10-тақырып.Өткізгіш шоқтар Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Жүгерінің (Zea mays) жас сабағы, плаунның ( Lycopodium hioppuris ), сүйелшөптің (Chelidonium majus ) тамырсабақтары. 2. Осы аталған өсімдіктердің дайын препараттары. 3. Реактивтер: глицерин, хлор-цинк–йод, флороглюцинерітіндісі, тұз қышқылы, суға ерңтңлген анилин немесе метал көгі, суға ерітілген абсолюттік спирт. 4.Микроскоп және онымен жұмыс жасау үшін қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар. 5. Кестелер.
Тапсырма: 1. Қырлы шөп (кунена), жүгерінің қара бидай сабақтарының бойлық және көлденең кесінділерінен тұйық коллатеральды шоқты, беде, күнбағыс сабағынан ашық коллатеральды шоқты қарау.
2. Асқабақ сабағының көлденең кесіндісінен биколлатеральды шоқты көру.
3. Плаун сабағы, жыланқияқ тамыр сабағының көлденең кесіндісінен сәулелі (радиальды) шоқты қарау.
4. Інжугүл және аталық папоротник тамыр сабақтарының көлденең кесінділерінен шеңберлі (концентрлі) шоқты қарау.
5. Жоғарыда көрген шоқтардағы өткізгіш ұлпа элементтерінің орналасу ретін анықтау.