Гигрофобты өсімдіктер - гигрофобные растения. Ылғалды көп керек етпейтін, сондықтан ылғалы мол жерден қашық өсетін өсімдіктер.
Гидатодтар - гидатоды. Өсіәмдіктердің су тамшыларын (гутация) бөліп шығаруға бейімделген устьицалары. ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктерде көп кездеседі.
Гидатофиттер - гидатофиты. Түгел немесе жартылай суға батып өсетін өсімдіктер.
Гидрокриптофиттер - гидрокриптофиты. Бүртіктері суда болатын өсімдіктер.
Гидромезофиттер - гидромезофиты. Гигрофиттер мен мезофиттер аралығында орын алатын өсімдіктер.
Гидроморфизм- гидроморфизм. Гидрофиттердің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері: ауа сақтағыш клетка аралықтарының мықты дамуы, қалқып өсетін жапырақтарда устьицалардың көптігі, борпылдақ және бағана тәріздес тканьдердің нашар бедерленуі, тамыр жүйелерінің механикалық ткандерінің нашар дамуы, кейде жапырақтардың әртүрлілігі.
Гидроморфоздар - гидроморфозы. Суда тіршілік етуіне байланысты өсімдік пішіндерінің өзгеруі.
Гидрофиттер - гидрофиты. Тіршлігін ұдайы суда өткізетін су өсімдіктері.