1- жұмыс. Колленхима. Колленхиманың клетка қабықшаларының қалындауы барлық өсімдік мүшелерінде бірдей болмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда колленхима клеткалары үш түрлі болады. Олар: бұрышты колленхима, тақталы колленхима және бұрышты-тақталы колленхима. Бұрышты колленхиманың құрылысына сәйкес изодиаметрлі көп қырлы келеді де, олардың бұрыштары қалыңдап, бұрыштарының екі арасындағы жазық беттері қалындамай (таза клетчатка күйінде) қала береді.
2-жұмыс. Склеренхима. Склеренхима клеткаларының дайын препараттарының түзілісімен танысып, оны зерттеу үшін зығыр немесе кендір өсімдігі сабағының көлденеңінен және ұзынынан кесілген тілімдерінен екі түрлі препарат жасалады. Олардың екеуінде флороглюцинмен, тұз қышқылымен немесе күкірт қышқылды анилиннің ерітіндісімен бояймыз. Сонда склеренхима клеткаларының сүректеніп өзгерген қабықшалары күкірт қышқылды анилин әсерінен сарғайып ( флороглюцин мен тұз қышқылының әсерінен ) қызыл күрең түске боялады. Егер препаратты хлор-цинк-йод ерітіндісімен бояса, клетка қабықшасы сарғаяды да, оның ішіндегі крахмал дәндері көк түске енеді.