Пәнді оқытудың мақсаты – Студенттерге қазіргі заманғы жасушалық және ұлпалық биотехнологияның ең перспективалы даму бағыттары туралы түсінік беру, оның дамуының молекулалық биология, жасушалық және молекулалық биофизика, биохимия, молекулалық генетика, микробиология, молекулалық иммунология және биоинформатика саласындағы жетістіктермен өзара байланысын көрсету.
Пәнді оқытудың міндеттері – жасушалар мен ұлпалардың дақылы, дақылға енгізу және өсімдіктердің оқшауланған ұлпаларын өсіру техникасы, каллус ұлпаларының дақылы туралы түсінік қалыптастыру, гормонға тәуелді емес өсімдік ұлпалары, жасушалық суспензия дақылы, жеке жасушалар дақылы, каллус ұлпаларындағы морфогенез, өсімдіктерді клональді микрокөбейту, өсімдіктер селекциясындағы оқшауланған жасушалар мен ұлпалардың дақылымен жұмыс жасай алуды үйрету.
Құзіреттіліктер:
A. өсімдіктанудағы жасушалық және ұлпалық биотехнологияның заманауи бағыттарын, технологияларын біледі;
B. алынған теориялық білімді практикалық қызметте қолдана біледі;
C. өсімдіктерді культивирлеуге арналған қоректің ортаның құрамын дайындай алады;
D. биотехнологиялық зертханаларда зертханалық жұмыстар жүргізуге, ламинар бокста жұмыс жасауға дағдысы қалыптасады
E. технологиялық операцияларды ұйымдастырып, жоспарлай және негіздей біледі
Күтілетін нәтижелер:
Біледі:
Өсімдіктердің клеткалық инженериясының негізгі түсініктері мен анықтамаларын;
Жасушалар мен ұлпалардың культураларының сипаттамаларын;
Өсімдіктердің оқушауланған ұлпаларын өсіру техникасын;
Түсінеді:
Өсімдіктердің жаңа формаларын алуда қолданылатын биотехнологиядағы негізгі әдістерді;
Өсімдіктердің жасушалық культураларының тотипотенттілікке қабілеттілігі;
Қолданады:
Өсімдік жасушаларын in vitro жағдайында культивирлеу;
Протопласт пен жасушадан тұтас өсімдікті регенерациялау;
Достарыңызбен бөлісу: |