Пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)


-тақырып. ХІІ –ХV ғасырлардағы Индия және Шри Ланка



бет11/14
Дата28.08.2024
өлшемі272,5 Kb.
#203754
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
177166 (1)

8-тақырып. ХІІ –ХV ғасырлардағы Индия және Шри Ланка
Солтүстік Индияда мұсылман билеушілерінің саяси ықпалының артуы. Дели сұлтанатының құрылуы мен дамуы (1206-1526 жж.). Дели сұлтанатын билеген династиялар (гулямдар, тұғлықтар, хилджалар, лодилер). Дели сұлтанатының ішкі-сыртқы саясаты.
ХІІ-ХУ ғғ. Шри Ланканың саяси дамуы. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Аграрлық жүйесі. Феодалдық жер қатынастары.
9-тақырып. Х-ХV ғғ. Иран, Түркия, Ирак, Сирия, Египет, Орта Азия және Закавказье
Аббасидтер халифаты құрамындағы Иранның саяси жағдайы. Ирандағы Буилар мемлекеті (935-1055). Ирандағы исмаилиттер мемлекеті (1090-1258). Шығыс Иранның Газневидтер мемлекетіне бағынуы. Махмут Газневидің ішкі-сыртқы саясаты. Иран Ұлы Селжұқ мемлекетінің құрамында. Ирандағы селжұқ иеліктері. Иранға хорезмшахтардың билігінін орнауы. Х-ХІІ ғғ. Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Мәдениеті. ХІІІ ғ. ортасындағы Иран.
Кіші Азияға селжұқтардың енуі және селжұқ биліктерінің құрылуы. Селжұқ-Византия қарым-қатынасы. Кіші Азияға моңғолдардың шапқыншылығы. Осман мемлекетінің құрылуы және оның ХІV-ХV ғғ. саяси дамуы. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Кіші Азияға Ақсақ Темірдің шапқыншылығы. Османдардың Балкандағы жаулашылық соғыстары. Константинопольдің құлауы.
Ирак аббасидтер тұсында. Иракты моңғолдардың жаулауы. Сирия мен Египет фатимидтер халифатының құрамында. Сирия крест жорықтары тұсында. Фатимидтер тұсындағы Сирия мен Египеттің экономикалық жағдайы.
Хорезмшахтар мемлекеті. Моңғолдардың Орта Азияны жаулауы. Шағатай ұлысы.
ХІ-ХV гғ. Арменияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайы. ХІ-ХV ғг.
10-тақырып. VIII-ХV ғғ. Троникалық Африка
Орта орта ғасырлардағы Африка аймақтарының ортақ белгілері мен ерекшсліктері. Мәдени-шаруашылық даму деңгейлері. ХІІ-ХV ғғ. Гана, Мали, Сонгаи мемлекеттері. Хауса қала-мемлекеттері. Иорубтардың қала мәдениеті.
11-тақырып. ХVІ-ХVIII ғғ. Қытай. ХVІ-ХVІІ ғғ. Моңғолия
ХVІ-ХVІІ ғғ. басындағы Қытайда өндіргіш күштердің өсуі және қоғамдық еңбек бөлінісі. Феодалдық жер меншігінің күшеюі. Шаруалардың әлеуметтік жағдайы. Капиталистік қатынастардың пайда бола бастауы. Мануфактураның пайда болуы. ХVІ-ХVІІ ғғ. басындағы халық көтерілістері. Саяси күрестің өршуі. Мин империясының сыртқы саясаты. XVII ғ. алғашқы жартысындағы шаруалар соғыстары (1628-1638, 1639-1644).
ХVІ-ХVІІ гғ. Моңғолияның саяси, әлеуметтік-экономикалық құрылысы. Феодалдық бытыраңқылық. Моңғолияға ламаизмнің енуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет