Ия

48

Жоқ









Факторларға мазмұндық сипаттама.

  1. Мектепішілік жалпы мазасыздануы- баланың мектеп өміріне енуінің әр түрлі формаларымен байланысты болады. Мұғалімдермен тіл табысуы, сабақтардан үлгерімі, оқушының табысты болуына мұғалімдер тарапынан тілектестіктің барлығы, бала табысты болғанда оның қуанышына шын көңілден ортақ болғандардың барлығы және жалпы эмоционалдық күй жағдайы.

  2. Әлеуметтік стресс жағдайында болуы - баланың әлеуметтік қатынасының қалыптасқандығы: құрдастарымен қатынасуы, оқушылар арасындағы статусы, баланың бір салада өте табысты болуы, оған тәуелділердің барлығы жолдастарының оның пікірімен санасатындығы, басқалар арасында белсенділігі.

  3. Табысты болуға қажеттілік фрустрациясы – балаға табысты болуға мүмкіндік бермей отырған неше түрлі жағымсыз жағдайлар және олардың түрі көптігі баланың осы проблеманы шешуге мүмкіндігінің бар немесе жоқтығы, қажеттіліктерінің түрлерің, спорттағы табыстылығы, оқу барысындағы жетістіктері.

  4. Баланың білімді тексеру мен бағалау жағдайынан қорқуы – оқып біліп алған нәрселерін тақтаның алдында айтып беруге ұялатындығы, әсіресе көпшілік алдында сәтсіздікке ұшыраудан қорқып, мазасыздануы. Білген оқып үйренген нәрсесін көрсетуге шамасы келмей қалатындығы.

  5. Баланың өзін өзі байқауы мен бағалауы - басқаларға өзінің мүмкіндіктерін көрсете алатындығы, оның шеберлігімен бйланысты оң эмоциялары немесе одақтығымен байланысты жағымсыз эмоционалдық күй жағдайлары осы жағдайдан шығу жолдарын іздейтіндігі.

  6. Айналасындағы адамдардң баладан үміт күтуін ақтай алмаудан қорқуы – ата анасының алдында жауапкершіліктімін оларды енжітпеу керекпін деген ойы , төмен баға аламын деп уайымдауы және нашар бағаны күтуі. Осы сезімге байланысты қажет іскерлігі бола тұра оны көрсете алмауы .

  7. Стресске психофизиологиялық қарсы тұруы – төмен болуы, өзінің іс әрекеттерін ұйымдастыра алмауы мектепішілік элементтерге салақтық элементтерін көрсетуі, жаңалықты үйрену ерекшеліктері, көпшілік алдында ептілік білдіре алмауы нәтижесінде қоршаған орта тітіркендіргіштері әсіресе реакцияның жоғары болуы.

  8. Мұғаліммен қарым қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары, мұғалімдердің басым көпшілігімен қарым қатынас жасауының қалыптаспауына байланысты мектептің балада теріс эмоция туғызуы.

Баќылау с±раќтары:

1. Кіші мектеп жасындағы балалардағы мазасыздық деңгейін анықтау жолдары.

2. Орта мектеп жасындағы балалардағы мазасыздықтың деңгейін анықтау жолдары.

Практикалық сабақ №19
Тақырыбы: Балалар агрессиясы мен акцентуациясын зерттеу.

Жоспары:

1.Балалар агрессиясы мен акцентуациясы туралы.

2. Жеткіншектер акцентуациясының түрлері.

Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді балалар агрессиясы мен акцентуациясын зерттеу әдістерімен және акцентуация түрлерімен таныстыру.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. Балалар агрессиясы мен акцентуациясын зерттеу

Балалар агрессиясы мен акцентуациясы бірнеше түрде көрініс береді. Акцентуацияның пайда болуына себебін тигізетін жағдайлар жеткіншектер мен ересектер арасында кездесетін тартыс-таластар. Олар ересек адамның жеткіншектерге әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталуы, өз мәселелерін өз бетімен шешуге үлкендердің мүмкіншілік бермеуі, жолдастары мен қарым-қатынас жасауға себепсіз тыйым салуы т.б. Жеткіншек өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен үлкендердің балаға деп қойған талабы олардың арасындағы қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болып, акцентуацияның және агрессияның әр түріне әкеліп соғуы мүмкін. Олар баланың қырсық мінез көрсетуі, үлкендердің талабына қарсы шығуы, дөрекілік көрсетуі арқылы белгі береді.



Психологиялық қызмет көрсету барысында балалардың мінез-құлығында осы ауытқулардың орын алуына қарсы алдын-алудың (профилактикалық жұмыс жүргізу) маңызы үлкен. Бұл мәселені зерттеу үшін акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып жасалған және бұл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификация бар. Ұсынылған классификация бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі түрлерге бөлінеді:

2. /. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі - көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жас өспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.

  1. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай
    себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық
    қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты —
    жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы
    өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды
    бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-
    қатынаста болуға бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда,
    сыйлағанда шын жүректен қуанып, ұзақ уақыт шат болып жүреді.
    Махаббатта қатты ренжігіш, бірақ қажетті болса қамқорлық
    көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.

  2. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабр-шу
    шығаратын ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-
    қатынас жасамайды.Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-
    жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан
    екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз орнында болғанын,
    адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады.
    Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде
    қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік
    білдіреді. Өзін-өзі қатал бағалап, кемістіктерім өте көп деп
    есептейді. Паталогияда - эпилептикалық психопатия.

  3. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі.
    Шизойдтық жеткіншектер — тынымсыздықтың өте жоғары
    сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан
    жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді де одан да бетер тұйықталады.
    Өздеріне сенімі төмен, өз кабілеттілігін бағаламайтын, азайтып
    көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ,
    жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-
    өзі қорғау механизмі.

Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.

  1. Тұрақсыз тип. (қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа,
    уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші
    дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда - эпилептоидты
    психопатия.

  2. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң,
    ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс
    шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен,
    пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз,
    жалғыздықты жақсы көреді.

  3. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне
    көпшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең
    болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді.
    Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін
    көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа
    жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда -
    истериялық психопатия.

  4. Циклоидтық тип (тұйықталып қалушылық) Балалық шақта
    гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде
    көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен
    қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленсді. Бұл түрі көрініс
    бергендер майда-шүйда сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетін

10. Аффекті-экзалътациялық. Наразылық көрсетуге жақын,
экзальтацияға, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін,
дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ
уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде
жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті,
кейде аффект жағдайында болады. Агрессия көрсетуі мүмкін.
Паталогияда — параноялды психопат.

Жеткіншектерде кездесетін акцентуацияны және мазасыздануды көптеген түрлерге бөліп қарастырады. Оның түрлерін нақты анықтау үшін Шмишек, Басса-Дарки т.б. әдіс-тәсілдері қолданылады. Олардың бірнешуі төменде берілген.

Баќылау с±раќтары:

1.Балалар агрессиясы мен акцентуациясы туралы.

2. Жеткіншектер акцентуациясының түрлері.

Практикалық сабақ №20
Тақырыбы: Агрессия күйін диагностикалау. «Басса – Дарки» сауалнамасы.

Жоспары:


  1. Басса – Дарки сауалнамасының мақсаты.

  2. Орындау ережесі.


Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау әдістерімен таныстыру.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки әдістемесі)

Мақсаты — бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.

Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард)



Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.

Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін, және мелшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жүмысын жүргізуі керек.

А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі — мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі - инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін.

Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі Басса-Дарки сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның орын алуын жөне оның түрін, көрініс беру формасын диагностикалауға болады.



2. Орындау ережесі: тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген.

Оларға "ия" немесе "жоқ" деп жауап беріңіз.



Сауалнама

  1. Менің кейде басқаларға зиян келтіргім келеді.

  2. Кейде өзім жақтырмайтын адамдар туралы өсек айтамын.

  3. Мен тез ренжіп, жылдам басыламын.

  1. Егер маған жақсылап өтініш жасамаса, тапсырманы
    орындамаймын.

  1. Өмірден маған қажетті нәрселерді толық ала алмаймын.

6. Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын
білемін.

7. Мен достарымның қылықтарын ұнатпасам, пікірімді оларға


білдіремін.

  1. Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ожданымның
    алдында қатты қысыламын.

  2. Мен басқа адамға қол жұмсауға қабілетті емес сияқтымын.




  1. Мен еш уақытта, заттарды лақтыратындай болып, қатты
    ашуланбаймын.

  1. Басқалардың кемістігіне барлық уақытта кешірімдімін.

  1. Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым
    келеді.

  1. Басқалар қолайлы жағдайды пайдаланып қалады.

  1. Басқалар маған, күтпеген жерде, си-сияпат көрсетсе, мен
    одан сескеніп қаламын.

  1. Менің басқалармен келіспейтін кезім жиі болады.

  2. Кейде менің ойыма өзім ұялатын нәрселер келеді.

  3. Мені біреу бірінші болып ұрса, мен оған жауап бермеймін.

  4. Мен ашуланғанда есікті таре еткізіп жабамын.

  5. Мен сыртқы көрінісімнен әлде қайда ашушаңырақпын.

  1. Егер біреу біреу маған үкімін жүргізгісі келсе, әрқашан
    мен оған қарсы тұрамын.

  1. Менің тағдырым мені онша қанағаттандырмайды.

  2. Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.

  1. Басқалар менімен келіспесе, мен олармен дауласпай тұра
    алмаймын.

  1. Жұмыстан қашатын адамдар өздерін кіналы сезінуі керек.

  1. Менің отбасымды әбіржіткендер - жұдырыққа жығылғысы
    келгендер.

  1. Дөрекі өзілге мен бармаймын деп ойлаймын.

  2. Мені сықақ жасағандарға қатты ашуланамын.

28.Егер біреулер өздерін бастықсымақ санаса, олар менменсіп
кетпеу үшін бар күшімді саламын.

  1. Апта сайын мен өзіме ұнамайтын адамдардың біреуін
    жолықтырамын.

  2. Адамдардың көбі маған қызғаншақтықпен қарайды.

  3. Басқалардан өзімді сыйлауды талап етемін.

  4. Ата-анам үшін ешнәрсе жасамағаныма қамығамын.

  5. Сізді әрқашан ызаландырған адамдардың "тұмсығын бұзуға"
    тұрады.

  6. Мен еш уақытта ашуға бөленіп, тұнжырап жүрмеймін.




  1. Егер басқалардың маған деген көзқарасы мәртебеме сай
    келмесе, мен оларға режімеймін.

  2. Мені біреу ренжіткісі келсе, мен оған көңіл бөлмеймін.

  3. Ешкімге байқатпауға тырыссам да, қызғаншақтық "ішімді
    ит жегендей" етеді.

  4. Кейде мені күлкіге көтеретіндер бар сияқты.

  5. Мен қатты ызалансам да балағат сөз айтпаймын.

  6. Менің күнәларымның барлығы кешірілсін.

  7. Маған біреу қол көтерсе, менің жауап қайтаруым сирек
    болады.

  8. Айтқаным болмай қалса мен ренжимін.

  9. Кей кезде адаімдарды көргенде мен жынданамын.

  10. Шынымен жек көретін адамым жоқ.

  11. Бөтендерге еш уақытта сснім білдірмеу — менің ұстанымым.

46. Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не
ойлайтынымды айтуға даярмын.

  1. Кейін өкінетін нәрселерді жиі жасаймын.

  2. Ашуланған кезде қол жұмсауым мүмкін.

  3. Кішкентай кезімнен бастап долылық көрсеткен емеспін.

  4. Мен өзімді атылуға дайын оқтай жиі сезінемін.

  1. Қандай екенімді жүрттың бәрі білсе, олар мені, бірге жұмыс
    істеуге қиын адам, деп есептер еді.

  2. Қандай себепке байланысты басқалар маған жағымды нәрсе
    істейді, деп ойланамын.

  1. Маған біреу дауыс көтерсе, мен де оған айқайлаймын.

  2. Сәтсіздіктер мені мазасыздандырады.

  3. Төбелескенде басқалардан артық-кемім жоқ.

56. Қатты ашуланғанда, бірінші қолыма түскен затты
сындырғаным есімде.

  1. Кейде төбелесті бірінші болып бастаймын.

  2. Өмір маған әділетсіз екенін кейде анық сеземін.

59.Мен бұрын адамдар тек шынын айтады, деп ойлайтын едім.

  1. Ашуланғанда ғана ұрсамын.

  1. Егер қателік жіберсем қысылып жүремін.

  2. Өз құқығымды жұдырықпен қорғау керек болса - күшімді
    көрсетемін.

  3. Өзімнің ашуымды, кейде, стол төбелеп көрсетемін.

  4. Өзіме ұнамайтындарға дөрекілік көрсетемін.

  5. Маған зиян келтіргісі келетін дұшпандарым жоқ.

  6. Дөрекілерді өз орнына қоя алмаймын.

  7. Өзім дұрыс өмір сүрген жоқпын,- деген ой маған жиі келеді.

  8. Мені төбелеске дейін апаратындарды білемін.

  9. Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.

  10. Басқалар намысыма тиіп, ызаландырғысы келеді, деген ойға
    сирек бөленемін.

  11. Мен, көбінесе, адамдарды тек қорқытамын.

  12. Соңғы кезде мен жабысқақ болып кеттім.

  13. Дау барысында мен дауысымды жиі көтеремін.

  14. Басқаларға теріс көзқарасымды көрсетпеуге тырысамын.

75.Мен дауласпастан келісімге келгенді ұнатамын.

Авторлар сауалнаманы келесі ұстанымдарға суйене отырып жасаған:

  1. Әр сұрақ агрессияның бір түрін анықтауға арналған.

  2. Сұрақтарға берілген жауаптарға басқалардың пікірі әсерін
    тигізуін төмендету жолдары ойластырылған.

Бағалау шкаласы

Жауаптар сегіз шкала бойынша бағаланады.

1. Физикалық агрессия: ия-1, жоқ-0 келесі тұжырымдамаларға:

1. 25, 31, 41,48, 55, 62, 68;

Жоқ - 1, ия - 0, келесілерге: 9, 7.

2. Жанама агрессия: ия-1, жоқ-0: 2, 10, 18, 34, 42, 56, 63;


жоқ-1, ия-0: 26, 49.

  1. Тітіркенушілік: ия-1, жоқ- 0: 3,19, 27, 43, 50, 57, 64,72;
    жоқ-1, ия-0: 11, 35, 69.

  2. Негативизм: ия-1, жоқ-0: 4, 12, 20, 28; жоқ-1, ия-0: 36.

  3. Өкпелегіштік: ия-1, жоқ-0: 5, 13, 21, 29, 37, 44, 51, 58.

  4. Күдіктенушілік: ия-1, жоқ-0: 6, 14, 22, 30,38, 45, 52, 59;
    жоқ-1, ия-0: 33, 66, 74, 75.

  5. Вербалды агрессия: ия-1, жоқ-0: 7, 15, 23, 31, 46, 53, 60,
    71,73; жоқ-1, ия-0: 1,33, 66,74,75.

8. Кінәні сезіну: ия-1, жоқ-0: 8, 16, 24, 32, 40, 47, 54, 61, 67.

Көрсетілген шкала бойынша жауаптарды баллға аударып, барлық жиналған ұпайлардың екі түрлі қосындысы шығарылады. Біріншісі қастандық индексі деп аталады да ол 5 жөне 6 шкалалардың қосындысы арқылы анықталады. Ал екіншісі, агрессия индексі - 1, 3, 7 шкалалар қосындысы бойынша анықталады.

6,5 плюс-минус 3 - қастандық көрсеткіші нормада екенінің белгісі; 21 плюс-минус 4 - агрессияның нормадағысын көрсетеді.

Баланың агрессиясын анықтағанда бір әдістемені қолданып, сол бойынша қорытынды жасауға болмайды. Міндетті түрде Кеттел, Шмишек, Спилбергер т.б. проективтік әдістемелердің нәтижесімен салыстырып анықтау қажет.

"Жоқ" - 18, 34, 36, 128.

Динамикасын анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:

"Ия" - 1, 6, 9, 11, 14, 20, 22, 26, 28, 29, 31, 33, 40, 41, 43, 44, 46, 49, 54, 55, 64, 68, 71, 74, 76, 79, 80, 85, 86, 88, 91, 92, 93, 95, 100, 101, 104, 111, 115, 119, 131;

"Жоқ" -25, 57, 63, 116.

Қозу және тежелу процесстерінің көрсеткіштері 42 және одан жоғары болса, өлшенген жүйке процесінің күшті жүретінін көрсетеді. Қозу жөне тежелу процестерінің ара қатынасы жүйке процестерінің теле-теңдігін көрсетеді. Егер ара қатынасы 1-ге жақын немесе тең болса ол көрсеткіштің иесі байсалды болады, қозу көрсеткіші басым болса — ол адамның қозғыштығын, ұстамсыздығын көрсетеді, ал тежелу басым болса — ол адамның "тормоздан" шығуы қиын, тежелгіш екенінің белгісі болады.



Баќылау с±раќтары:

1.Басса – Дарки сауалнамасының мақсты.

2.Орындау ережесі.

Практикалық сабақ №21
Тақырыбы: Жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсету міндеттері.

Жоспары:

1. Жас өспірім шақтың маңызды ерекшеліктері.

2. Жас өспірім шақтың маңызды міндеттері.

Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерге жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсету міндеттері мен жас өспірім шақтың ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. Жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсету міндеттері

Жас өспірімдік шақ баланың жыныстық толысуынан басталып, ересектік орын алғанға дейін созылатын, көптеген физиологиялық және әлеуметтік жағдайларға байланысты шектері анықталатын жас кезеңі. Бүл кезең 15-18 жас аралығында өтеді жэне көптеген өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады.

Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бүл жаста пубертаттық кезеңде болады. Осы физиологиялық процеске байланысты ұл-қыздардың бір-біріне көз салып, жыныстық қызығушылығы орын ала бастайды. Жас өспірімдік кезең бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Балалар материалдық жағынан әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, екінің бірінде, сен ересексің, үлкенсің десе, екінші жаганан, одан үнемі үлкендердің айтқанын сынамастан орындауды талап етеді. Бүл жағдай мектептен басқа жердеде анық байқалады. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары болашақта некелесуге, өз отбасын қүруға өзірлену кезеңінде. Сондықтан, психолог алдында түрған үлкен міндеттердің бірі — жыныстық тәрбие, болашақ отбасы өміріне даярлау, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу болап табылады.

Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері — мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану және болашақ мамандық алатын оқу орнын анықтау. Бүл міндеттерді жүзеге асыру баладан ұзақ уақыт мақсатты даярлықты талап етсе, үлкендер жаганан баланың мүқтаждығын жақсы түсініп оған кеңес беріп, кол үшын беруді қажет етеді. Мамандық тандау баланың жалпы дүниетанымдық ізденістері мен өмірлік жоспарларында ррнығып, нақтыланады.

Жас өспірім есейген сайын таңдау қажеттігі күшейе түседі. Ойдағы, қиялдағы немесе абстрактілік көптеген мүмкіндіктердің ішінен неғүрлым шындыққа жақынын, қабылдауға келетін варианттарды таңцау керек болады. Сондықтан мамандыққа баулу, баланың мамандық таңцау мотивациясын, қызығушылығын, ден саулығын және анатомо- физиологиялық мүмкіншілігін зерттеп кәсіби бағдар беру психолог алдында тұрған екінші міндет болады.

Жас өспірімдік жас кезеңінде адам өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша толыгарақ түсініп білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Оның біріншісі -өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижелермен салыстырып бағалау, ал екіншісі — өлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Осы тәсілдер арқылы қүрылған баланың өз "менінің" бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі.

Мұнда нақты "мен" (қазір қандаймын), динамикалық "мен" (қандай болғым келеді), мүраттық "мен" (өзімнің адамгершілік үстанымдарыма байланысты сондай болуға тиістімін), қиялдағы "мен" (қолымнан бәрі келетін болса, сондай болар едім!) т.с.с. көз алдына елестететін "мен" бейнелері бар. Өзін-өзі талдау нөтижесінде балалар өзін объективті, төмен немесе асыра бағалауы мүмкін.-Балалар психолог көмегімен "Мен" көріністерін анықтауға, оны зерттеуге мүмкіндіктері болуы керек. Сондықтан әр баланы өзін-өзі танып білуге үйрету психологиялық қызметтің келесі міндеті.,

Осы шақта эгоцентризм, невротизм белгілері болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар жас өспірімдік рефлексияның тереңділігі мен қанықтылығына байланысты көптеген әлеуметтік (әлеуметтік тегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық (интроверсия-экстроверсияның дәрежесі) және өмірбаяндық (отбасында тәрбиелену жағдайлары, қүрдастарымен қарым-қатынасы, оқыган кітаптары мен көрген кинофильмдерінің сипаты) факторларға байланысты. -Психолог осы шақтағы баланың ерекшеліктерін анықтап, әрқайсысына қажетті көмек көрсетуі керек.* Бұл жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті..

2. Жас өспірімдік шақта достықты қажетсіну күрт өседі және бүл сезім өте түрақты да терең бола бастайды. Достық туралы жас өспірімдік үғым мен оның нақты дәрежесі әр балада әр түрлі болады. Қыз балаларда олардың ертерек толысатын-дығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мүраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғүрлым жоғары талаптар қоятындығы көрінеді. Есейген сайын бүл айырмашылықтар жоғалады..

Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да өте үлкен. Біреулер жүп достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана болу керек деп санайды. Ал екіншілерінде екі, үш және одан да көп достар болады. Тіптен барлық таныстарымен достасатындар да кездеседі. Бұл мәселе тәлім-тәрбие барысында көңіл аударатын проблемаларының бірі болғандықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оны талдап, шын достықтың мән-мағнасын балаларға көрсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады.

*Жас өспірімдердің біреулері оңашалықты ұнатса, екіншілері жалғыздықтан үрейлене қорқады, аз уақытқа да жалғыз қала алмайды. Кейде мазасыздану, фобия белгілері де орын алуы мүмкін. Психолог осы шақтағы баланың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның нормадан ауытқуларына ерекше көңіл бөліп, әрқайсысына жеке-дара қажетті көмек көрсетуі керек. Бұл жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі

міндетк-

Адамның күрделі интеллектілік оперецияларды меңгеруі және үғымдық аппаратының баюы, теориялық интеллектінің қалыптасуы және көрініс беруі жас өспірімдік кезеңце жетіледі.-Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсумен қосылып, мүның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің қүрылымын кіші жастардағыға қарағанда күрделі де дара сипат береді.

- Қазіргі кезде жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлануы қажеттілігін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілетін, білім меңгерудегі дербестік дәрежесін арттыруға аса маңыз беру қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердең қалыптасуы оқытудың сипаты мен қатар психологиялық түзету-дамыту жұмыстарымен де тығыз байланысты. Сондықтан психологтің келесі міндеті - жоғары сынып оқушыларының интеллекгуалдық дамуына ықпал жасау. Осы аталған, тағыда баланың жас ерекшеліктеріне, өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала , отырып, әр психолог жас өспірімдермен жүргізетін қызметінің мазмұнын анықтайды.



Баќылау с±раќтары:

1. Жас өспірім шақтың маңызды ерекшеліктері.

2. Жас өспірім шақтың маңызды міндеттері.
Практикалық сабақ №22
Тақырыбы: "Сан қатарлары" әдістемесі (математикалық ойлауды бағалау)
Жоспары:

1.Әдістеменің мақсаты.

2.Орындау ережесі.
Практикалық сабақ мақсаты: Студенттермен бірге математикалық ойлаудың логикалық аспектісін зерттеу, математикалық қабілеттің көрініс беруін анықтау.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. "Сан қатарлары" әдістемесі (математикалық ойлауды бағалау)

Мақсаты: математикалық ойлаудың логикалық аспектісін зерттеу, математикалық қабілеттің көрініс беруін анықтау.

Тестің балаларға және үлкендерге арналған варианттары бар. Зерттеу жүргізер алдын тапсырмалар толтырылған бланкілер даярланады. Олар әр зерттелінушіге таратылып беріледі де орындау ережесі түсіндіріледі.



1. Балаларға арналған варианты.

Орындау ережесі: Қатардағы сандарды мұқият оқып шық. Әр қатарда екі бос орын бар. Оларға осы қатардағы сандарды жалғастыратын екі санды тауып жаз.

Мысалы:

Берілген сандар қатары: Бос орынға жазылатын сандар.

2 4 6 8 10 12 14 16

10 9 8 7 6 5 4 3

3 3 4 4 5 5 6 6

1 7 2 7 3 7 4 7


Орындау уақыты — 7 минут.

Тапсырмалар

Берілген сандар қатары Бос орындар



  1. 3 4 5 6 7 8

  2. 5 10 15 20 25 30

  3. 8 7 6 5 4 3

  4. 9 9 7 7 5 5

  5. 3 6 9 12 15 18

  6. 8 2 6 2 4 2

  7. 5 9 12 13 16 17

  8. 27 27 23 23 19 19




  1. 8 9 12 13 16 17

  2. 1 2 4 8 16 32

11 22 19 17 14 12 9

  1. 4 5 7 10 14 19

  2. 12 14 13 15 14 16

  3. 24 23 21 20 18 17

  4. 16 8 4 2 1 ұ

  5. 18 14 17 13 16 12

  6. 12 13 11 14 10 15

18 2 5 10 17 26 37

19 21 18 16 15 12 Ю

20 3 6 8 16 18 36
Дұрыс жауаптары

1. 9 10 11. 7 4

2. 35 40 12. 25 32

3. 2 1 13- 15 17

4. 3 3 14- 15 14

5. 21 24 15. 1/4 1/8


6. 2 2 16. 15 11
7. 29 33 17. 9 16
8. 15 15 18. 50 65
9. 20 21 19. 9 6
10. 64 128 20. 38 76
Үлкендерге арналған варианты

2. Орындау ережесі: Сіздерге 7 қатар сандар берілген. Әр қатардағы сандардың орналасу заңдылықтарын тауып, бос орындарға жетіспей тұрған сандарды жазу керек.

Орындау уақыты — 7 минут.



Тапсырмалар

1) 24 21 19 18 15 13 7

2) 1 4 4 16 49 64 81 100

3) 16 17 15 18 14 19

1 3 6 8 16 18 76 78

7 16 9 5 21 16 9 ... 4

2 4 8 10 20 22 92 94

7) 24 22 19 15



Дұрыс жауаптары

  1. 12, 9; 5) 13;

  2. 25, 36; 6) 44, 46;

  3. 13, 20; 7) 10; 4.

  4. 36; 38;

Нәтижесін талдау

Зерттелінуші тапсырмаларды орындауға қиналса, сандық материалдырмен операциялар жүргізуге қажетті зандылықтарды таба алмағанының белгісі. Ол адамның логикалық ойлауының нашар дамығанын көрсетеді. Анықталған уақытта тапсырманың жартысын орындаса — логикалық ойлауы көрініс берген, оны дамытуға мүмкіндік мол.



Баќылау с±раќтары:

1.Әдістеменің мақсаты.

2.Орындау ережесі.


Практикалық сабақ №23

Тақырыбы: Интеллектуалдық икемделгіштікті (лабильділікті) анықтау әдістемесі
Жоспары:


  1. Әдістеменің мақсаты.

  2. Орындау ережесі.


Практикалық сабақ мақсаты: Әр түрлі тапсырмаларды орындауға икемділікті, бір әрекеттен екіншіге ауысудың жеңілділігін және зейін аударуға қабілеттілікті зерттеу.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. Интеллектуалдық икемделгіштікті (лабильділікті) анықтау әдістемесі

Мақсаты: Әр түрлі тапсырмаларды орындауға икемділікті, бір әрекеттен екіншіге ауысудың жеңілділігін және зейін аударуға қабілеттілікті зерттеу.

Орындау ережесі: Әдістеме жүргізу үшін тапсырмалар арнайы бланкке түсіріліп, зерттелінушілердің қолына беріледі де оны орындау тәртібі түсіндіріледі.

Орындау ережесі: "Сіздерге, онша қиындығы жоқ, 40 тапсырма берілген. Олардың әрқайсысын орындауға 2, 3, 4, 5 секунд уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде тапқан жауаптарыңызды блакінің номері аталған жеріне толтырасыздар. Тапсырмаларды тез және зейіндеріңізді жинақтап отырып орындаңыздар". Психолог әр тапсырманы асықпай оқып береді де, оны орындау уақыты аяқталғаннан соң, келесі тапсырма оқылады. Зерттелінушілер жауаптарын қолындағы бланкіге толтырып отырады.

Тапсырмалар

(1-ші квадрат) Смадияр деген аттың бірінші әрібі мен


жылдың бірінші айының соңғы әрібін квадрат ішіне жазыңыз. (3 сек.)

(4-ші квадрат) "Жел" деген сөзді квадратқа жазғанда бір әріп


үшбұрыштың ішіне түссін. (3 сек.)

(5-ші квадрат) Төртбұрышты екі вертикалдық және екі
горизонталдық сызықтармен бөліңіз. (4 сек.)

(6-шы квадрат) Бірінші шеңберден төртінші шеңберге қарай


сызық жүгізіп, оны екіншінің үстінен, үшіншінің астынан
өтетіндей етіп орналастырыңыз. (3 сек.)

(7-ші квадрат) Үшбұрыштың ішіне плюс белгісін қойып, ал


үшбұрыш пен төртбұрыштың ортақ ауданына 1 деген санды
жазыңыз. (3 сек.)

(8-ші квадрат) Екінші шеңберді үшке, ал төртінші шеңберді


екіге бөліңіз. (4 сек.)

(10-шы квадрат) Егер бүгінгі күн сәрсенбі болмаса атыңыздың
соңғы әрібінен бұрынғыны квадрат ішіне жазыңыз. (3 сек.)

(12-ші квадрат) Бірінші тікбұрыштың ішіне плюс,
алтыншысына 0 қойыңыз да, үшіншіні сызып тастаңыз. (4 сек.)

(13-ші квадрат) Нүктелерді тік сызықтармен қосып


шығыңыз, кішкентай үшбұрыштың ішіне плюс белгісін қойыңыз.
(4 сек.)
(15-ші квадрат) Дауыссыз дыбыстардың сыртына шеңбер
сызыңыз да, дауыстыларды сызып тастаңыз. (4 сек.)

(17-ші квадрат) Трапецияның бүйір қабырғаларын бір-


бірімен қилысқанша төмен қарай жалғастырыңыз, қилысқан
нүктені өзіңіз тұратын мекен-жайыңыздың соңғы әріпімен
белгілеңіз. (4 сек.)

(18-ші квадрат) Егер "синоним" деген сөздің алтыншы әрібі


дауысты болса, тікбұрыштың ішіне 1 деген санды жазыңыз. (3 сек.)

(19-шы квадрат) Үлкен шеңберді қайта сызыңыз да кішісінің

ішіне плюс белгісін қойыңыз. (3 сек.)


  1. (20-шы квадрат) 2, 4, 5 нүктелерді бір-бірімен қосыңыз, ал
    1 мен 3 нүктелерді тастап кетіңіз. (3 сек.)

  2. (21-ші квадрат) Егер екі көпсанды савдар бір-біріне тең болса
    арасындағы сызықшаның үстіне қанат белгі қойыңыз. (2 сек.)




  1. (22-ші квадрат) Бірінші сызықты үшке бөліп, екіншісін
    екіге бөліп, үшінші сызықтың үштарын "А" әріппен
    жалғастырыңыз. (4 сек.)

  2. (23-ші квадрат) Бірінші сызықтың үшын екінші сызықтын
    жоғарғы ұшымен қосыңыз, ал екінші сызықтың үстіңгі шетін
    төртінші сызықтың төменгі ұшымен жалғастырыңыз. (3 сек.)

  3. (24-ші квадрат) Тақ сандарды сызып тастап, жұп сандардын,
    астын сызып қойыңыз. (5 сек.)

  4. (25 квадрат) Екі фигураның сыртына шеңбер кигізіңіз, сонан
    соң оларды бір-бірінен вертикаль сызықпенен бөліп қойыңыз. (4 сек.)

  5. (26-шы квадрат) А әріпінің астына төменге бағытталған
    стрелка қойыңыз, ал В-ның астына — жоғарыға бағытталған
    стрелка, С әрібінің астына қанат белгі соғыңыз. (3 сек.)

  6. (27-ші квадрат) Егер "ҮЙ" мен "ҮЙРЕК" деген. сөздер
    бірдей әріптен басталатын болса, ромбтардың арасына минус
    белгісін қойыңыз. (3 сек.)

  7. (28~ші квадрат) Сол жақ шеткі клеткаға 0, ал оң жақтағы
    шеткі клеткаға плюс белгісін қойып, ортасынан диагональ өткізіңіз.
    (3 сек.)

  8. (29 квадрат) Қанат белгілердің астын сызып, бірінші қанат
    белгінің ішіне А әрібін жазыңыз. (3 сек.)

  9. (30-шы квадрат) Егер, "СЫЙЛЫҚ" деген сөздегі үшінші
    әріп И болмаса, келесі сандар суммасын жазыңыз: ЗН-5. (3 сек.)

(31 -ші квадрат) "САЛЮТ" деген сөздегі дауысты


дыбыстарды дөңгелектеп сызып, ал "ЖАҢБЫР" деген сөздегі
дауыссыз дыбыстарды сызып тастаңыз. (4 сек.)

(32-ші квадрат) Егер 54 саны тоғызға бөлінетін болса,


төртбұрыштың сыртына шеңбер сызыңыз. (3 сек.)

(33-ші квадрат) 1 санынан 7 санына қарай сызық сызып,


оны жұп сандардың астынан, тақ сандардың үстінен өткізіңіз. (4
сек.)

(34-ші квадрат) қасында сан жазылмаған шеңберлерді сызып


тастап, саны барлардың астш сызып қойыңыздар. (3 сек.)

29.(35-ші квадрат) Дауыссыз дыбыстардың астына төмен


қараған, дауыстылардың астына — жоғары қараған стрелка

қойыңыздар. (3 сек.)

30. (36-шы квадрат) "ҚОЛ" деген сөздің бірінші әрібін
шеңбердің ішіне, ал екіншісін - тікбұрыштың ішіне түсіріп
жазыңыз. (3 сек.)

31. (37-ші квадрат) Горизонталдық сызықтарды солға қараған,


вертикал сызықтарды — жоғары қараған стрелкалармен белгілеңіз.
(5 сек.)

32. (39-шы квадрат) Екінші сызықты екіге бөліп, бірінші


сызықтың екі ұшын сол нүктемен қосыңыз. (3 сек.)

(40-шы квадрат) Вертикал сызықтар көмегіментақ савдарды
жұп сандардан бөліп қойыңыз. (5 сек.)

(41-ші квадрат) Сызықтың үстіне жоғары қараған, ал астына


— солға қараған стрелка қойыңыз. (2 сек.)

(42-ші квадрат) "М" әрібінің сыртына шаршы, "К"-ның


сыртына шеңбер, ал "О"-ның сыртына үшбұрыш салыңыз. (4 сек.)


  1. (43-ші квадрат) 5 пен 2 сандарының қосындысын
    тікбүрыштың ішіне, алымын - ромбтың ішіне жазыңыз. (4 сек.)

  2. (44-ші квадрат) 3-ке бөлінетін сандарды сызып тастаңыз
    да, басқаларының астын сызып қойыңыз. (5 сек.)

  3. (45-ші квадрат) Қанат белгілерді тек шеңбер ішіне, 3 санын
    тек тікбұрыш ішіне қойып шығыңыз. (3 сек.)

  4. (46-шы квадрат) Әріптердің астын сызып, жұп сандардың
    сыртына шеңбер салыңыз. (5 сек.)

  5. (47-ші квадрат) Тақ сандардың сыртына шаршы скобка,
    жұп сандардың сыртына дөнгелек скобка қойып шығыңыз. (5 сек.)

2. Баеалау шкаласы:

Икемделгіштік (лабильділік) көрсеткіші жіберілген қателер санымен анықталады.

0-4 қате - лабильділігі жоғары, оқуға қабілеті жақсы;

5-9 қате - лабильділігі орта;

10-14 қате - лабильділігі төмен, қайта үйрету қиын;

15 және одан көп қате - іс-әрекеттің барлық түріне икемсіз.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет