< типі> < идентификаторлар тізімі>
Мысалы:
int x,y ; /*- айнымалылар типі бүтін*/
сhar a,b ; /*- символдық айнымалылар типі */
float num, count /*- бөлшек (нақты) сандар -жылжымалы үтірлі типті айнымалылар*/
Типтерді түрлендіру. Деректер типтерінің жадтағы орын мөлшері және олардың диапазондары №2 кестеде келтірілген.
№ 2 кесте
Бүтін сандар
|
Бөлшек сандар
|
Пішім
|
Бит
|
Мәндер диапазоны
(аралығы)
|
Пішім
|
Бит
|
Мәндер диапазоны
(аралығы)
|
Int
|
16
|
-32768… 32767
|
float
|
32
|
3,4E-38…3,4E+38
|
Short int
|
16
|
-32768… 32767
|
double
|
64
|
1,7E-308…1,7E+308
|
Unsigned int
|
16
|
0…65535
|
Long double
|
8
|
3,4E-4932…3,4E+4932
|
Signed int
Short int
|
16
|
-32768… 32767
|
Символдар
|
Long int
|
32
|
-2147483648…
2147483647
|
Unsigned char
|
8
|
0…265
|
Unsigned long int
|
32
|
0…429496729
|
char
|
8
|
-128 … 127
|
Тұрақтылар. Тақырыптық файлында 21 стандарттық MAXINT,MAXLONG және тағы да басқа тұрақтылар тізімі келтірілген. Тақырыптар файлындағы математикалық тұрақтылар аттары және мәндері № 4 кестеде көрсетілген. Тұрақты RAND_MAX мәні 32767 файлында. файлында тағыда 15 тұрақты тізімі бар. CHAR_BIT=8 бастап ULONG_MAX=4294967295 ға дейін.
№ 4 кесте
Тұрақтылар
|
Мат.симв.
|
Тұрақтылар
|
Мат.симв.
|
M_E
|
e
|
M_LN2
|
Ln2
|
M_LOG2E
|
Log2e
|
M_PI
|
|
M_LOG10E
|
Ln10
|
M_2_PI_4
|
/4
|
M_LOG10
|
Log10e
|
M_2_PI
|
2/
|
M_PI2
|
/2
|
M_2_SQRTPI
|
/2
|
M_1_PI
|
1/
|
M_SQRT_2
|
|
M_1_SQRTPI
|
|
|
|
Типтелген тұрақтылар const модификаторымен беріледі. Оны хабарлау түрі:
сonst <тип> u1=<1-өрнек>, u2=<2-өрнек >,…, un=. <тип> сөзін жазбауға да болады, онда үндемей келісім бойынша тұрақтының типі int болады, ал < i-өрнектерде> арифметикалық операциялар, қатнастар, логикалық қатнастар және тілдің стандарттық функцияларын қол дануға болады.Тұрақтылардың хабарлағанда (сипаттағанда) оларға бастапқы мәндер тағайндауға (инициалдауға ) болады:
<тип >v1= <1-өрнек>, v2=<2-өрнек >,…, vn=.
Атаулы (именованные) тұрақтылар деп берілген берілген лексемдердің (идентификаторларды-символдар тіркесін) жаңа символдық атын анықтауды айтады, оны атаулы тұрақтылар деп те атайды. Анықтау пішімі: #define <атау-идентификатор> <алмаст.текст-лексем>
Міне осы жерден бастап <идентификатор> тұрақтысын <текст> мәнімен алмастырылады (ол “ ” тырнақша алынған мәтінде немесе басқа мәтіннің бөлігі болмауы керек). <идентификатор> кәдімгі айнымалының атаулары, олар әріптер мен цифрлар тізбегі, ал <текст> - кезкелген символдар тізбегі,оның сан болуы да мүмкін. Атаулы тұрақтылардың типі анықталмаған-типтелмеген болады.
Мысалы, #define E 2.7182 директивасы программадағы барлық E атауын 2.7182 санымен алмастырады. Кезкелген хабарланатын нысанның ерекше қасиеттерін көрсетуге арналған квалификаторлар типтері: const, volatile. Егер нысанның мәні келешекте өзгермейтінін тиянақтау үшін сonst-тұрақты, ал оның мәні тұрақты болмаса volatile - өзгермелі квалификаторларынын қолдануға болады
сonst double e=2.718281;
сonst char msg[ ] ='' Error'' ;
Дәріс №3 Өрнек және приоритет. Унарлы, бинарлы өрнектер. Логикалық операторлық өрнектер. Меншіктеу өрнегі. Математикалық функциялар. Операциялар және өрнектер.
Си тілінде көптеген операциялар бар (40 тан аса). Бұлардың ішіндегі негізгісі арифметикалық, логикалық және биттік операцияларды қарастырамыз.
1. Арифметикалық операциялар. Арифметикалық унарлық, мультипликативтік, аддитивтік операциялар: (+ ) бинарлық қосу a+b ; ( -) бина ралық азайту a-b ; (*) көбейту a*b ; ( / ) бөлу a/b; (%) бүтін бөлудің қалдығы a%b ; (–) унарлық минус –a, 1-ге артыру ++(increment ), 1-ге азайту --(decrement). Унарлық минус операцияның нәтижесі кері таңбамен алынған өзінің операнды болады. Си тілінде мынадай ереже қабылданған: егер бөлінгіш және бөлгіш бүтін типті (int) болса, онда бүтін бөлу қолданылады,яғни нәтиженің бөлшек бөлігі ескерілмейді ,тастап кетеміз, мысалы, int a=14 ,b =5, c,s; c=a/b; s=a % b болса, нәтиже с=2, s=4 , ал c=b/a; s=b%c операция нәтижесі c=0, s=5 болады. Операторлар басымдылығы: унарлық минус(-), мультипликативтік көбейту (*), бөлу(/) және қалдықты анықтау (%) операциялары солдан оңға қарай ретімен , содан кейін аддитивтік қосу (+) және азайту (-) операциялары ретімен орындалады. Мысалы, (a/b)*b+a%b=a, себебі , мұнда, санның бүтін (бүтін бөлу), бөлшек (қалдық) бөлігі.
2. Инкремент және декремент операциялары. Си тілінде айнымалының мәнін 1-ге арттыратын немесе 1-ге кемітетін арнайы операциялар бар. Бірге арттыру ( инкремент: i++ немесе ++i ) және бірге кеміту (декремент: i-- немесе --i) операциялары, қосу және азайту операцияларының дербес түрлері. Инкремент (++) арттыру операциясы: i++ және i=i+1 барабар операциялар. Декремент (- -) кеміту операциясы: і - - және i = i-1 барабар операциялар. “++” және “--” символдары айны малылар идентификаторлар алдында (префикс) да одан кейін ( постфикс ) де тұруы мүмкін. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |