8- тақырып. Механикалық ұлпалар Сабаққа қажетті объектілер мен құрал- жабдықтар: 1. Асқабақтың (Cucurbita pepo) немесе қиярдың ( Cucumis sativus) сабағы, бегония( Begonia rex) жапырағының сабағы. 2. Осы аталған өсңмдіктердің тірі даналары немесе нықтандырылған сабағы, жапырағы және жемісі. 3. Зығыр немесе кендір сабағының көлденеңінен және ұзын бойғы кесіндісінен жасалған дайын препараттар. 4. Хлор- цинк- йод, спиртке ертілген фолроглюцин, тұз қышқылы, суға ерітілген күкірт қышқылы анилин. 5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 6. Кестелер.
Тапсырма: 1. Бегоня немесе қызылша жапырақтары сағағының көлденең кесіндісінен препарат дайындап, бұрышты коленхиманы зерттеу.
2. Зығыр немесе кендір сағағының дайын препаратының көлденең және ұзын бойғы кесіндісінен жасалған дайын препараттан скеренхима талшықтарын көру.
3. Шала піскен алмұрттың жұмсағынан препарат дайындап, қиыршық клеткалар немесе склереиданы табу.
4. Дайындаған препараттардан колленхима, склеренхима және склереида клеткаларының құрылысын зерттеу.
5. Зерттелеген механикалық ұлпалардың 2-3 клеткасының суреттерін салып, белгілерін көрсету.