пәні бойынша 5В011300 «Биология»


- жұмыс. Тамырдың анатомиялық құрылысы



бет55/72
Дата06.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#35087
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72
3- жұмыс. Тамырдың анатомиялық құрылысы.
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Герман құртқашашы (Jris germanica) немесе кәдімгі қырлы шөп (Poliygonatuv officinale) және кәдімгі асқабақтың(Cucurbita pepo) жас немесе нықтандырылған тамырлары.2. Осы аталған өсімдіктер тамырларының көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттары. 3. «Тамырдың құрылысы және өсуі» деген кинофильм. 4. Флороглюцин және тұз қышқылы, судан -3. 5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.


4-жұмыс. Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы.
Даяр препарат.Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысын тамырдың сору аймағынан қараймыз.
Ризодермадан төмен тірі паренхималық клеткалары бар қабықтың қалың қабатын байқаймыз. Оның сыртқы қабаты– экзодерма тығыз орналасқан көп бұрышты клеткалардан тұрады. Экзодерма клетка қабықшалары тозданады және қорғаныштық қызмет атқарады. Қабық паренхимасының орталық қабаты борпылдақ орналасқан ірі паренхималық клеткалардан тұрады. Қабық орталық цилиндрден бірқатарклеткалардан тұратын ішкі қабаты эндодерма арқылы бөлінеді. Эндодерма клеткаларының бүйірлік және ішкі қабықшалары қалыңдайды, тозданады, кейде сүректеніп те кетеді.
Орталық цилиндрдің сыртқы қабаты –бірқатар тірі паренхималық клеткалардан тұратын перицикл.
Орталық цилиндрдің орталық бөлігі радиальды өткізгіш шоқ алып жатыр. Шоқта ксилема радиус бойлап сәулеленіп орналасады да олардың қолтығында флоэма бөліктері жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет