MS-DOS-та мәтіндік режімде экранды басқару. Экранды басқару функцияларының дестесі (пакеті) компьютер мүмкіншілігіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1-сі мәтіндік режімде (text mode), 2-сі графикалық режімде (grafics mode). Тақырыптық файлы CONIO.H мәтіндік экранмен жұмыс және тақырыптық файлы GRAPHICS.H болатын графикалық экранмен жұмыс функциялар кітапханасы С/C++ тілінің стандартына енбейді. Бұлар MS DOS ОЖ IBM PS архитектурасын және BGI (Borland Graphics Interface) ерекшеліктерін пайдаланады. Программа нәтижесі немесе оның беретін хабары шығатын экранның тік бұрышты облысы-терезе (window). Borland C++ терезе өлшемін және оның экрандағы орнын анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан кейін барлық координаталар осы белсенді тереземен байланысты болады. Терезе-программаның мәлімет беруге пайдаланатын экранның тікбұрышты облысы.
Мәтіндік экранда жоғарғы сол жақ бұрыш координаты (1,1). Өлшемі беріл ген және орны анықталған терезе құру функциясы:
Window(int left, int top, int right, int botton);
Егер координаталар бірі дұрыс берілмесе, ешқандай әрекет жасалмайды window( ) функциясындағы координаталар (left- солжақ, top- жоғарғы, right- оңжақ, bottom- төменгі)- абсолют координаталар, яғни барлық экранға қарағанда. Сондықтан жаңа құрылған терезелер бірін бірі жабып қалуы мүмкін. Тақырыптық файл <conio.h>. Текстік экранда жиі қолданылатын функциялар:
clrscr( )-белсенді терезе (түгел экранды емес) тазартылады, курсор терезенің солжақ жоғарғы бұрышында;
Достарыңызбен бөлісу: |