Ксерофиттер - ксерофиты. Құрғақшылық аймақтарға бейімделген өсімдіктер. П.А. Генкельдің ұйғаруы бойынша ксерофиттер мынандай топтарға бөлінеді: суккуленттер, эвксерофиттер, гемиксерофиттер.
Қоректендіруші ұлпалар - питающие ткани.Өсімдіктердің қалыптағыдай сумен, минералдық заттармен және ауа арқылы қоректенуін жүзеге асыратын ұлпалар. Қоректендіруші ұлпалар сіңіргіш, өткізгіш және ассимиляциялық қор жинағыш болып бөлінеді.
Қоректік заттар - питательные вещества. Құрамында өсімдіктерге қажетті қоректік элементтері бар қосындылары.
Қоршау - обкладка. Жапырақтың өткізгіш шоқтарына айнала орналасқан клетка қабаттары. Паренхималық немесе склеренхималық бөлектерден құралуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |