Дәріс №8. Циклдар
Программада бір немесе бірнеше операторлар тобын кейбір шарттың ( немесе шарттардың) орындалуына байланысты қайталау керек болған жағдайларда цикл түзілімі пайдаланылады. Си тілінде цикл операторларының үш түрі бар: санағышы бар (параметрлі) -for, алдыңғы шартты- while , соңғы шартты do-while.
8.1. Параметрлі цикл операторы. Параметрлі for циклінің негізгі түзілімі:
for(<инициализация>;<шартты тексеру>;<өзгерту>) <оператор>;
ал, жалпы түрде :
for (<1-өрнек>; <2-өрнек>; <3-өрнек>) <оператор>;
Түзілімі қайталынатын есептеу үрдісін ұйымдастырады және параметрлі цикл операторы деп аталады. Мұнда <инициализация>- <1-өрнек> цикл параметріне (басқарушы айнымалыға) бастапқы мән тағайындайды -меншіктейді ; <шартты тексеру>- <2-өрнек> шартты өрнек цикл денесін орындауды қайталауды (немесе циклды аяқтауды) анықтайды, оның мәні циклдың әрбір қадамы орындалар алдында тексеріледі;
Достарыңызбен бөлісу: |