Пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Дәріс №13. Функция ұғымы. Функцияны хабарлау және анықтау. Return операторы



бет46/111
Дата11.09.2020
өлшемі1,21 Mb.
#77805
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111
Байланысты:
UMK Ci tilinde programmalau (1)

Дәріс №13. Функция ұғымы. Функцияны хабарлау және анықтау. Return операторы.
Программада кейбір операциялар жиынтығын ондағы бастапқы деректерді өзгертіп бірнеше рет орындау керек болған жағдайда өз алдына ішкі программа деп аталатын программалық модуль қалыптастырады. Си тілінде ішкі программаның тек бір ғана түрі бар, ол - функция.

Си программа атауы және кеңейтілуі: <атауы>.CPP болатын текстік файл тізбегі. Си тілінде программалау қағидасы (принципі) функция ұғымына негізделген. Си тіліндегі программа біртіндеп сипатталатын бірінен кейін бірі орындалатын функциялар жиынтығы. Мұнда процедура және ішкі программа функцияның дербес жағдайы және әрбір функция белгілі бір есепті немесе оның бір бөлігін шешетін өз алдына программалық бірлік. Сонда, функция белгілі бір есепті шешуге арналған программаның дербес бірлігі. Си тіліндегі функция басқа тілдердегі ішкі программа неме се процедура рөлін атқарады. Ішкі программа анықтамасы бойынша фун кция жұмысының нәтижесінде оның атауымен байланысты кейбір мән қалыптастырады. Сондықтан функцияны анықтағанда оның атының алдындағы типіне нұсқағыш қойылады. Кейде функция қисыны (логикасы) бойынша оның атымен байланысты мән қалыптастыруды талап етпейді Бұл жағдайда типке нұсқауыш ретінде қызыметші void сөз пайдаланылады. Программада пайдаланатын функциялар хабарлануы және анықталуы керек. Егер пайдалану туралы программа басында хабарланса, онда барлық басқа функциялар, оның ішінде бас функция main()-да, осы функцияға қатынауына болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет