050103 «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері үшін
Оқу түрі: сыртқы
Курс: 5
Кредит саны: 3
Практикалық (семинар) сабақ: 30 сағат
Лабораториялық: 10 сағат
СӨЖ: 95 сағат
Барлық сағат: 135 сағат
Аралық бақылау: (АБ) -60 б
Қорытынды бақылау: емтихан – 40 б
Жетісай, 2010
Силлабусты дайындаған: доцент Ташкенбаева С. М.
Силлабус Университет ғылыми кеңесінде бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалған
Силлабус кафедраныњ мєжілісінде қаралды
Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Кафедра меңгерушісі _________ _______________
қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы
Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында мақұлданған
Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ _______ ___________________
қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы
Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған
Хаттама № __ « ____» ________200_ж.
Ғылыми Кеңес хатшысы ___________ ___________________
қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз ….…………………………………………............................
Жалпы мәліметтер………………………….………...........................
Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....
Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................
Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................
Студентке арналған ережелер…………………...................................
Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………........................................................
Лекция сабақтары..................................................................................
Семинар сабақтарының жоспары.........................................................
СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................
Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі..............................
Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)
Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі........
Алғы сөз
Оқу - әдістемелік кешені - “ Психология бойынша практикум” пәні бойынша
050103 мамандарын дайындауға арналып, барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдардан құралып, осы курс бойынша дәріс беруші мұғалімнің жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Білім беруде кредиттік технологияны пайдалана отыра, барлық құжаттарды бір жүйеге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру көзделініп отыр.
Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген:
ПС – практикалық сабақтар, СС - семинар сабақтар, СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы. ОБСӨЖ- оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқытудың мұндай бағдарламасы (SYLLABUS), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себін тигізеді деп күтілуде.
СӨЖ-де зерттеліп отырған материалды студент өз бетімен меңгеруі мен үйге берілген тапсырманы орындау көзделеді. Оқу материалы барлық оқыту формаларының өрімделуі мен ерекшеленеді.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыптан қарастырылуда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдармен терминдерді енгізеді.
Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысынын барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.
Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.
2. Жалпы мәліметттер:
Лектор: доцент Ташкенбаева С.М.
"Педагогика және психология кафедрасы", №1 оқу корпусы 31 кабинет
Телефон 252
Кафедрадағы бос уақыты: сәрсенбі , сағат : 9-13
№
|
Аты-жөні
|
Курсты өткізу уақыты
|
Байланыстырушы мәлімет
|
1.
|
Ташкенбаева С.М.
|
Аудиториялық сабақтар
|
СӨЖ
|
|
|
|
Лекция: лек зал
Уақыты:
Ауд:
|
Уақыты:
Ауд: |
Тел:
Каб:
Корпус:
|
|
|
Семинар :
Уақыты:
Ауд:
|
Уақыты:
Ауд:
|
Тел:
Каб:
Корпус:
|
3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ
ПРОЦЕСІНДЕГІ РӨЛІ
Курстың мақсаты – студенттер бойынша психология бойынша практикум туралы жалпы ұғымдарды қалыптастыру. Психология пәнінен білім, дағды және іскерліктерді іс-тәжірибе жүзінде пайдалана білуге, жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттерін диагностикалау негіздерін, ережелерін, жүргізу тәртібі туралы теориялық және практикалық білім негіздерін беру.
Пәнді оқытудың міндеттері.
Студенттердің психологиялық диагностика, психологиялық консультация (кеңес беру), психологиялық коррекция туралы мәліметтерден және оларды іс-тәжірибе жүзінде жүзеге асыру туралы мәліметтерден хабардар ету.
4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері
№
|
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)
|
Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)
|
1
|
Психология.
|
Психологиядағы зерттеу әдістері.
|
2
|
Даму психологиясы.
|
Жеке адам психологиясы.
|
3
|
Менеджмент психологиясы.
|
Практикалық психология.
|
4
|
Жас ерекшелік физиологиясы
|
Дифференциалдық психология.
|
5
|
|
Арттерапия.
|
6
|
|
Оқушыларды педагогикалық-психологиялық диагностикалау жолдары.
|
5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ
№
|
Кредит саны
|
Курс
|
Жалпы сағат саны
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан тыс сабақтар
|
Қорытынды бақылау
|
лекция
|
Прак/сем
|
сем
|
лабор
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
|
3
|
5
|
135
|
-
|
30
|
-
|
10
|
-
|
95
|
|
|
|
Барлығы:
|
135
|
-
|
30
|
-
|
10
|
-
|
95
|
|
6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.
Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :
Сабаққа кешікпеу керек. Сабаќќа ќатысу, лекция жазу,сабаќта белсенді ж±мыс жасау,‰й тапсырмаларын орындау студенттіњ міндеті болып табылады. Егер студент ќандайда бір себептермен сабаќќа ќатыса алмаса, онда ол лекция материалдарын топтаѓы басќа студенттен алу керек немесе µзбетінше µтеу ќажет. Аудиториядан тыс уаќытта оќытушы лекциялыќ материалдармен сабаќтан ќалѓан студенттерді тек ќана белгіленген уаќытта ќамтамасыз етеді.
2. Студент университеттегі оќу ережесіне баѓыну керек: сабаќты себепсіз жібермеу,сабаќќа кешікпеу,оќу материалдарын т‰сіндіру кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.
4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа
анықтама әкелу керек.
5.Егер студентте курс бойынша с±раќтар туатын болса, онда ол оќытушыдан белгіленген уаќытта кењес алуына болады.
6.Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
7.Єрбір ‰йге берілген тапсырма уаќтылы орындалып, сабаќта талќылануы ќажет. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8.Баќылау ж±мысына ќатыспаѓан немесе кешіккен студенттер автоматты т‰рде баќылау ж±мысы ‰шін 0 балл алады. Баќылау ж±мысын ќайта тапсыру р±ќсат етілмейді.
8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ Б¤ЛІНУІ
№
|
Тараулар атауы,
реті
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан
тыс сабақтар
|
лекция
|
прак
|
сем
|
лабор
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Психология бойынша практикум пәніне кіріспе.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
2
|
Практик-психологтың міндеттері мен құқығы.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
3
|
Психологтың мектеп алды тобындағы балалармен жүргізетін жұмысының мазмұны.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
4
|
Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау. Йирасек-Керн тесті.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
5
|
Л.С.Выготскийдің «Жалпылап айт» әдістемесі.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
6
|
Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету міндеттері.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
7
|
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу әдістері. «10 сан» әдістемесі.
«10 фигура» әдістемесі.
|
|
1
|
|
1
|
|
3
|
8
|
«Ертегі айтып берші» әдістемесі.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
9
|
1- сыныпқа арналған «Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі.
|
|
1
|
|
1
|
|
3
|
10
|
2- сыныпқа арналған «Жануарлар мектебі» әдістемесі.
|
|
1
|
|
1
|
|
4
|
11
|
3-сынып оқушыларының таным процестерін диагностикалау және дамыту.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
12
|
«Қызыл-қара кесте» тестінің модификациясы.
|
|
1
|
|
1
|
|
3
|
13
|
4 - сыныпқа арналған «Оқу мектеп мотивациясын тексеруге арналған сауалнама».
|
|
1
|
|
|
|
3
|
14
|
А.З.Зак ұсынған «оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау» әдістемесі.
|
|
1
|
|
1
|
|
3
|
15
|
Жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету негіздері. Жеткіншектердің таным процестерін зерттеу «Сөздер қатарын есте сақтау» әдістемесі.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
16
|
Ассоциативтік ес көлемін анықтау әдістемесі.
|
|
1
|
|
1
|
|
3
|
17
|
Жеткіншектердің интеллектуалдық даму деңгейін анықтау тесті.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
18
|
Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
19
|
Балалар агрессиясы мен акцентуациясын зерттеу.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
20
|
Агрессия күйін диагностикалау.
«Басса-Дарки» сауалнамасы.
|
|
1
|
|
1
|
|
4
|
21
|
Жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсету міндеттері.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
22
|
«Сан қатарлары» әдістемесі.
(Математикалық ойлауды бағалау).
|
|
1
|
|
1
|
|
3
|
23
|
Интеллектуалдық (икемделгіштікті) анықтау әдістемесі
|
|
1
|
|
|
|
4
|
24
|
Жеке тұлғаның дара-типтік ерекше белгілерін анықтауға арналған сауалнама. (Л.Н.Собчик бойынша)
|
|
1
|
|
1
|
|
4
|
25
|
Ақыл-ой дамуын тексеретін тест (ШТУР).
|
|
1
|
|
1
|
|
3
|
26
|
Л.П.Калининскийдің даралық сауалнамасы.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
27
|
Кәсіпті таңдау тесті. (Голланд әдісі).
|
|
1
|
|
|
|
3
|
28
|
«Ғажайып тест» тренинг ойыны.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
29
|
«Темперамент формуласы» тесті (А.Белов бойынша)
|
|
1
|
|
|
|
4
|
30
|
Психогеометриялық әдістеме.
|
|
1
|
|
|
|
3
|
|
|
|
30
|
|
10
|
|
95
|
9. Практикалық сабақтар
Практикалық сабақ №1
Тақырыбы: Психология бойынша практикум пәні.
Жоспары:
Психология бойынша практикум пәні.
Психология бойынша практикум пәнінің салалары.
3. Психология бойынша практикум саласының даму тарихы.
Практикалық сабақ мақсаты:
Студенттерге психология бойынша практикум сабағының оқыту пәні, салалары, даму тарихы туралы түсінік беру.
Практикалық сабақ мәтіні:
1. Психология бойынша практикум - психологиялық қасиеттердің көрініс беруін, даму ерекшеліктерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеп, дамуында ауытқуы бар қасиеттерді өңдеу жолдарын анықтайтын психологиялық ғылымдардың бір саласы.
Психологиялық қасиеттерді зерттеу өте күрделі процесс. Оның барысында көптеген психодиагностикалық әдіс-тәсілдер қолданылып, әр адамның психикалық қасиеттерін, күй-жағдайларын, таным процесстерін зерттеп, олардыің даму деңгейін бағалауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге психикалық қасиеттердің нормадан ауытқуларының алдын алу, коррекциялау, кеңес беру т.б. жәрдемді ұйымдастыру да осы ғылым саласының міндеттеріне енеді.
2. Психология бойынша практикум пәнінің салалары.
Психология бойынша практикум - қызмет аясы өте кең және әр түрлі болуымен байланысты оның жекелеген салалары пайда болады. Оларға қысқаша тоқталып өтейік.
Инжинерлік психология қазіргі кезде практикалық психология ең үлкен салаларының бірі болып отыр. Оның зерттейтін мәселелері ғылым мен техниканың дамуына және техниканы адам мүмкіндігін барлық салаларында кеңінен қолданылуымен байланысты туып отыр. Техникалық құрал – жабдықтармен жұмыс жасау адам мен машина арасындағы қатынас ерекшеліктерін анықтау және адам ағзасына техниканың тигізетін әсерін бағалауды талап етеді. Сондықтан инжинерлік психологияның негізгі мақсаты – адам еңбегіне және дененің сұлулығына техникалық жабдықтар конструкциясының тигізетін әсерін анықтау, оның икемді болу жолдарын табуға өз үлесін қосу. Қызмет атқару орнының түр-түсі, техникалық құралдардың дизайны-адамның психикалық жағдайына үлкен әсерін тигізетіні дәлелденген.
Осы ғылыми қағидаларға сүйене отырып көптеген жұмыс орнын жабдықтау стандарттары анықталған. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесі оператордың сезім мүшелері қызметтеріне ерекше талаптар қояды. Мысалы, панельде орналасқан өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін толық қамту үшін оператор көзінің маршрутын анықтап, барлық жабдықтарды соған сай орналастыру қажет.
Сонымен қатар адамның мағлұматтарды қабылдап, оларды жүйелі түрде талдау, мән-мағынасына түсініп жауап қайтару инжинерлік – техникалық кадрлердің сенсорикасының ерекшеліктерімен байланысты. Техникалық құрал-жабдықтар қимыл әрекеттің және жауап реакцияның жылдамдығын талап етеді. Ұзақ уақыт ішінде өлшеу ақпараттары көрсеткіштеріне қадалып отыру оператордың қызметінің сапасына теріс әсерін тигізу мүмкін. Мамандық аурулардың алдын алу проблемасы, техника мен адам арасындағы қатынасты оңтайландыру және сол сияқты көптеген күрделі мәселелер өзін зерттеуді және мүмкіндігінше тезірек шешуді қажет етіп отыр. Сондықтан инжинерлік психология өте тез дамып келе жатқан сала.
Әлеуметтік ортада психологиялық қызмет көрсетудің өзін бірнеше салаға бөліп көрсетуге болады. Қазіргі кезде сұранысқа ие болып отырған отбасына психологиялық қызмет көрсетудің мән-мағынасы өте терең. Отбасындағы тәлім-тәрбиені ұйымдастыру жолдарын ата-анаға үйрету, <<қиын>> және <<қиналып>> жүрген ата-аналар мен балаларға тоқыраудан шығу жолдарын көрсету, нашақор, ішкіш дромомания тағы басқа нормадан ауытқуы барларға түзету шаралары ықпалы көмек көрсету мәселелері психологтың көмегін талап етіп отыр.
Келесі саласы – тәжірибелік педагогикалық психология психология бойынша практикумның бұл саласы оқушыларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға психологиялық қызмет көрсету жолдарын жан-жақты зерттейді. Психологиялық қызмет көрсету балалардың психологиялық дамуын диагностикалау, олардың дамуындағы психологиялық ауытқулардың алдын алу, психологиялық кеңес беру, таным процестері мен жекелік психикалық қасиеттерді өңдеу, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық көмек көрсету мәселелерін шешуге өз үлесін қосады.
Білім беру саласында психологиялық қызмет көрсету жаңа ұйымдастырылып келе жатыр. Оның мазмұны ұйымдастыру формулалары қолданылатын әдіс-тәсілдері әлі жүйеге келтірілген жоқ. Сондықтан әр психолог орысшадан өзі аударған зерттеу әдістерін қолданып, оқушылардың таным процесстерін коррекциялау жолдарын шамасы келгенше анықтап келеді.
3. Практикалық психология саласының даму тарихы.
Тәжірибелік психологиялық зерттеулер адамзат қанша өмір сүрсе, сонша уақыт дамып келе жатыр деп айтуға болады.
Өйткені адам, адам болғалы өзінің тәнімен қатар жанының ерекшеліктерін де жете біліп, оны басқару, өңдеу жолдарын анықтап алуға құмарлығы өте зор болады. Дегенімен нақты психодиагностикалық зерттеулерде жүргізу әдістері анықталып, жекелік психика қасиеттер ерекшеліктерін анықтау XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бірінші психодиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізілді.
Психолог-парктиктердің айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психикалық қасиеттері дені саулармен бірдей, тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анық байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсетті. Сондай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді. практикалық психология саласының дамуындағы бұл кезең клиникалық деп аталады.
19 ғасырдың екінші жартысында жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психикалық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты тип темпераментке жан жақты сипаттама берілді. Соченов, Павлов жүргізілген зертеулер нәтижесінде оолар екінші сигналдық жүйенің нағыз адамдық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезде, тәжірибелік психологияның дамуына физиологтардың қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады.
Жеке психикалық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия, т.б. елдерде 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон текст деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зертеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т.б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылуда. Гальтонның ұсынысы бойынша текст көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен коррекциялық байланысы бар екендігі ескерілді.
Психологиялық зерттеулер математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды. Фишер диспесиялық талдауды, ал Спирмен – факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған көп өлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-бірімен коррекциялық байланысты өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқауын статистикалық жолмен талдауға жол ашылды.
Келесі кезеңде Г.Айзенк және Р.Кеттел факторлық талдауды жекелік қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір – бірімен ұштастырып анықтауға жол ашуда. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу текстері кеңінен қолданыла бастады . 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық текс жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т.Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине – Симон шкаласы деп қолданыла бастады.
Өткен ғасырдан жиырмасыншы жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған текстердің көптеген түрлері құралды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан – жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым – қатынасын зерттеуге арналған Я. Коломенскийдің ұжымының қалыптасу деңгейі бағалау текстері кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шамаларын ұйымдастыратын орталықтар ашылды. Психология бойынша практикум саласының дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуында. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық білімді беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады.
Баќылау с±раќтары:
Психология бойынша практикум пәні.
Психология бойынша практикум пәнінің салалары.
3. Психология бойынша практикум саласының даму тарихы.
Практикалық сабақ №2
Тақырыбы: Практик - психологтың міндеттері мен құқығы.
Жоспары:
Психолог міндеттері.
Психолог құқығы.
Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді психологтың міндеттері, құқықтарымен таныстыру.
Практикалық сабақ мәтіні:
Психолог міндеттері:
Білім беру саласындағы Республика заңдарын орындау
Шешім қабылдап проблемаларды қарастыруда кәсіби шеңберден шықпау
Өзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отыру
Нақты кәсіптік білім жоқ адамдардын диагностикалық, коррекциялық зерттеулер жургізуіне тыйым салу.
Барлық мәселелерді шешуде балалардың псикилалық дамуын ескеру
Атқарылатын жүмыстардың міндеттері мен әдістері туралы нусқауларды кәсіптік жағынан басқаратын адамдар бергенде оларды нақты орыдау
Баланың псикилалық дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына қадетті көмектер көрсету.
Кәсіптік құпияны жариялау.
Барлық психологиялық зерттеу нәтежелерін жазып, арнай құжаттарға тіркеп отыру.
Психологиялық көмекті қажет ететідерге дер кезіде
Қажетті іс-шараларды ұйымдастыру.
Психолог құқығы:
Оқушылрмен және басқа талапкерлермен жүргізіетін жұмыстың нақты міндеттерін өз бетінше шешуге, әдіс-тәсідерін дербес таңдап,жұмыстардың кезегін анықтауға ;
Кәсіби міндеттерін сапалы орындауға қажетті жағдай жасауды мектеп басшыларынан талап етуге;
Жоғарғы орындардан түскен нұсқаулар этикалық ұстанымарға қайшылас келген жағдайда оны орындаудан бас тартуға;
Қажетті құжаттармен танысуға;
Психодиагностикалық, психокоррекциялық әдіс-тәсілдерді реттеп алуға және оларды дайындауға;
Мектеп оқушыларын толық және жеке зерттеулерден өткізуге;
Медициналық және дефектологиялық мекемелерге сұраныс жасауға;
Баланың болашағын анықтау үшін медициналық, педагогикалық-психологиялық т.б. комиссиялар кеңесіне қатысуға;
Тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми-әдістемелік көпшілік журналдарына материалдар жариялауға;
Психологиялық білімдерді насихаттауға;
240 сағат көлемінде нормативтік және факультативтік сағат алуға;
Оқушыларды мамандықта баулу және кәсіби бағдар беруге;
Отбасына психологиялық қызмет көрсетуге.
Баќылау с±раќтары:
1. Психолог міндеттері.
2. Психолог құқығы.
3. Психологтың неше міндеттері мен құқығы бар.
Практикалық сабақ №3
Тақырыбы: Психологтың мектеп алды тобындағы балалармен жүргізетін жұмысының мазмұны.
Жоспары: 1. Мектеп психологының мектеп алды жасындағы балаларды зерттеу міндеттері.
2.Балалардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау.
Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді психологтың мектеп алды тобындағы балалармен жүргізетін жұмысының мазмұнымен таныстыру.
Практикалық сабақ мәтіні:
1. Мектеп алды тобындағы балаларды зерттеу міндеттері
Баланың мектепке баруымен байланысты оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Мектеп балаға едәуір қиындығы бар міндеттер артады. Кішкентай мектеп оқушысы барлық сабақтарда берілген тапсырмаларды жүйелі орындауға, сол сәтте, қаласа да, қаламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес үстауға міндетті болып саналады. Осы міндеттердің барлығын толық орындау балаға оңай емес.
Мектеп психологы балалармен жүргізетін психологиялық қызмет көрсету жұмысын мектеп алды тобына қабылдау кезеңнен бастайды. 5-6 жастағы бала мектепке келер алдында оқуға, мектеп режимі бойынша жұмыс жасауға, бағдарламаны меңгеруге, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындауға және мектепішілік қарым-қатынас жасауға дайын болуға тиісті. Тек сонда ғана мектепке келген бала бағдарлама ұсынып отырған білім мен іскерлікті меңгеруге шамасы келеді. Мектеп психологы бала-бақшадағы әріптестерімен бірге осы мәселені зерттеуі оның мектепке даярлық тобындағылармен жүргізетін жұмысының ең басты міндеті болып табылады. Сонымен қатар баланың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігін, таным процестерінің даму деңгейін нақты бағалау мақсатының орны ерекше.
/Баланың мектепте оқуға даярлығын анықтайтын әдістер немесе психологиялық ортақ пікірлер осы уақытқа дейін қалыптаспаған. Дегенмен көптеген зерттеушілер баланың таным процестерін, нәзік қимыл әрекеттерін, қарым-қатынас мәдениеттерін зерттеу әдістемелерін жасап шағарған. Осы еңбектерге сүйене отырып әр психолог мектеп алды деп аталатын даярлық тобындағы балалардың оқуға, мектеп талаптарын орындауға икемделгендігін анықтауы қажет. Баланың мектепке даярлық деңгейін сипаттайтын ерекшеліктерді анықтау әдістемелері үш топқа жинақталып берілген.
Қазіргі кезде балалардың мектепке даярлығын аныктау үшін арнайы жасалған диагностикалық әдістер қолданылады. |Олар Йирасек-Керн, А.Л.Венгер, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б. ғалымдар жасаған тестер.
2. Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау (1-сыныпқа қабылданғандарды зерттеу)
Йирасек-Керн тесті.
(бірнеше әдістемелер жинағы болып қалыптасқан)
Мақсаты: баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау.
Бұл әдістемені әр баламен жеке дара немесе топпен жүргізуге болады. Тест үш тапсырмадан тұрады: ойға сүйене отырып ер адамның суретін салып, дене бітімін бейнелеу; жазба әріптерін үлгіден көшіріп салу; нүктелер тобын көшіріп салу.,Бұл тестің тиімді жағы — балалардың мектепте оқуға дайындығын анықтауға жалпы бағдар беретіндігінде. Сонымен қатар, оқуға аса қажетті саусақтардың нәзік қимылының үйлесімділігін, зейінді бағытты ұстауын және үлкендердің түсіндіргені бойынша баланың өз әрекеттерін ұйымдастыра алатындығы анықталынады.
Баќылау с±раќтары:
1. Мектеп психологының мектеп алды жасындағы балаларды зерттеу міндеттері.
2.Балалардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау.
Практикалық сабақ №4
Тақырыбы: Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау. Йирасек-Керн тесті.
Жоспары:
«Ер адамның суретін салу» әдістемесі.
«Әріптерді көшіріп салу» әдістемесі.
« Бір топ нүктелерді көшіріп салу» әдістемесі.
Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерге Йирасек-Керн тестін жүргізіп көрсету, түсіндіру.
Практикалық сабақ мәтіні:
1. 1-ші тапсырма. "Ер адамның суретіп салу" әдістемесі.
Орындау ережесі: "Сеңдер күнделікті көптеген ер адамдарды көріп жүрсіңдер. Солардың сырт пішінін еске түсіріңдерші. Енді ер адамның суретін салындар".
Ер адамның суретін салғанда балалар осы кейіпкерді ойына түсіріп сол қиялын бейнелеу бойынша салады.
Багалау шкаласы.
Суретте адамның басы, мойны, денесі, аяқ-қолы салынған, басы мен денесінің пропорциясы сақталған, шашы, бет мүшелері толық көрсетілген, үстіне ер адамның киімі кигізілген болса, фигура біртүтас болып салынса — 1 балл деп бағаланады.
Басы, бет мүшелері, денесі, аяқ қолы салынған, бірақ шашы, мойны, қолының бір саусағы жетіспесе 2 балл.
Басы, денесі, аяқ-қолы салынған, ал шашы, мойны, қүлагы, киімі, саусақтары салынбаған болса — 3 балл.
Өте қарапайым, дене мен басты жобалаған сурет — 4 балл.
Денені анық көрсетпеген, бас пен қолдың белгісі бар суретке — 5 балл.
2. 2-ші тапсырма. "Әріптерді көшіріп салу" әдістемесі.
Тапсырманың үлгісі салынған парақ балаларға таратып беріледі. Оның бетінде алты әріптен түратын сөз жазылған. Балаға тапсырманы орындау тәртібі түсіндіріледі: "Мына парақта өріптер жазылған, оны дәл осывдай етіп көшіріп сал. Әріптерді толық салып болғанша қаламды парақтың бетінен алма".
Багалау шкаласы.
Көшіріп салынған әріптер үлгіге өте үқсас, әріптердің үлкендігі үлгіден екі еседен аспайды, бірінші әріп басқалардан үлкенірек болып салынған (бас әріптің белгісі тәрізді) және олар горизонталды сызық бойымен жазылғанға жақын болып түссе бүл жүмысқа — 1 балл қойылады.
Үлгі анық көшірілген, әріптер размері және горизонтадцық орналасуы нашар — 2 балл,
Көшіру барысында сөзді үш-төртке бөліп жазған, төрт өріпке дейін түсінуге болады — 3 балл.
Үлгіге ең болмаса екі әріп үқсаган, көшірме бір қатарга түсірілген деп айтуға болады ~ 4 балл.
Шимайлар — 5 балл.
3. 3-ші тапсырма. "Бір топ нүктелерді көшіріп салу" әдістемесі.
Балаға бір топ нүктелер (саны 20 дан аспауы керек) геометриялық фигураның пішініне ұқсатып салынған парақ беріліп, тапсырманы орындау шарты түсіндіріледі: "Мына параққа қара. Оның бетінде нүктелер салынған. Осындай суретті дәл қасына көшіріп сал".
Үлгіні дәл қайталаған, сурет кішірейтілген болуы мүмкін, бір нүкте қатардан кішкене шетке шыққан - 1 балл.
Нүктелер саны мен орналасуы үлгіге сай, екі-үш нүкте қатардан шығып кеткен — 2 балл.
Контуры үлгіге үқсас, бойы мен кеңдігі үлгіден екі есеге дейін үлкен, кеңістукте 180 градусқа дейін бұрылған - 3 балл.
Контуры үлгіге ұқсамаған бірақ фигура нүктелерден тұрады — 4 балл.
Шимайлар — 5 балл.
Барлық тапсырмалар орындалғаннан соң психолог парақтарды жинап алып оны бағалап шығады. Әр баланың үш тапсырмадан жинаған баллдарын бір-біріне қосып, жалпы суммасы шығарылады. Нәтижесіне қарай балалардың мектепке даярлығы өте төмен, төмен, орта, жақсы, жоғары деп бағаланады. Бұл тапеырмаларды орындау барысында балалардың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, үлгі бойынша тапсырманы орындай алатындығы, психикалық әрекеттерінің ырықтылығы сипатталады.
Баќылау с±раќтары:
1.«Ер адамның суретін салу» әдістемесі.
2.«Әріптерді көшіріп салу» әдістемесі.
3.« Бір топ нүктелерді көшіріп салу» әдістемесі.
Практикалық сабақ №5
Тақырыбы: Л.С.Выготскийдің "Жалпылап айт" әдістемесі
Жоспары:
1. Баланың ұғымдық қорының қалыптасу деңгейін анықтау жолдары.
Е.Е..Кравцовтың «Кім үлкен» әдістемесі.
2. Балалардың ойлау операциясының даму деңгейін анықтау жолдары.
Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді баланың ұғымдық қорының қалыптасу деңгейін анықтау жолдарымен таныстыру.
Практикалық сабақ мәтіні:
1. Л.С.Выготскийдің "Жалпылап айт" әдістемесі
Мақсаты: баланың ұғымдық қорының қалыптасу деңгейін анықтау.
Балаларға топтама сөздер оқылып, оларды бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды.
Мысалы: көйлек, тон, шалбар, етік, бөрік, күрте. Осы аталғандарды бір сөбен қалай айтуға болады?
Бала олар киім деген сөзбен белгіленетінін айтуға тиіс.
Тапсырмалар
Тәрелке, тостаған, қазан, шәйнек.
Қыл қалам, фламастер, қалам, рушке.
Алма, алмүрт, шие, шабдалы.
Етік, галош, туфли, мәсі.
Қауын, дарбыз, қияр, помидор.
Қайың, қарағай, тал, емен.
Үстел, керует, шкаф, кітап сөрелері.
Өрік, жүзім, алхор, анар.
Орамал, бөрік, тақия, малахай.
10. Әмір, Уалихан, Жәнібек, Үлан.
2. Е.Е.Кравцовтың "Кім үлкен" әдістемесі.
Мақсаты: балалардың ойлау операцияларының даму деңгейін анықтау.
Психолог балаларға ауызша тапсырмаларды оқып береді. Мысалы: қоян қасқырдан үлкен, қасқыр аюдан үлкен. Ең үлкені қандай аң болды? Қоян ба, аю ма? Салыстырмалы тапсырмаларда қисынсыздықтар жиі кездесетін сөйлемдер болуға тиіс. Оларды психолог алдын ала тауып немесе өзі жасап, жазып алады.
Тапсырмалар оқылғанда кездескен қисынсыздықтарды бала тауып, дұрыс салыстырма қандай болуы керек екенін айтып беруі керек. Қисынсыздықтарды түгел табылса, баланың ойлау олерациялары дұрыс қалыптасып келе жатыр, деп айтуға болады. Егер бала тапсырманы орындауға қиналса, онымен түзету-дамыту жүмысын жүргізу керек. Дамыту жаттығулары ретінде алдын-ала даярланған сөйлемдерді алып, оларды баламен бірге талдау керек. Салыстырмалы талдаудың ойлау процесін дамытуға тигізетін әсері өте үлкен. Сондықтан мұндай жаттығуды бірнеше рет қайталап орындату артық болмайды.
Баќылау с±раќтары:
1. Баланың ұғымдық қорының қалыптасу деңгейін анықтау жолдары.
2. Е.Е..Кравцовтың «Кім үлкен» әдістемесі.
3.. Балалардың ойлау операциясының даму деңгейін анықтау жолдары.
Практикалық сабақ №6
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету міндеттері.
Жоспары: 1. Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету міндеттері.
2. Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың таным процестерін зерттеу және түзету әдістемелері.
Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді бірінші сыныпқа қабылданған балалардың таным процестерін зерттеу әдістемелерімен таныстыру.
Практикалық сабақ мәтіні:
1. Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету міндеттері.
Мектепке қабылданған балалардың өмірі оларды балалық шақтан оқушы статусына үштастыратын өтпелі кезеңдігімен сипатталады. Балалар өміріндегі бұл шақ көптеген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай. Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жекелік психикалық қаситеттері жан-жақты дамып, қажетті әрекеттерге айналады. Сондықтан мектеп психологі баланың мектеп талаптарын орындауға, биологиялық кемелденуі, ақыл-ой дамуы, жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы, ерік сапаларының қалыптасуы және көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі ұстауы жағынан мағлұматтар алып оларды нормативтермен салыстырып зерттеуі қажет.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бала оқушыға айналады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды роль атқарады, Дегенмен бастауыш сынып оқушысының өмірінде оның танымдық әрекеті жетекші бола бастайды. Осы әрекеті мінез-қүлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін интеллектуалдық қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді. Әсіресе баланың мектеп өміріне енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді.
Балардың көпшілігі бұған отбасында немесе балабақшада арнайы психологиялық даярлықтан өтеді. Мектепке бала үлкен қуанышпен барады. Өйткені мектепті бала болашақ үлкендік өмірге даярлықтың бір сатысы ретінде қабылдайды. Баланың бұл ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы, сыныпта мінез-құлық ережелеріне, сыныптас жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларын, күн тәртібін, мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауға негіз болады. Бұл талаптарды бала орындамауға болмайтын қағида деп қабылдайды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршауына алып келуі мүмкін. Сондықтан психологтың алдында тұрған ең негізгі міндеті — балаларға мектеп талаптарын қабылдап алуға көмектесу.
Мектеп қойып отырған жаңа талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жібермей қатынасып, мұғалімнің сөзін жақсы тыңдап, сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген тапсырмаларды уақытында ережеге сай орындап отыруы қажет. Баланың бұл міндеттерін толық орныдауға негіз болатын тиісті дағдылары болмаса, ол әдеттен тыс шаршауы, сабақты жібсріп қоюы, үй тапсырмасын орындамауы сияқты режимді бұзу орын алуы мүмкін. Психологгың екінші міндеті — бірінші сыныпқа қабылданғандарды мектеп режиміне үйрету шараларын жүйелі түрде жүргізу.
Бірінші сынып оқушыларыньщ басым көбі бастан кешіретін қиындықтарының ішінде олардың мүғалімдермен және сыныптас жолдастарымен қарым-қатынас жасауы болып табылады. Психологиялық қызмет көрсету барысында баланың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қалыптастыру психологтің кслссі міндеті болып анықталады.
Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Бала үй тапсырмасын орындайтын орыны және уақыты болуы керек, ал ата-аналар өз тіршілігін оқушының күн тәртібімен санасып ұйымдастырады. Сондықтан, бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен көптеген режимдік жұмыстар, балаларға үй тапсырмасын орындату тәртібін үйрету, баланың жүмыс орнын үйымдастыру т.с.с. мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу - осы жас кезеңіндегі балалармен жүргізетін психолог жұмысының келесі міндеті.
Қазіргі кезде көптеген мектептер гамназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты балалардың интеллектуалдық қабілетін анықтау психологқа жүктеледі. Сондықтан бұл мәселе де психолог міндеттерінің бір саласы болып табылады.
2. Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың таным процестерін зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеудің көптеген ерекшкліктері бар. Бірінші және екінші сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу тестері олардың оқу және есеп шығару шеберлігі еңді қалыптасып келе жатқанын ескере отырып жасалған. Ал үшінші-төртінші сынып оқушылары сауаты ашылған,. олар көптеген жазба түрде берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындап шығуга мүмкіндіктері бар. Осы ерекшеліктерін ескере отырып бастапқы оқыту кезеңіндегі балаларды зерттеу барысында арнайы жасалған тестер қолданылады.
Мектепке қабылданған баланың оқу мазмұнын толық меңгеруге даярлығын анықтаудың маңызы өте үлкен. Психолог баланың даму деңгейін жан-жақты диагностикалау барысында осы қасиеттерді бағалаумен қатар олардың таным процестері дамып, оқытуға қажетті деңгейге жетуі мүмкін. Барлық диагностикалық тестерінің түзету-дамыту әсері өте мол болғандықтан оларды орындатудың өзі дамытулық әсерін тигізеді.
Мектепке енді қабылданған баланың әлеуметтік статусы өзгергені мен ол әлі ақыл-ой, интеллектуалдық даму жағынан мектепке даярлық тобындағы кезіндегідей. Сондықтан олардың таным процестерін зерттеуге мектепке қабылдау кезінде қолданылған әдістемелер модификациясы, немесе С.Д. Забрамная, Д.Б.Эльконин, А.Л.Венгер әдістемелері өте ыңғайлы болады. Сонымен қатар мектепке қабылданғандарды зерттеуге және олармен танысу үшін әңгімелесуге арнайы жасалған әдістемелер бар. Олар: "Қисынсыздықтар", "Мен қай жерде тұрамын?", "Менің көшем", "Менің достарым", "10 сөз", "10 сан", т.б. Бұл жерде осы әдістемелер көмегімен балалардың оқытуға даярлық деңгейін анықтау жолдары көрсетілген.
Баланың таным процестерін зерттеу әдістері
((Қисынсыздықтар" әдістемесі
Мақсаты: баланың еске сақтау қабілетін зерттеу, логикалық
ойлауының көрініс беруін, өзінің ойын грамматикалық жағынан дұрыс жеткізуін және өмірде кездесетін объектілерінің бір-бірімен ара қатыңасын түсінуін зерттеу.
Бұл әдістемені Ш.Е.Рысмаханбетованың "Қисынсыздықтар" суреті бойынша жүргізуге болады. Балаға сурет көрсетілгеннен
соң оған келесі нұсқау беріледі: "Мен келесі жұмысқа дайындалып болғанша сен мына суретті көріп отыр". Суретте жануарлардың қисынсыз жағдайда болған сәттері көрсетілген (мысық ағаш басында құс сияқты ұяда отыр, кит иттің үйінде, ақ қайыңда алма гүлі ашылған және алмүрт пен ананас пісіп түр, терезе алдындағы гүл, үйді қоршаған штакетник орындарынан адасып кеткен)
Бала суретті алып, оны қарап отырған кезде психолог өз жұмысымен айналысып, балаға 30 секунд уақыт береді. Шартты мерзім өткеннен соң психолог суретті алып қояды да баланың сурет бойынша айтқан әңгімесін тыңдайды.
Бала суреттегі барлық қисынсыздықтарды атап шығып, сонан соң олардың дұрыс орналасу ретін көрсетуі керек. (Қисынсыздықтар үлгісі 1 суретте берілген)
Бала үндемей отырса, психолог оған келесі сұрақтарды ретімен беріп, оны әңгімеге тартуы керек:
Саған сурет ұнады ма? Бала тек басын изеп жауап берсе
оған келесі сұрақтар койылады:
Бұл суретте саған не ұнады? Егер бала сурет фрагменттерін
ғана'атаса келесі сұрақ беріледі:
Суретте не салынған? Бала жауабының мазмұнына
байланысты қосымша келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:
Тағы не бар еді?
Сурет қызық па?
Күлкілі нәрсе салынғанған жерлері бар ма?
Өмірде осындай жағдайлар кездеседі ме?
Орындары ауысып кеткен суреттер бар ма?
Егер бала бірден жағдайды дұрыс түсініп, орындары ауысып кеткен жануарларды атап шықса, онда қосымша сұрақ қоюдың ешқандай қажеті жоқ.
Орындау уақыты 3 минут.
Багалау шкаласы:
9-10 балл - бала суреттегі 7 қисынсыздықты толық атап, қай жерде не нәрсе ақиқатқа сай келмейтіндігін қанағаттанарлықтай түсіндіргенде қойылады және зерттелініп жатқан қасиеттер өте жақсы дамығын деп бағаланады.
7-8 балл — бала суреттегі қисынсыздықтардың барлығын атап беріп, олардың ақиқатқа сай келмейтіндігін түсіндірсе, бірақ оларды айтып беруге қиналса қойылады. Бұл баға баланың еске сақтау қабілеті жақсы дамығанын, логикасы барлығын, дегенмен оның тіл байлығы немесе сөйлеу техникасы ошпа қалыптаспағанын көрсетеді. Баланың жалпы дамуы жақсы деп бағаланады.
5-6 балл — бала қисынсыздықтарды түгел байқаған, бірақ айтып беру барысында 4-5 қисынсыздықты толық көрсетіп, қалғандарын еске түсіруге және ақиқатта қандай болатынын түсіндіруге қиналса қойылады. Баланың жалпы дамуы орта деп бағаланады.
3-4 балл ~ бала қисынсыздықтардың 3-4 атап беріп, олардың дұрыс орны қандай екенін әңгімелеп беруге қиналып, қоршаған ортадағы жан-жануарлардың өмір сүру ерекшеліктерін толық түсінбейтіндігін көрсеткені. Бұл жағдайда баланың даму деңгейі төмен екені анық байқалып түр, сондықтан оның оқу мазмұнын алып кетуі қиын деп бағаланады.
1-2 балл - бала тек сүрақтар қойып жетелеу барасында қисынсыздықтарды еске түсіріп, олар туралы өте қысқа мағлұмат берсе, немесе басын изеп отырса, оның даму деңгейі өте төмен дсп бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |